Бұл туралы  Еnergyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап  tengrinews.kz хабарлайды.

Cарапшылардың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығы аралығында 830,8 мың тонна бензин өнідірілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,6 пайызға көп екен.

"Бірақ дизель отының көлемі айтарлықтай азайды: осы жылдың басынан бері 1,06 миллион тонна өндірілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға кем", - дейді мамандар. Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, дизель отыны көбіне Павлодар облысында өндірілген. Онда 442,9 мың тонна отын өндірілген. ОҚО (285,7 мың тонна) мен Атырау облыстарында (283,4 мың тонна) да дизель көлемі көп екені айтылады.

"АИ-92 бензинінің бағасы бір айда 1,1 пайызға қымбаттап, 2018 жылдың наурыздағы жағдайы бойынша 163,4 теңгеге тең болды. Бірақ оның бағасы бір жылда 14,9 пайызға қымбаттады. Ал АИ-95/96 бензины бір айда 0,2 пайызға қымбаттап, литрі 178,2 теңге болды. АИ-98 бір айда 0,9 пайызға қымбаттап, 192,1 теңгеге жетті", - делінген мамандардың зерттеуінде.

pavlodarnews.kz

Тэги: