Бұл туралы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Павлодар облысындағы филиалының басшысы Қазбек Какенов мәлімдеді.

- «Халал Даму» «Қызылжар-Құс» кәсіпорынына жүргізілген сараптамалар нәтижесін жариялап, куәлікті берді, - деді Қазбек Какенов. – Лабораториялық сараптама екі аптаға жуық уақытқа созылады. Тауық еті өнімдерімен айналысатын аталмыш ұйым Діни басқарманың барлық талаптарына сай болып шықты.

Бұдан бөлек, Павлодар облысында «Абай» ЖШС, KFC, Пахомов диірмені сынды 6 ұйымда «Халал» куәлігі бар.

Айта кетейік, Ақсу ауданы Қызылжар ауылы «Қызылжар-Құс»ЖШС халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, тасымалдауға сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайтын куәлікті ҚМДБ Павлодар облысындағы өкіл имамы Жолдас Бертімұратов табыстады.

Оразбек Саяхат
Фото: Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: «Қызылжар-Құс», Павлодар облысы, халал өнім, қоғам