Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Дәулет Темірболаттың айтуынша,  аталмыш  шара биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

- Қаладағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге шақыру жіберілді, - деді Дәулет Темірболат. - Ойын түрінде ұйымдастырылған  байқауға  облыстың 9-11 сыныпта оқитын 12 оқушы  оқытушыларымен қатысты. Жарыс үш кезеңнен тұрды: «Әдебиет айдыны», «Тамсан», «Тіл - таным».  Мысалы, бірінші кезеңде Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романының авторынан бір сөйлемді  аяқтау ұсынылды.  Екінші және үшінші кезеңдерде мақал-мәтелдер жазып, ұсынылған сөздердің мағынасын ашу қажет болды.  Ұлттық тарихымыз, әдебиетіміз бен музыкамыз, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтары жайында сұрақтар қойылды.

Шараның мақсаты – жастар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,  тәрбиелеу мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту.  

Әділқазылар алқасының шешімімен «Жас дарын» мектебінің оқушысы Аружан Мұхамеджан бірінші орын иегері атанды.

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушылары Лағыл Тлебалды екінші орынға және Камила Басынбекова үшінші орынға  лайықты деп танылды.

Телеойын қатысушыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Телеойынды ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні сағат 19:00-де «ERTIS» телеарнасынан  тамашалауға болады.  


pavlodarnews.kz

Тэги: рухани, мәдениет, білім