Бұл туралы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті отырысында депутат Виктор Пряхин айтты. Халық қалаулысы әуежай - Павлодардың бетке ұстар орыны екенін атап өтті.

- Әуежайдың өткелі халықаралық стандартқа сай, - деді мәслихаттың депутаты. – Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік тұрағы жоқ. Оған қоса, шақыру тетігі қарастырылмаған. Онсыз адам қалай көмекке шақыра алады. Әжетхана талапқа сай. Ол үлкен залда орналасқан. Бірақ ұшардың алдында күту залы да бар. Ал онда арнайы жинастыру жоқ. Алайда әуежай қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың күту залында аз уақыт болуы үшін тіркеуге кезектің соңына қарай кіргізеді.

Депутаттар әуежайға ат басын тірегенде мекеменің басшылығына халық қалаулыларының айтқан барлық ескертулерін қарастыруды тапсырды.

Виктор Пряхиннің айтуынша, егер олардың айтқанына құлақ салмаған жағдайда айыппұл салынады.

Айта кетейік, шағын бизнеске салынатын айыппұл 120 АЕК, орта деңгейлерге 200 және ірі бизнеске – 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Бірінші ескертуден кейін түзетілмесе, лауазымды тұлғаға 80 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылады. Шағын бизнес – 150 АЕК, орта кәсіпкерлік – 250 АЕК және ірі бизнес 600 АЕК сомасындағы айыппұл төлеу керек болады.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам