Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.

Балтық өзенінің жағалауында Ресей, Белорусь, Хорватия, Эстония, Латвия және Қазақстан елдері атынан мыңдаған жас спортшылар жиналды. № 37 жалпы білім беру мектебінің 2 сынып оқушысы Садық Әмірге Қазақстан елін таныту мәртебесі тиді.

Сайыс қорытындысы бойынша Әмір 46 кг салмақ дәрежесінде І орынды иеленді. Жас чемпионды сайысқа «TIME» балалар мен жасөспірімдер бос уақытын қамту орталығының жаттықтырушысы Армия Мұрагер дайындаған болатын.

Әмір аталған спорт түрімен 2017 жылдан бері шұғылданады. Сыныптың ең үздік оқушыларының бірі болып табылады, спорттан басқа ол кітап оқу және сурет салумен айналысады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Білім, спорт