Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында бас басылым басшысы Дархан Қыдырәлі мен республикалық Kazbilim орталығының жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Екіжақты келісім негізінде әр аптаның сейсенбісінде оқырман газет ішіндегі кітапша түрінде жарияланған Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарымен танысып, оның дұрыс жауаптарын белгілеп, қанша балл жинағанын біле алатын. Енді egemen.kz сайтындағы ҰБТ тесті арқылы кез келген оқушы пәнді және қажетті нұсқаны таңдай отырып онлайн тест тапсыра алады. Сұрақтың дұрыс жауаптары мен белгіленген нұсқаның бұрыс немесе дұрыстығы бірден шығатын болады.

Бір айта кетерлігі, сайтта әзірге дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша тест тапсыру мүмкіндігі бар. Онлайн тест сұрақтары толықтырылып тұрады.


pavlodarnews.kz

Тэги: