Теориялық сабақтарда банк мамандары оқушыларды SMS-банкингті,  «my Halyk» мобильді қосымшасын, Интернет желісінде төлеуді пайдалану, шотты қашықтықтан басқару мүмкіндіктеріне үйретті. Мектеп оқушылары бизнес-жоба жазу дағдыларын  меңгеріп, шағын және орта бизнестің қыр-сырын таныды.

- Халық банкі практикалық сабақтарды өткізу үшін № 17, 36, 42 мектеп оқушыларының  кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесуін ұйымдастырған болатын, -  деді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділанова. - Кәсіпкерлер «Риск» ЖШС-нің басшысы Николай Кунах, «Макет мастер Казахстан» ЖШС-нің қаржы директоры Болат Тезекбаев оқушыларды кәсіпкерлік негіздерімен таныстырып, болашақта балаларға кедергі туғызатын өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске көрсетілетін қолдау туралы айтты.

Сабақта оқушылар өз бизнес-жобаларын ұсынды. № 17 мектептің 10 сынып оқушылары Роман Новиков, Алина Мастепанюк, Айдар Абдрахманов «Ролл-балмұздақты жасау мен сату» бизнес-жобасын жариялады. Негізгі жобаның ұтымдылығы балмұздақтың тек табиғи балғын ингридиенттерден және қысқа уақытта жасалатынымен ерекшеленеді. Қалада бұл балмұздаққа тең келетін өнім шығарылмайды.

№ 42 Әуезов атындағы мектептің 10 сынып оқушылары Дмитрий Абт, Виктория Шрейнер, Никита Маршал «Clean House» клининг компаниясын жоспарлау мен жасауына қатысты - арнайы компания күшімен кәсіби үй, ғимарат жинау жобасын ұсынды. Бұл жоба тапсырыс беретіндердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Олар жұмыс істеген кезде үйінің тазалығын сақтау және үй-жайының жағдайымен компания айналысады. Оқушылар жобаның кіріс және шығыс жағын, бүкіл кездесетін қауіптері мен шығындары есепке алды. Ұсынылған есептер бұл бизнес түрі бір жыл ішінде шығыстың орнын толтыратынын көрсетті.

№ 36 мектептің 11 сынып оқушысы Никита Артемов «Көңілді фермер» атты бизнес-жобасын ұсынды. Мұнда ол мектеп ғимаратында аскөк, ақжелкен және көк пияз өсіріп, кейін қаланың дәмхана мен мейрамханаларға сату идеясына тоқталды.

Халық банкі өкілдері және кәсіпкерлер оқушылардың жобаларын, кәсіпкерлікке деген қызығушылығын жоғары дәрежеде бағалады.

Мектептер мен  «Қазақстан Халық банкі» АҚ арасындағы серіктестік диалогтық алаңда, саяхат түрінде, нақты жобаларды өндеу нұсқаларында өз жалғасын табады.

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика