Табиғи ескерткіш аумағында жасыл елдіктер екінші рет сенбілік өткізуде. Өткен жолы олар екі жүк көлігін қоқыс жәшіктерімен толтырған.

Дегенмен, тарихи орынды толық тазарту мүмкін болмады. Бүгін студенттер №36 экологиялық бағыттағы мектеп оқушыларымен басталған жұмысты соңына дейін жеткізуге ниет білдіріп отыр.

- Біздің студенттер тарихи ескерткіш ауласына қоқыс тастауға болмайтынын айтып, өздерінің кәсібилігін көрсетеді, - дейді «Жасыл ел» штабының командирі Рахат Қаппасов. - Бүгін біз жоғарғы жақты тазартамыз. Судың беті қайтқан соң төменгі бөлікті де қамтитын боламыз.

«Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіші маңында иттерді қыдыртудың салдарынан пайда болған нәжістер де аз емес.

- Бізде үй жануарларын серуенге шығарудың өзіндік ережелері бар. Оларды бұзуға болмайды. Әр адам қыдыртқан итінен ештеңе қалдырмай жинайтын болса, бәрі жақсы болар еді. Біз оларға біреудің итінен қалғанды жина демейміз, өз үй жануарларына ие болса екен. Бұл тарихи орын ғой, - деп ойын білдірді Рахат Қаппасов.

Айта кетейік, сенбілік марафон аясында Усолка өзені пен Гагарин саябағын тазарту жоспарда бар.

«Жасыл елге» «Спецмашин» ЖШС қызметкерлері де қосылды. Олар сарбаздарды күрек, қолғап пен қажетті техникалармен қамтамасыз етеді.

Думан Асқарбек
Фото: Маргарита Чудакова

pavlodarnews.kz

Тэги: Жасыл ел, экология, қоғам