Облыстық білім беру басқармасы хабарлағандай, шара «Ел жүрегі - Астана» атауымен елорданың мерейтойына арналатын болады.

29-мамыр күні 11-сынып оқушылары ана тілі мен әдебиеті бойынша эссе жазып, алғашқы мемлекеттік емтиханын тапсырады. Ал, соңғысы 9-мамыр күні Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан болады.

Жоғарғы оқу орындарына түсуге ниеттілер 10-маусымға дейін ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіру керек.

- Биыл қорытынды аттестация мен ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Максималды балл - 140. Шекті 50 ұпайды ала алмаған түлек 2018 жылдың тамызында немесе 2019 жылдың қаңтарында тестілеуді қайта тапсыра алады. Бірақ, ақылы түрде, - деді білім басқармасында.

Мектеп бітіру кешінің концерті жылдағы дәстүр бойынша Орталық стадионда өтеді.

Айта кетейік, биыл 3831 оқушы жалпы орта білім беру мектептерін аяқтайды.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Мектеп бітіру кеші, Астана 20 жыл, қоғам