Асайын Байханов Ақтоғай ауданында салынып жатқан спорт кешенінің жұмысын сынға алды

Асайын Байханов Ақтоғай ауданында салынып жатқан спорт кешенінің жұмысын сынға алды
Фото: Артур Поляков

Құрылыс жұмыстарына 16 адам жұмылдырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Қараоба ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. 

 «AA-BULDING» ЖШС өкілі Ілияс Нұрпейісовтің айтуынша, кешеннің ішін толығымен қайта жасамақ. Өйткені қыстан кейін жарықтар пайда болған. 

Қазір мұнда 16 адам жұмыс жасайды. 

– Спортзалда қыста суық, жазда ыстық болады. Себебі, оқшаулау жоба бойынша сәйкес келмейді. Бұл ғимарат жұмыс істемесе, сәулет ескерткішіне айналады. Халықтан үнемі шағымдар түсетін болады. Енді өз міндеттемелеріңізді аяқтаңыздар. Пеноизолмен оқшаулау керек, мен басқа шешімді көріп тұрған жоқпын. Қалай болғанда да, жобаны аяқтау керек, – деді аймақ басшысы.                

Норматив бойынша кешеннің ішінде қыста ауа температурасы шамамен 18-17 градус болуы керек болса, жаз мезгілінде 25-26 градустан аспауы керек.

Асайын Байханов 10 сантиметрлік оқшаулағышы бар, жоба бойынша қалыпты спорт кешендерінде  18 градусқа жете алмайтындары да бар екенін атап өтті. 

– Мұнда 14-тен асыра алмайсыздар, тіпті аз болуы мүмкін. Қыста 17-18 градусқа дейін жеткізе алмасаңыздар кешенді ашпаймыз, – деді ол.

Облыс әкімі жобаны қайтадан қарастыруды тапсырды. Егер шешімі табылмаса, мәселені аймақтық жедел штабқа қарастырады.