Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

-  «102» оператор пультіне  келіп түскен телефон хабарламасы бойынша іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде орташа ауыр дәрежедегі алкоголдік мас болған әйел адам ұсталды. Азаматша уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына  орналастырылды, - деді департаментте.

Аталған  фактіге қатысты ҚР ҚК 273-бабы «терроризм акті туралы  жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, қылмыс, заң