50 жылдығын атап өтіп жатқан хром, кремний және марганец қорытпаларын шығарушы металлургиялық зауыт Қазақстанда өндірілетін ферроқорытпанының 60% -ын бір өзі шығарады.

Ферроқорытпалардың мерейтойлық тоннасын қорытудың құрметті миссиясы екінші балқыту цехының 21-пеш бригадасына сеніп тапсырылған. Ақсу ферроқорытпа зауытынан ең бірінші металл ферросилиций осы пеште алынған болатын. Ферроқорытпалардың миллиондық тоннасын шығаруға алты жылдан астам уақыт қажет болған екен. Қазіргі таңда кәсіпорын жылына бір тоннадан астам қорытпа шығарады. Зауыт өнімінің басым бөлігі шетелдік тұтынушыларға жіберіледі, бұл өнім Жапонияда, Кореяда, Қытайда, Еуропада, сондай-ақ АҚШ-та және Ресейде сұранысқа ие.

– Еуразиялық Топтың инвестиялық саясатының арқасында Ақсу ферроқорытпа зауытының әлемдік нарықтағы көшбасшылығын сақтап қалуға мүмкіндік берер тиімді өндірісті жаңғырту жұмысы тұрақты түрде іске асырылып келеді. Дөң тау-кен байыту комбинатының қомақты кен қоры бізді шикізатпен ұзақ жылдар бойы үздіксіз қамтамасыз ете алады. Ең бастысы – біздің жұмыскерлеріміз – кез келген өндірістік мәселелерді шеше білетін жоғарғы білікті мамандар, - дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев.

– Алғаш металды өндіргеніміз әлі есімде. Барлығы «Алақай!» деп айқайлап, қуаныштарымен бөлісіп жатты. Зауытты бүкір Одақ болып тұрғыздық, бізге еліміздің барлық ферроқорытпа зауытынан ең мықты деген мамандар келді. Олар пешті бірінен кейін бірін өндіріске енгізіп жатты, -деп еске алды салтанатты рәсіміне қатысқан зауыт ардагері, 1977 жылы «Еңбектік Қызыл Ту» Орденімен марапатталған Владимир Шушуев.

Саналы ғұмырының 30 жылын осы зауытта өткізіп, ерекше еңбек сіңірген Мымбай Тулев, Валентин Киреев және Қадырбай Бакраденов сынды ардагерлер де шараға арнайы шақырылған.

Салтанатты шара феррохромның мерейтойлы кесегін зауыт мұражайына табыс етумен аяқталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Ақсу ферроқорытпа зауыты, экономика