14 сәуір күні кешкісін Абай ауданында, Жартас кентінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде құрғақ шөптер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

Өрт туралы жергілікті тұрғындар хабар берген. Жалын шарпыған аумақ өлшеніп жатыр. Бұдан тыс, сол күні Шахтинск қаласының Новодолинск кентінде де 2 гектар жердегі қу шөптер жанған. Өрт сөндіру қызметі оны жарты сағаттан кейін өшірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: