Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы мен мүшелері, «Замандас» ардагерлер клубы, «Ұлт тағдыры» қозғалысы, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының мүшелері қатысты.

- Кездесу барысында Елбасының үштілділікті дамыту, латын графикасына кезең-кезеңімен көшу мәселесіне және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және жаңғырту бойынша мәселелер талқыланды. Қатысушылар арнайы тіл орталықтарының жұмысын ілгері дамыту, жұмыс тобы өңірлерге шыққан кезде, қала, аудандардағы тіл мамандарымен, мемлекеттік қызметшілермен диктант өткізу, қазақ тілді сыныптарды арттыру мақсатында ата-аналармен жиналыстар өткізу сияқты ұсыныстар айтты – дейді басқарма мамандары.

Шара соңында мемлекеттік тіл саясаты және Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы төңірегінде айтылған басым бағыттардың жүзеге асырылуына барлық күш-жігерлерін салу қажеттігіне шақырған ұйым мүшелері өз тілектерін білдірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: