Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің оңтүстігінде найзағай болады, шаңды дауыл көтеріліп, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Кей жерінде тұман, екпінді жел сақталады.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдін екпіні 23-28 м/с, кей жерінде тұман болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: