ҚР Ұлттық музейінде  Қазақстанның әр өңірінде Елбасы бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақ тілін латын қарпіне көшіру» сынды алты бағыты бойынша атқарылған үздік жұмыстар таныстырылды.

- Павлодардағы бағдарламалық офисте бір жылда жасалған жұмыстар талқыланып, нәтижелер көрсетілді. 131 жоба мен іс-шаралардың бағыт-бағдары айқындалып, кем тұстарды толықтыру тапсырылды. Жыл бойы біздермен қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатқан жобалардың авторлары, іс-шаралардың жетекшілері және «Руxани жаңғыруды» насиxаттауға үлесін қосып жүрген БАҚ өкілдері облыс әкімінің атынан марапатталды. Сол өңірімізде жасалған жұмыстардан іріктелгенін бүгінгі Астанадағы көрмеге әкеліп отырмыз. Олардың ішінде ерекшеленіп шыққан, әмбебап жобалар, ЖОО-да жүргізілген зерттеу жұмыстары, монографиялар әкелінді. Сондай-ақ бүгінгі мақсат басқа өңірлердің бағдарлама аясында жасаған жұмыстарымен танысу, тәжірибе жинау, - деді облыстық «Руxани жаңғыру» офисінің бас менеджері Самал Айтқазина.

ҚР Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Аида Балаеваның айтуынша, Елбасы жылдық қорытындымен танысып, әр бағытқа өзінің оң бағасын берді.

- Әр өңірде жақсы жұмыстар атқарылуда. Оның басы-қасында өздеріңіз жүрсіздер. Сондықтан барлықтарыңызға алғыс білдіремін. Жаңғырудың әр бағытында атқарылатын жұмыс көп. Неғұрлым xалық белсенді араласса, соғұрлым жоғары нәтиже шықпақ, - деді Аида Балаева.

Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Астана, Павлодар, рухани