Айта кетейік, жастар бастамаларын дамыту орталығында ашылған ІТ-орталық елімізде алғашқы болып «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Жастар бұл жерде мобильді қосымша, веб-сайт, технологиялық бағдарламаларды жүзеге асыра алады.

Жастар саясаты жөніндегі басқарманың жұмысымен және жергілікті өнертапқыштардың стартап жобаларымен танысқан Мәулен Әшімбаев дарынды жастардан бұдан да тың идеяларды күтетінін жеткізді.

- Өте керемет жобаларды әзірлеп, жақсы нәтижеге қол жеткізіпсіздер, - дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. - «Нұр Отан» мен «Жас Отан» жастардың өсуіне жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Сол үшін біз партиямыздың кадрлық резервін әзірлеуді қолға алдық. Бұл тізімде сіздер де болу керексіздер. Партиямыздың алға қойған мақсаттарының жүзеге асуын бұл жақта облыс әкімі мен жергілікті филиал қадағалайды. Бәріміз ел мүддесі үшін жұмыс істейміз. Сіздердің жобаларыңыз маған өте қатты ұнады. Ең бастысы - армандаудан қорықпаңыздар, арманды жүзеге асырудан қорықпаңыздар. Сіздерден жаңа идеялар күтеміз.

Бұдан кейін өңір мейманы цифрлық технологияларды күнделікті өмірде қолданысқа енгізіп үлгерген №37 жалпы орта білім беру мектебінде болды. Бұл білім ордасында оқушылар арнайы карта немесе саусақ ізі арқылы мектепке кіріп шығады. Сонымен қатар, онлайн-тамақтану жүйесі де енгізілген. Осы жүйелер арқылы ата-аналар балаларының мектепке қашан келіп кеткенін және қандай тамақ ішкенін біле алады. Онлайн кітапхананы ұстаздар мен оқушылар еркін меңгеріп алған.

Өз кезегінде Мәулен Әшімбаев ұстаздармен заманауи білім беру жүйесін дамыту жайында пікір алмасып, ұжымның жұмысына сәттілік тіледі.

Абзал Қабдраш
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Мәулен Әшімбаев, Павлодар облысы, рухани, қоғам