Бұл туралы қалалық мәслихат комиссиясының тұрақты отырысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Рымкеш Сағынова айтты. 

- Қалада барлығы 343 әлеуметтік нысан төлқұжатын алған, - деді Рымкеш Сағынова. - Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет нысандары мен ірі сауда орталықтары бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін нысанның пандусы болса жеткілікті деген ұғым қалыптасып кеткен. Бұл ретте, тірек-қозғалу аппараты бұзылған адамдардың мүддесі ғана ескерілген. Сондықтан көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамдардың жағдайын да ойластыру қажет.

Айта кетейік, 2012-2018 жылдары жарымжан жандардың өмір сүру сапасы мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру аясында қалалық мәслихаттың депутаттары қаладағы әлеуметтік нысандарды аралайды.

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: