Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылға дейінгі елдің территориялық-кеңістік дамуының болжам схемасында қарастырылған урбанизация процесі өсімнің бірдей болмауына әсер етеді. Негізінде, ауылдарға қарағанда қалаларда адам саны артып жатыр. Қаладағы тұрғындар 10,43 млн адамға (1,7%), ал ауылда 7,73 млн адамға 0,8% көбейді.

Ал, бүкіл ел бойынша 2017 жылы қалада тұратын халық көлемі 57,4%, ауылдықтар 42,6% болды.

Осы жылдың көктеміне қарай халық саны 38,8 мың адамға (0,2%) артып, 1 наурызда Қазақстанда халық саны 18,2 млн-ға жетті.

Осы жылдың алғашқы екі айында қала халқы 25,9 мың адамға (0,2%) артып, 10,45 млн-ға жетті. Сонымен қатар, ҚР бойынша 16 өңірдің 12-сінде қалалық тұрғындардың саны көбейді.

Тұрғын саны көбею жағынан Алматы 9,7 мың (0,5%) адамға артып, 1,81 млн адамға жетіп, көш бастап тұр. Ал екінші орын халқы 6,8 мың адамға (0,7%) көбейіп, 1,39 млн адаммен Астанаға бұйырды. Үздік үштікті ОҚО толтырады. Онда халық саны 4,7 мың (0,4%) адамға артып, 1,35 млн-ға жетті.

pavlodarnews.kz

Тэги: