«Қазақстан қос тарапты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықты бұзбауға шақырады. Біз БҰҰ ҚК мүшелері арасында Думадағы химиялық шабуыл мәселесінде пікірлерінің екіге жарылып отырғанына алаңдаймыз. Қазақстан химиялық қару қолдануға қарсы және қажетті тергеулер жүргізілуі тиіс деген пікірде», - делінген хабарламада.

Омаров, сондай-ақ, әрі қарай да Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған Астана мен Женева процестерінің жалғасын табуына қолдау білдірілуі керектігін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, 14 сәуір күні АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сирияда химиялық қару шығарылып жатыр деген пікірді ұстанып, сириялық билік объектілеріне соққы жасады. Сирияға қарай 100 зымыран бағытталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: саясат