Кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Бұдан кейін қос ұжым он бес минуттан тұратын екі овер-тайм өткізді. Мұнда да көрсеткіш өзгерген жоқ.
Ойыннан кейінгі пенальти сериясында павлодарлықтардың бағы басым болды. Шешуші голды команда капитаны Руслан Есімов салды.

-  Біріншіден, жігіттерге рахмет айтамын, - дейді «Ертістің» бас бапкері Жерард Нус. – Ең бастысы – біз жеңіске жеттік. Кубок үшін таласты жалғастырамыз. «Тараз» лайықты қарсылық көрсетті, біз ондайды күтпеген едік. Нәтиженің біздің пайдамызға шешілгеніне қуаныштымын.

Айта кетейік, ҚР Кубогының ¼ кезеңіне «Ертіспен» қатар оңтүстік қазақстандық «Мақтаарал», алматылық «Қайрат», шымкенттік «Ордабасы», қарағандылық «Шахтер», қызылордалық «Қайсар», қостанайлық «Тобыл» мен «Атырау» командалары өтті. Жеребе тарту рәсімі 25-сәуір күні өтеді.

Абзал Қабдраш
Фото: «Ертіс» ФК

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт, футбол, Ертіс, Жерард Нус