Бұл туралы Ертіс ауданының білім бөлімі хабарлады.

Кабинетті аудан әкімі Серік Батырғожинов және «100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы Алексей Лодочников салтанатты түрде ашты. №2 Ертіс орта мектебінің оқушысы Ақтас Айдана кабинеттің ашылуына арнайы жазған өз туындысын оқып берді.
- Кабинет тарих, география, өлкетану сабақтарын, танымдық іс-шаралар, сынып сағаттарын, оқыту семинарларын, тренингтер өткізуге арналады. Кабинетте Павлодар облысының киелі жерлері орналасқан карта, Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалар портреттері, қазақ тілі әліпбиінің тарихы, «100 жаңа есім», QR-кодты 100 кітап стендтері орын алды, - дейді бөлім мамандары.

Іс-шара дөңгелек үстел форматында жалғасын тауып, құрметті қонақтар өз тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Алексей Лодочников жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, жеткен жеңістері мен жетістіктері туралы сөз қозғады.

«Рухани жаңғыру» жобалық офисінің мүшесі Ырысты Нәжімиденқызы «Тәрбие және білім» бағыты бойынша өтетін шаралар туралы хабардар етті.
Іс- шара соңында Алексей «Өзім жайлы» және «Бұлбұл» әндерін орындады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ауданы, рухани