Бұл туралы УЕФА-ның сайты жариялады.

«Жозе Нарсизу да Родригеш төрағалығымен УЕФА-ның қаржылай бақылау бойынша төрелік палатасы клубтық лицензиялау мен қаржылай талаптарды орындамағаны үшін «Тирана» (Албания), «Войводина» (Сербия), «Сьон» (Швейцария) және «Ертіс» (Қазақстан) клубтарына қатысты шешім шығарды. Шешімге сай павлодарлық команданың 2017/2018 жылдардағы Еуропа Лигасының іріктеуіне қатысып, алуы қажет болған 440 000 еуро ақшасы ұсталынып қалады. Сондай-ақ, алдағы үш жыл бойы бұл клуб УЕФА турнирлеріне қатысу мүмкіндігінен айырылады. Санкция үш жылдық сынақ мерзіміне шегерілді», - деп жазылған сайтта.

Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификациялау) және аттестациялау депаратаментінің директоры Ержан Мұсабеков УЕФА тарапынан «Ертіс» (Павлодар) футбол клубына қатысты қабылданған шешімді түсінідіріп берді.

- 2017 жылдың 30-маусым күні «Ертіс» футбол клубы қаржылық тексеріс кезінде УЕФА әкімшілігіне 2017 жылдың 31-наурызына дейінгі кредиторлық қарыз жөнінде қаржылық мәліметті берді. Бұл кредиторлық қарыз бақылау мерзімі, яғни 2017 жылдың 31- наурызынан кейін толық төленген. Алайда, УЕФА талабына сәйкес, қаржылық критерий алдындағы міндеттерді мерзімінде орындамау шешуші фактор болып саналады. УЕФА тарапынан лицензия талабын орындамағаны үшін санкция қолданылды: 2017/2018 жылғы маусымда Еуропа Лигасына қатысқаны үшін «Ертіс» футбол клубына берілуі тиіс төлемақы ұсталынды. Сонымен қатар, «Ертіс» футбол клубы қатарынан үш жыл УЕФА-ның қаржылық комитетінің бақылауында болады. Сынақ мерзімі «Ертіс» футбол клубын УЕФА аясындағы турнирлерге қатысуға рұқсат береді. Алайда, қаржылық критерий бойынша заң бұзушылық қайталанған жағдайда санкция күшіне енеді, - деді Ержан Мұсабеков.

pavlodarnews.kz

Тэги: УЕФА, Ертіс, Павлодар, спорт