Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келісім мақсаты - жоғары білікті мамандарды дайындау, интернационалдандыру стратегиясын дамыту және қос дипломды білім беру мақсатында жоғары білім беру саласындағы қазақстандық-француздық әріптестікті нығайту болмақ.

Бағдарлама негізінде екінші жылғы білім алушы 90 магистрант пен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 10 докторант Францияның жоғары оқу орындарына барады.

Француз жоғары оқу орындарымен әріптестік келісімдері бар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар мен докторанттар немесе қазақстандық-француздық бағдарламалар бойынша білім алған түлектер басымдылық алатын болады.

Магистранттардың білім алу мерзімі 10 ай (қыркүйек-маусым), ал докторанттардың оқу мерзімі 3 жыл, әр жыл 6 айдан (қыркүйек-ақпан).

Қазақстан Республикасының міндеттемесі - стипендия ұсыну
(1 магистрантқа - 800 еуро; докторантқа - 1200 еуро).

Франция міндеттемесі:

- Тегін білім алуды қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу төлемінен босататын Француз Үкіметінің стипендиат мәртебесін беру;

    Француз әлеуметтік сақтандыруының жалпы жүйесіне тіркеу;
    Тегін ұзақмерзімді студенттік виза;
    Студенттік жатақханаларда орындарды бөліп тарату кезінде басымдылықты ұсыну;
    Тұрғын жерді төлеуге, сонымен қатар «clé» жүйесін пайдалануға (тұрғын үйді жалға алғанда Француз Мемлекеті кепілгер болып табылатын кезде) көмек алу;
    Мәдени бағдарламалар мен іс-шараларға қатысу үшін жеңілдетілген тарифтерді қамтамасыз ету.

Бағдарлама жас зерттеушілердің мобильділігін дамытудағы жаңа импульсті, сондай-ақ ғылым саласындағы соңғы инновацияларға қолжетімділікті, француз тілді елдермен ғылыми қатынастарды кеңейту мақсатында алғы еуропалық ғылыми орталықтар және зертханалармен ынтымақтастықты жандандыруды қамтамасыз етеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: