Сайыстың ашылу салтанатында университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Баяндин қатысушыларға сәттілік тіледі.

Инновациялық Еуразия университетінің әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты Владимир Шнайдердің айтуынша, эссе жазуға үш тақырып ұсынылады.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан білім додасына қазақ мектептерінің және колледждердің қазақ топтарында оқитын студенттері қатысуда, жалпы саны 70-тен асады, - дейді Владимир Шнайдер. – Эссеге «Ұлы дала тұлғасы», «Туған жерге тағзым» және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты үш тақырып таңдалды. Жарысқа тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, білікті тіл мамандары, ЖОО-ның ғалымдары, мектеп пен колледж мұғалімдері қазылық етеді. Басты мақсатымыз – жастардың патриоттық сезімін ояту, ардақты тұлғаларды үлгі ете отыра бүгінгі заманның азаматын тәрбиелеу.

Айта кетейік, 24-сәуір күні ИнЕУ-де ашық есік күні өтеді. Жеңімпаздар аталмыш ауқымды шарада марапатталады. Ал, сайыс қортындысы 23-сәуір күні университет сайтында жарияланатын болады.

Абзал Қабдраш

Фото: ИнЕУ баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: рухани