Былтыр Қазақстанның Қарулы Күштері 53-орында болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Әлемнің қуатты армияларының 2018 жылғы тізімінде Қазақстан Сириядан (49-орын) кейін, Эфиопияның (51-орын) алдында тұр. Бірінші орынды АҚШ иеленсе, екінші орында Ресей келеді, ал үздік үштікті Қытай түйіндейді. Ресейден тыс, ТМД елдерінің арасында Қазақстанның алдында Украина (29-орын), Өзбекстан (39-орын) және Беларусь (41-орын) тұр. Рейтингте жалпы 136 мемлекет бар. Global Firepower осы рейтингті 55 параметр негізінде құрастырады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: