Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша саланың барлық өндірістік көрсеткіштері бойынша өсім байқалады. Негізінен, көмір бойынша өсім 6% құрап, бір жылда 111 млн тонна көмір өндірілді. Бұл соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Кен өндіру бойынша өсім 8%, металлургияда 5,9% құраса, дайын металл бұйымдарының өндірісіндегі өсім 5,8% көрсетті. Тау-кен өнеркәсібіндегі жұмысшылар саны шамамен 200 мың адамға жетіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы боынша экспорт көлемі 11,5 млрд АҚШ долларын, ал, тау-кен және металлургия саласына инвестициялар көлемі долларлық эквивалентте 2 млрд шамасында болды», - деді Радостовец.

Сонымен қатар, бірлестіктік атқарушы директоры өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы қол қойған Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске де тоқталып өтті.

«Жер қойнауы туралы жаңа кодекстің қабылдануы бүгінгі форумда көп талқыланатыны белгілі. Жалпы, бүгін біз шетелдік әріптестерімізбен әңгімелескен кезде олар кодекске қатысты оң пікірлерін білдірді. Шынында да, заңнамаға дамыған елдердегі тәжірибелерге негізделген баптар енгізілді. Соның ішінде, геологиялық барлау мен өндіру жұмыстарындағы есептілік пен құжаттардың азайтылуы, жер қойнауын пайдаланушыға «бірінші келсең, бірінші аласың» негізіндегі қағиданың енгізілуі, пайдалы қазбалар қоры бойынша есептілік стандарттарының жаңа жүйесіне көшу кодекстегі негізгі жаңашылдықтар болып табылады», - деді Родостовец.

pavlodarnews.kz

Тэги: