Текеліде өткен байрақты бәсекеде еліміздің облыстарынан келген 200-ден астам спортшы жеке және командалық есепте жеңімпаз атану үшін барын салды. Павлодар облысының намысын тепсе, темір үзетін 20-дан астам азамат қорғады.

Олардың ішінде 93 келілік салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қайырбай Әшенов отыру, жатып сығымдап көтеру және бітімге тарту бойынша 530 келі нәтижесімен алтын медальге ие болды.

Сонымен қатар, спортшы Азия құрлығы мен Әлем чемпионатында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Еске сала кетсек, былтырғы жылы Қ. Әшенов пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаты атағына ие болған.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам