"Күнде барынша жаттығамын. Жұдырықтасқым келеді. Томға күнде айтатыным: "Өтінемін, мен жай ғана жұдырықтасқым келеді. Маған жекпе-жек керек. Бокс үшін сұмдық жағдай", - деп келтіреді Головкиннің сөзін ESPN.

Еске салайық, допингпен ұсталған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жұдырықтасудан ресми түрде бас тартқанына қарамастан, Головкин 5 мамарыда жекпе-жек өткізбек еді. Алайда ол күнге қарсылас әлі табылған жоқ. Жекпе-жек кейінге қалдырылуы мүмкін екені жайында ақпарат тараған да болатын.

Қазақстандық боксшыға қазір ирландиялық Гэри О’Салливан жақсы қарсылас болып тұр, алайда, бүгін оның да жекпе-жектен бас тартқаны хабарланды, деп жазады tengrinews.kz.

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт