- Порталды қолдану курстары жоғарғы сынып оқушылары үшін  информатика сабақтарында  өткізіледі, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Мұғалімдер үшін  семинарлар мен кеңес сағаттары ұйымдастырылады. Сабақтарды аталған курстарды өткен мұғалімдер   жүргізеді.

Қазіргі таңда курсқа қала мектептерінің 5000-нан астам 9-11 сынып оқушысы  мен 85 информатика пәні мұғалімі қатысуда.  

Ағымдағы оқу жылының аяғына дейін жоғарғы сынып оқушыларын  ЭЦҚ алу, порталда тіркелу, электрондық қызметтер тізімімен, мемлекеттік немесе коммерциялық электрондық қызметтерді алу алгоритмімен таныстыру   жоспарланған.

Қаланың барлық жалпы орта мектептерінде мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматта алу үшін «өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары» құрылған.  Компьютерлер жылдамдығы жоғары  интернетпен қамтамасыз етілген.

«Электрондық үкімет» порталында кеңес  беру үшін кураторлар ретінде информатика пәні мұғалімдері бекітілген.

 Бұл жаңашылдықты оқушылардың ата-аналары да қолдана алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім, Цифрлы Қазақстан, рухани