Әбілқайыр Сқақов: Жауыннан басқасының бəрі шешілетін мəселе
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Әбілқайыр Сқақов: Жауыннан басқасының бəрі шешілетін мəселе 16.09.2020

Әбілқайыр Сқақов: Жауыннан басқасының бəрі шешілетін мəселе

Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкімі Əбілқайыр Сқақов ауылдарды аралап, бірқатар нысандарда болды, тұрғындармен тілдесті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Əуелі облыс əкімі Əуелбек ауылына ат басын бұрды. Мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Қ. Ыдырысов атындағы мектептің құрылысы аяқталды.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ольга Кунакова айтқандай, соның арқасында мектеп терезелері, кіре беріс пен спортзал реттелді.

- Əрине, жөндеу жұмыстарын сіздер қолда бар қаражатқа қарап істедіңіздер, дегенмен мектепке бұдан көлемдірек жөндеу жасау керек, - деді Əбілқайыр Сқақов. - Ауыл, аудан орталығы мен қаладағы білім беру арасында үлкен айырмашылық болмауы тиіс. Біз жыл сайын 20-30 мектепті қалпына келтіріп, оларды жөндеу мəселесін түбегейлі шешпекпіз.

Əрі қарай əкім Қараоба ауылына жол тартып, «Еңбек» бағдарламасы арқылы салынып жатқан екі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Болашақта мұнда еліміздің оңтүстік өңірлерінен көшіп келген азаматтар тұратынын ескерген облыс əкімі мердігер «КапиталСтройПВ» ЖШС-нен үйлердің қыста жылы болып салынғанын талап етті.

Биылғы жаз ауыр болғаны белгілі. Жауынның аздығын шаруалар аса қатты сезді. Осы жəне өзге де мəселелер «Ақтоғай Агро» ЖШС егін алқабында өткен кездесуде сөз болды. Ауыл шаруашылық өнім өндірушілері облыс əкімімен жүздесу кезінде өз сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Оларға жауап берген Əбілқайыр Сқақов жауыннан басқа мəселенің барлығы шешілетінін, мемлекет шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын қадап айтты.

- «Павлодар» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясымен 1200 тонна көкөніс: картоп, сəбіз, қызылша, қырыққабат жеткізу бойынша бағаларды белгілеп қойдық, - дейді «Ақтоғай Агро» ЖШС бас директоры Александр Терентьев. - Тұрақтандыру қорында осындай резерв жасауға келістік. Бағалары қолжетімді.

Облыс əкімі мемлекет инвестициялары бизнес тарапынан да жауапкершілікті арттыруы тиіс екендігін айтты. Кəсіпкерлер тұрғындар алдындағы жауапкершілігін ұмытпау керек.

- Биыл наурызда картоп бағасының 140 теңгеге көтеріліп кеткені ауыр болды, мұндай жағдайдың алдын алу керек, - деді өңір басшысы. - Биыл бағаларды бірден ұстаймыз. Тұрақтандыру қоры аясында 30 мың тонна картоп пен бес мың тонна сəбіз əзірлейміз. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін бұл жеткілікті мөлшер болады деп есептеймін.

Сонымен бірге облыс əкімі Ақтоғай ауылындағы бірқатар нысандарда болып қайтты. Айталық, мұнда бірнеше жыл жұмыс істемеген инфекциялық аурухана орнына медқызметкерлерге арналған жатақхана пайдалануға берілді. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша іске асты.

Əбілқайыр Сқақов ауылдықтарды қоныс тойымен құттақтап, пандемия кезіндегі дəрігерлер еңбегін ерекше атап өтті.

- 2018 жылы оңтүстіктен көшіп келдім, - дейді фельдшер Лəззат Төлегенова. - Осында алтыншы балам дүниеге келді. Ақтоғай маған қатты ұнайды. Енді міне, баспаналы болдым.

Айта кетейік, ауыл ішінде «Жол картасы» бойынша өнер мектебі, ал «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша спорт зал жөндеуден өтті.

Сапар соңында Əбілқайыр Сқақов жаңа өрт сөндіру пункті мен ветеринарлық бекетте болды. Облыс əкімінің қатысуымен өрт сөндірушілерге «Урал» автоцистернасы мен «Нива» автокөлігінің кілттері табыс етілді.


Айбек Жұматов

Количество показов: 515

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар облысында инвестициялық жобалар бойынша көшбасшы аудан аталды
12:32 08.08.2022  1

Павлодарда тамыз айында қандай аулаларда балалар ойын алаңдары орнатылады?
12:09 08.08.2022  14

Павлодарда Ломов - Ворушин көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
11:27 08.08.2022  26

Павлодарлық оқушы NASA-да Абайдың әнін шырқады (ВИДЕО)
11:04 08.08.2022  27

Финляндияда екі миллион тонна құлпынай шіріп кету алдында тұр
10:38 08.08.2022  30

«Naızatas» журналында халықаралық мүшәйрадан жүлде алған поэма жарияланады
10:02 08.08.2022  40

Павлодарда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ келіншектің мүлкі тәркіленді
09:38 08.08.2022  42

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тізімі жаңартылды
09:01 08.08.2022  38

Шахмат Олимпиадасы: ҚР әйелдер құрамасы 3-орынға көтерілді
08:31 08.08.2022  40

Дүйсенбі Павлодар облысында найзағай мен жел күтіледі
08:02 08.08.2022  42

Қытайда 900 жыл бұрын салынған ең ұзын көпір жанып кетті
21:38 07.08.2022  75

Павлодарда билік өкілдері тұрғындардан түскен сауалдарға байланысты аулаларды аралады
20:36 07.08.2022  88

