Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының энтомологы Ануар  Алшин  айтты.

-    Масалармен байланысты белгіленген 14 нүкте бойынша  зерттеу және мониторинг  жүргізіледі, - дейді   Ануар  Алшин. – Олардың барлығы -  бірінші сатыдағы  жәндіктер. Салыстырмалы түрде алсақ, былтыр бір шаршы аумаққа 12 мың 753 дернәсілден келетін. Оның 70 пайызы екінші, қалған  20 пайызы бірінші сатыда болатын. Өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін жәндіктердің екінші сатыға өтуін күтіп отырмыз. Ғылыми топтың құрамындағы 10 адамға биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Ахметов жетекшілік етеді. Мамандардың ішінде энтомолог, паразиолог, биолог, магистранттар бар.

Облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Ирина Сорокинаның айтуынша, өңдеу жұмыстары 20-сәуірге жоспарланған, алайда ауа райына байланысты 22-сәуірге  ауыстырылуы мүмкін. Себебі, күн суытқанда  жәндіктердің көбею  кезеңі  бәсеңдейді.  

 Энтомологиялық мониторинг су айдындарын зерттеуге және тексеруге бағытталған. Дернәсілдерді іздеу классикалық әдіспен  жүзеге асырылады.  Басқа бағбаншылықтарда  шыбындардың дернәсілдері анықталмаған.

-  2018 жылы облыстық бюджеттен дезинсекциялық шараларға 602,3 миллион теңге бөлінген, - деді  облыстық энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ерлан Төргелдинов.  – Мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде мердігерлер анықталып, 580 109,5  теңгеге   келісімшарт жасалды.  Ертіс өзенін өңдеу баржадан Май ауданы Майтүбек ауылынан бастап, Качир ауданына дейін биологиялық препаратты ағзызу арқылы жүзеге асырылады. Павлодар және Ақсу қалаларында масалар мен шыбындардың дернәсілдеріне қарсы 19 950 гектарда әуеден өңдеу жүргізіледі.

 «Бактицид»  препаратын жеткізу үшін 498 678,1   теңгеге  «BIOPHARM-KZ»  ЖШС-мен,  химиялық өңдегішті жеткізуге 29 052,8   теңгеге «ТЕРРА»  ЖШС-мен,  қансорғыштарға қарсы дезинсекциялық шаралар жүргізуге «ВЕТДЕЗ-ПВ»  ЖШС-мен 43 500  теңгеге және ғылыми жұмыстарды жүргізуге   «Баракуда - Павлодар»  ЖШС-мен 8 878,5   теңгеге келісімшарт жасалған.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам