Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тек республиканың шығыс және оңтүстік бөліктерінің атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, желдің күшеюі, тұман түсіп, бұршақ жауы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіліп, бұршақ жауы мүмкін, кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіліп, бұршақ жаууы мүмкін, шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау түнде және таңертен Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: