Қазақстанда педагогикалық этика және мұғалімдердің құқығын қорғау кеңесі құрылады
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Қазақстанда педагогикалық этика және мұғалімдердің құқығын қорғау кеңесі құрылады 31.08.2020

Қазақстанда педагогикалық этика және мұғалімдердің құқығын қорғау кеңесі құрылады

 ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін Facebook-тегі парақшасында педагог мәртебесін көтеру бойынша қандай жұмыстар атқарылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Аталған құжаттың маңызды ережелерінің бірі – педагогті міндетіне жатпайтын функцияларға тартудан қорғау, орынсыз есептіліктен босату. Бұл нормалар жаңа оқу жылы қарсаңында өте өзекті», - деп жазды министр.

Министрліктің осыған қатысты қатаң ұстанымдарына қарамастан, министр осы ережелерді бұзу фактілері әлі де кездесетінін айтты.

«Осыдан бірнеше апта бұрын Ленгір мектеп-интернатында әкімшілік іс қозғалды, онда педагогтерді лауазымдық міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға тартқан. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті оқиға орнына барып, қызметтік тексеру жүргізді. Фактілер расталды және мектеп директорының міндетін атқарушы . әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді А. Аймағамбетов.

Бұған дейін Түркістан облысы Кентау қаласындағы Молда Мұса атындағы мектепте де қызметтік тексеру жүргізілген.

«Онда мұғалімді мектепті жөндеу жұмыстарына тартқан. Аталған факті тексеру барысында расталды. Мектеп директорының міндетін атқарушы да, Кентау қалалық білім бөлімінің қызметкері де әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы осы қысқа уақыттың өзінде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүзден астам өтініш келіп түсті. Нәтижесінде лауазымды тұлғаларға да, оқушылардың ата-аналарына да қатысты 30-дан астам әкімшілік жаза қолданылды. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Заңсыздыққа жол берген жауапты тұлғаларға қатысты шаралар мұнымен шектелмейді. Әкімшілік жазалардан бөлек, жұмыстан босату туралы шешімдер де қабылданады», - дейді ведомство басшысы.

«Мұғалімдердің құқығын қорғау – жергілікті аумақтық орган басшыларының да, мектеп директорларының да тікелей міндеті. Педагогтердің құқықтарын қорғау туралы айтқанда, мұғалімдер өз міндеттерін адал орындау мәселесін де есте сақтауы қажет. Өйткені жаңа Заңның талаптары да жаңа. Педагогикалық қызметпен айналысатын әрбір жан жас ұрпаққа үлгі болып, өз жұмысында адамгершілік қағидалары мен моральдық құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс. Мінез-құлық мәдениеті, әдептілік, адалдық, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – педагогикалық этиканың негізі. Осы қағидалардың сақталуын бақылау үшін біз мұғалімдерге қатысты құқықбұзушылықтар мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу туралы даулы мәселелерді қарастыратын арнайы алқалы орган құруды қарастырудамыз. Бұл – педагогикалық этика және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес.

Мұндай институт алғаш рет пилоттық режимде осы жылдың тамыз айынан бастап, Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеуді бастады.

«Болашақта этика бойынша Кеңестер еліміздің барлық аймағында құрыла алады. Олар білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері жанында жұмыс істейтін болады. Барлығымыз мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп жөніндегі кеңесінің тиімді жұмысының куәсі болдық. Біздің жаңадан құрылған Кеңестеріміздің қызметі соның үлгісі бойынша ұйымдастырылады. Мұның бәрі – үлкен бастама: әр мұғалім өзінің мәртебесін мақтан тұтуы керек. Ыңғайлы жағдайда жұмыс істеп, сапалы білім беруі керек. Өйткені біздің балаларымыздың әл-ауқаты мен білімі ұстаздардың қолында», - дейді Білім және ғылым министрі.

Количество показов: 3587

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса

Жаңалықтар тізбегі

Биыл Павлодар облысында бруцеллезбен ауырғандар саны артқан
21:08 17.08.2022  7

Бастапқы жарна 0%: Жеңілдетілген лизингпен алғашқы агротехника берілді
20:45 17.08.2022  10

Павлодардың солтүстік желілік ауданында жылы су қашан беріледі?
20:07 17.08.2022  18

Павлодарда екі мектеп күрделі жөндеуден өтуде
19:42 17.08.2022  21

Қазақстандықтар сапасыз жол туралы анонимді шағым түсіре алады
19:09 17.08.2022  21

Павлодарда салықшылар сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
18:33 17.08.2022  29

Қазақстанның солтүстігінде күн салқындайды
18:08 17.08.2022  25

Тамызда Павлодар облысында қоғам тарапынан жол сапасы тексеріледі
17:32 17.08.2022  33

Қазақ сарбазының сүйегі туған еліне жеткізілді
17:08 17.08.2022  33

Павлодарда жігітті пышақтап тастаған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты
16:40 17.08.2022  69

Павлодар битумының кейбір үлгілері ұзақ уақытқа төзімділік сынағынан өтпеді
16:03 17.08.2022  39

Павлодар облысының үш қаласында сенбілік жәрмеңке өтеді
15:39 17.08.2022  50

Павлодарда қоғамдық жұмыстан қашқан нашақор жігіт қамауға алынды
15:01 17.08.2022  47

