24.kz хабарлағандай, ауыл тұрғындары осынау шараны жерлестері, Кеңестер Одағының батыры, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Қанаш Қамзиннің ескерткіші маңынан бастады.

1944 жылы сәуірдің 13-і ерлікпен қаза тапқан Қанаш Қамзиннің есімі бүгінгі таңда туған ауылындағы мектепке, Павлодар мен Ақсу қаласындағы көшелерге берілген. Майдангердің 100 жылдығына арналған шаралар легі бір жылға созылады. Жергілікті атқарушы билік биылғы жылы батыр туған Жолқұдық ауылын абаттандырып, жолдарын жөндеуге кіріседі.

Алина Қайыргелді, Қ.Қамзин атындағы Жолқұдық орта мектебінің оқушысы:
- Біз Қанаш Қамзинді мақтан тұтамыз. Ол біздің жерлесіміз. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Біз осылай жиналып ауылды тазартамыз, ағаштар отырғызамыз.

Рымтай Шөкеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Кеңес Одағының батыры Қанаш Қамзинге ендігі жылы 100 жыл толады. Соған байланысты Қанаш Қамзиннің туған жерінде өзінің атында мектеп бар, өзінің атында ауыл бар. Қанаш Қамзиннің атында ескерткіш бар. Осылардың барлығын жөндеуге атсалысамыз. Бүгін осы шараға әдейі қатысайық деп келіп отырмыз.

pavlodarnews.kz

Тэги: Қанаш Қамзин, қоғам, мәдениет