Бұл туралы облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламалық офисі хабарлады.

- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығын атап өту және «Павлодар Ертіс өңірінің киелі ескерткіштер картасы» жобасын іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, білім беру мектептерінің оқушылары тарихи-археологиялық экспедицияға аттанады, - дейді бағдарламалық офис мамандары. - Жас зерттеушілерге Кемертұз және Ақбидайық тас суреттері, «Алтын төбе» сақ қорғандары мен Қимақ қағанаты қорымдарының құпияларын ашуға, сонымен қатар Баянауылдың тарихи жерлеріне баруға мүмкіндік туады.

Экспедицияның салтанатты ашылу шарасы 2018 жылдың 19 мамыр күні сағат 12.00-де К. Сәтбаев ескерткішінің алдында өтеді.

Фото: velo-splavy.ru

pavlodarnews.kz

Тэги: рухани, қоғам