Еуропаның ең арзан 10 қаласы аталды
14:27 17.08.2022  46

Елімізде ең арзан ұн Павлодарда
13:34 17.08.2022  57

Суретшілер «Ертіс орманы» резерватында орман сұлулығын ақ қағазға түсіреді
13:28 17.08.2022  66

Павлодарда көшеде әйел адамның сырғасы мен алтынын ұрлап әкетті
13:05 17.08.2022  54

«Қызым қорқып қалды»: Павлодарлық тұрғын көмек сұрады
12:29 17.08.2022  72

Ислам ойындары: Павлодарлық спортшы жүзуден тағы қос медаль еншіледі
12:05 17.08.2022  62

Ішкі істер министрлігіне қарасты екі ЖОО басшысы жауапқа тартылды
11:35 17.08.2022  66

Tartyl Fest: Павлодарда қайда және қашан өтетіні белгілі болды
11:03 17.08.2022  68

Успен ауданында әкесінің қызметтік көлігін мініп кеткен мас жігіт ұсталды (ВИДЕО)
10:28 17.08.2022  73

Павлодар облысында COVID-19 жұқтырғандар саны тағы да артты
10:05 17.08.2022  78

Павлодар облысында «Volkswagen Golf» аударылып қалды
09:38 17.08.2022  76

Ломов - Ворушин көшелерінің қиылысы ашылды
09:12 17.08.2022  66

Мал дәрігерлерінің жалақысына 2023 жылдан бастап үстемақы қосылады
08:39 17.08.2022  75

17 тамызда Павлодарда жауын-шашын күтіледі
08:01 17.08.2022  66

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне ер адам дәрет сындырған
23:39 16.08.2022  103

Қытайда 2 миллионға жуық адам құрғақшылықтан зардап шегуде
23:06 16.08.2022  96

Әбілқайыр Сқақов Екібастұз сапары туралы жазды
22:48 16.08.2022  100

Май ауданында жылжымалы мектеп жәрмеңкесі өтуде
22:01 16.08.2022  98

Павлодарда «Summer k-pop star - 2022» байқауы өтеді
21:33 16.08.2022  122

Павлодарлық жастарға Президент жастар кадр резервінің жобасының артықшылығымен бөлісті (ВИДЕО)
21:13 16.08.2022  106

Павлодар облысында медиация келісімімен екі азаматтық іс тоқтады
20:39 16.08.2022  118

Қазақстандықтар қаржы жинақтарын қалай сақтағаны дұрыс – маман кеңесі
20:06 16.08.2022  108

Екібастұзда жылу беру маусымына дайындық және ЖЭО жағдайы талқыланды
19:36 16.08.2022  135

Ақсуда балаға қысым көрсету ісі бойынша тергеу басталды
19:14 16.08.2022  110

Павлодар облысында балаларға міндетті экскурсия енгізу ұсынылды
18:52 16.08.2022  136

Мәдениет министріне Мәшһүр Жүсіп тұрған үйдің маңында ашық музей жасау ұсынылды
18:04 16.08.2022  147

Министр Павлодар облысында. Жас авторлар жоғары марапатқа ие болады
17:36 16.08.2022  149

Қазақстанда электр энергия тапшылығы болуы мүмкін
17:08 16.08.2022  136

Павлодарда онкологияға шалдыққандар біржолғы әлеуметтік көмек ала алады
16:37 16.08.2022  126

Екібастұзда жаңа әкім тағайындалды
16:02 16.08.2022  144

Зорлық ісі: Павлодарлық дәрігерлер жасөспірім қыздың жағдайы туралы айтты
15:31 16.08.2022  147

Павлодарлықтар сауда орталығында меморган өкілдеріне сұрақ қоя алады
15:07 16.08.2022  129

Қазақстанда дизель өндірісі азайды
14:27 16.08.2022  134

Павлодарда ішімдікке сылқия тойған бикешке жарты млн теңгедей айыппұл салынды (ВИДЕО)
14:04 16.08.2022  143

Асхат Аймағамбетов ұлына мектеп формасын қанша теңгеге алды
13:45 16.08.2022  135

Павлодарда 2000-ға жуық тұрғын телескоп арқылы Сатурн мен Юпитерді тамашалады
13:05 16.08.2022  169

Испанияда орман өрті күллі Еуропаны шарпыды
12:42 16.08.2022  155

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша күдіктілер қамауға алынды
12:02 16.08.2022  165

Исламиадада суға жүзуден 2 қазақстандық жүлде алды
11:40 16.08.2022  146

Энергетика министрлігінің арнайы комиссиясы Екібастұздағы ЖЭО-ны тексерді
11:15 16.08.2022  143

Павлодар облысында заңсыз еңбек еткен Өзбекстан азаматтары анықталды
10:35 16.08.2022  155

Түркияда толассыз жауыннан үйлер бүлінді
10:13 16.08.2022  142

Екібастұзда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы ауысты
09:37 16.08.2022  174

Ертіс ауданында ауыл тұрғыны заңсыз алкоголь сатқан
09:06 16.08.2022  164

Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
08:42 16.08.2022  163

16 тамызда Павлодарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
08:03 16.08.2022  172

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Қала жолдары қарқынды жөнделуде. Ақ желенділер тапшы
23:22 15.08.2022  196