Қазақстанға келген шетелдік туристер күніне 100-200 доллар жұмсайды - сарапшы
19:28 07.08.2022  74

Павлодарда жаңа туған нәресте ауруханада шетінеп кетті
18:39 07.08.2022  108

Футболшы қақпашымен соқтығысып, кейін ауруханаға түсті
17:44 07.08.2022  88

Аққулы ауданындағы ауылда креативті жастар орталығы ашылды
16:42 07.08.2022  96

Дүйсенбі Павлодарда кейбір үйлерде су болмайды
15:49 07.08.2022  107

Газа мен Израиль бір-бірін зымыранмен атқылап жатыр
14:53 07.08.2022  129

Дәрігер жеміс арқылы берілетін қауіпті инфекциялар туралы айтты
13:31 07.08.2022  143

Кеше Павлодар облысында тағы да 100-ге жуық адам Covid-19 жұқтырды
12:42 07.08.2022  95

ШҚО-да үш мыңнан астам адамды кене шақты
11:36 07.08.2022  145

Павлодарлық велоспортшы қыз Ислам ойындарында екінші алтын медальді олжалады
10:27 07.08.2022  144

Egov.kz порталында уақытша ақаулар болуы мүмкін
09:15 07.08.2022  139

Жексенбіде Павлодар облысында найзағай мен жел күтіледі
08:03 07.08.2022  145

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
21:21 06.08.2022  171

Павлодарда Зеленстрой шағын ауданында кәріз жүйесі 11 көшені қамтиды
20:24 06.08.2022  129

Павлодарда көлік қаққан баланың миы шайқалып қалды
19:32 06.08.2022  143

Павлодарда фермерлер дизель отынының қымбаттағанына қайда шағымдана алады?
18:29 06.08.2022  146

Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды
17:50 06.08.2022  206

Павлодарда көліктерін дүкеннің жанында дұрыс жерге қоймаған жүргізушілер жазаланды
16:41 06.08.2022  192

Қыркүйектен бастап Отбасының цифрлық картасы жүзеге асырылады
15:33 06.08.2022  156

Павлодарлықтар балаларын мектепке басқаша дайындай бастады
14:48 06.08.2022  182

Генерал-майор тергеу изоляторында көз жұмды
13:50 06.08.2022  179

Тереңкөл ауданында жасөспірім ағасының қолынан таяқ жеді
12:42 06.08.2022  139

Қазақстанда некені тіркеу мерзімі қысқартылады
11:34 06.08.2022  167

Павлодар облысында Covid-19 жұқтырушылар азаюда
10:25 06.08.2022  164

Шахмат Олимпиадасында қазақстандықтар кезекті жеңісіне жетті
09:16 06.08.2022  177

Сенбі Павлодар облысында жауын-шашынсыз болады
08:02 06.08.2022  207

Ақсу қаласындағы қарттар үйінің жай-күйі қалай?
23:12 05.08.2022  181

Павлодарда қалалық әкімдіктің бастамасымен тұрғындарды қосымша қабылдау шарасы өтеді
22:37 05.08.2022  205

Павлодардағы кітапхана сөресі құнды екі кітаппен толықты
22:06 05.08.2022  227

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Әншіден қалған естелік сурет. Мектепке дайындық қанша тұрады?
21:42 05.08.2022  187

«Ақсу» футбол клубына жартылай қорғаушы келді
21:05 05.08.2022  204

Павлодарда өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне бес ауданның өнімі ұсынылады
20:34 05.08.2022  224

Ертіс ауданының тұрғыны досына барамын деп айыппұл арқалады
20:08 05.08.2022  195

Қырғызстанда қағаз, картон, сүрек пен ағаш материалы экспортына мораторий енгізілді
19:39 05.08.2022  186

Павлодарлық велоспортшы қыз Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
19:06 05.08.2022  235

Павлодарда мектеп жәрмеңкесі қашан өтеді?
18:41 05.08.2022  250

Екібастұзда дүкен қызметкері зейнеткердің атына несие рәсімдеп, өзіне Iphone алған
18:08 05.08.2022  259

Онлайн форматта ҰБТ тапсыру тәртібі өзгерді
17:41 05.08.2022  194

Ленин кентінде жеті көше жарықтандырылды
17:04 05.08.2022  199

Павлодарда қыркүйекке дейін кімдер декларация тапсыруы керек?
16:32 05.08.2022  217

Павлодарлық полицейлер интернет-алаяқтардан сақ болуды ескертеді
16:07 05.08.2022  197

Павлодар қаласының солтүстік бөлігінде ыстық су үзіледі
15:33 05.08.2022  268

Тереңкөл ауданында балаларына дұрыс қарамайтын екі отбасыға шара қолданылуда
15:05 05.08.2022  208

Жоғары атаққа ие болған педагогтер 3 млн теңгеден біржолғы төлем алады
14:30 05.08.2022  187

Шарбақтыда ауылдасына қол көтерген ер адам қамауға алынды
14:08 05.08.2022  187

Қазақстандықтар бір айда 2 трлн теңгеге жаңа кредит алған
13:41 05.08.2022  217

Павлодар ауылында мәдениет үйінің құрылысы басталды (ВИДЕО)
13:12 05.08.2022  259

2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады
12:42 05.08.2022  225