90 минуттық тартыс барысында гол соғылған жоқ. Осылайша қос ұжым тең тарқасып, қоржындарына бір ұпайдан еншіледі.

«Ертіс» ФК бас бапкері Жерард Нус баспасөз жиынында сырт алаңда өнер көрсету оңай еместігін атап өтті.

-Бірінші кезекте, бүкіл ойыншылар мен команданың барлық қызметкерлеріне атқарлыған үлкен жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді. Сырт алаңда өнер көрсету оңай емес. «Қайсар» өте жақсы команда. Оның сапында сапалы ойыншылар көп, олар шабуылда аса мықты. Сол себепті біз ойынға тыңғылықты дайындалдық. Матч барысында бізде жақсы мүмкіндіктер болды. Оларды жүзеге асыру қажет еді. Бірақ, болмады. Әйтсе де, жігіттердің өз-өзін аямай, күресетін ниеттері соңына дейін болғандығы байқалды. Енді ҚР кубогының ойыны болады, сырт алаңда «Тараз» ФК-мен кездесеміз, - деді испандық бапкер.

Айта кетейік, бес турдан кейін павлодарлықтар жеті ұпаймен жетінші орында келеді.

Абзал Қабдраш
Фото: «Ертіс» ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс, футбол, Павлодар, спорт