Екінші жылу электр станциясында терроризм актілерінің жолын кесу  және оның салдарын жою бойынша ұйымдастырылған шараның мақсаты – жедел штабқа жүктелген міндеттерді орындайтын күш пен құралдардың даярлығын  тексеру.

-  Оқу-жаттығу әртүрлі ауыр элементтермен жауынгерлік жағдайға барынша  жақын істелген. Қала тұрғындары мен қонақтарынан тыныштықты сақтап, үрей тудырмауды  сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.  

Терроризмге қарсы күрес жедел штабы - антитеррористік  операцияларды өткізуге тартылатын мемлекеттік органдардың күш пен құралдарын жедел басқаратын әрі тұрақты жұмыс істейтін орган.

Еске сала кетейік, ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес жалған  ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

     

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, заң