Баспаналы болудың тетіктері қандай?
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Баспаналы болудың тетіктері қандай? 18.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?

Соңғы уақытта тұрғын үй сатып алудың оңтайлы мүмкіндіктері көбейіп келеді. Біржолғы зейнетақы төлемін ипотекалық несиені жабу мен ресімдеу мақсатында берілуі - соның бір дәлелі. Алдағы уақытта зейнетақы шотындағы жеткілікті шектен артық соманы депозитке аударуға да жағдай жасалмақ. Оған қатысты қандай талап-ережелер бар? Жалпы, облыста тұрғын үймен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асуда? Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында өткен «Онлайн желі» барысында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Шараның қонағы - «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Алтынбек Шайдуллин оқырмандар мен тілші сауалдарына жауап берді.

Тілші сауалы:

- Алтынбек Мақсотұлы, тұрғын үй нарығындағы биылғы басты жаңалық біржолғы зейнетақы төлемдерін ипотеканы толық немесе ішінара жабу, бастапқы жарна ретінде пайдалану болғаны белгілі. Осы уақытқа дейін Павлодар облысының қанша тұрғыны бұл мүмкіндікті қолданды?

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Иә, ел азаматтары осы жылдан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» шотындағы жеткілікті шектен асқан соманы баспана жағдайын жақсартуға жұмсай алады. Оны тиімді пайдаланып жатқан азаматтар аз емес. Айталық, 19 наурыздан бүгінгі күнге дейін облыстың төрт тұрғыны жалпы сомасы 5 млн 469 мың теңге болатын ипотекалық несиесін толығымен өтеді. Сол сияқты 359 адам зейнетақы шотында жинаған қаржысы есебінен қарызды ішінара төлеуге өтініш берді. Оның көлемі 226 млн 639 мың теңгеден асады. Біржолғы зейнетақы төлемін осы мақсатта пайдаланатын тұрғындардың ұтары мол. Себебі ішінара өтеудің нәтижесінде ай сайынғы төлем де, үстемеақы да едәуір азаяды. Сонымен қатар, жеткілікті шектен асқан соманы ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасы ретінде аударуға болатынын еске салған жөн. Пәтер алуды қаласаңыз, бірақ депозиттегі қаржыңыз оған жетпесе, зейнетақы қорында жиған-тергеніңізді тиімді пайдалансаңыз болады. Тиісті өтініштердің барлығы enpf-otbasy.kz сайты арқылы онлайн түрде қабылданып, қаралады.  

Тілші сауалы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында зейнетақы төлемдерін баспана жағдайын жақсартуға жұмсау өз тиімділігін көрсеткенін айтып, оны депозитке аудару тетігін қарастыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта «Отбасы банк» қандай жұмыстарды атқарды? Депозитке аудару жүйесі қалай жұмыс істейтін болады және қашан басталады?

А.ШАЙДУЛЛИН:

- «Отбасы банк» басшылығы тиісті ұсыныстарды әзірлеп, құзырлы органдарға тапсырды. Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ережелерге өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда. Жыл соңына дейін нақты шешім қабылдануы тиіс. Содан соң ғана зейнетақы шотындағы артық соманы депозитке салудың талап-тәртібі белгілі болады. Қазіргі уақытта өтініштерді қабылдау мерзімін, жүйенің негізгі қадамдары туралы айтуға әлі ерте.

Маржан, Павлодар қаласы:

- Мен осыдан бес жыл бұрын «Отбасы банкте» жинақ шотын ашқан болатын. Бірақ оған қар-
жыны уақытылы салған жоқпын. Қазір ондағы сома 100 мың теңгеден сәл асады. Бұл шотты сата аламын ба? Жалпы, сату барысы қалай жүргізіледі?

А.ШАЙДУЛЛИН:

- Бес жыл бұрын ашылған шотты сатқаннан гөрі алдағы уақытта пайдаланған әлдеқайда тиімді болады. Себебі неғұрлым көп қаржы жинасаңыз, соғұрлым табысыңыз еселенеді. Айталық, жыл соңына дейін шотқа 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни шамамен 584 мың теңге салсаңыз, 20 пайыз көлемінде мемлекеттік сыйақы ала аласыз. Одан аз сомаға толтырсаңыз да болады. Міндетті түрде 200 АЕК-ке тең қаржы құю шарт емес. Мәселен, 100 мың теңге салсаңыз, соның 20 пайызы сыйақы ретінде беріледі. Егер мүмкіндік болмай, мүлде ақша аудармасаңыз, шотыңыздағы 100 мың теңгеге де сыйақы қосылады. Ал қаржы шұғыл түрде қажет болып, шешіп алуды қаласаңыз, жеке кабинетіңіз арқылы сатылымға қоюға мүмкіндік бар. Сатқаныңыз үшін де банк тарапынан белгілі бір коэффицентке байланысты ақы төленеді. Ал сіздің шотыңызды онлайн режимде басқа адам сатып ала алады. Десе де,
20 пайыз көлеміндегі мемлекеттік сыйақы тек «Отбасы банкте» барын ұмытпаңыз.

Асылбек:

- Мен депозитте қаржы жинап жүргелі екі жылдан астам уақыт өтті. Бірақ шоттағы ақша бастапқы жарнаға жетпей тұр. Ағам өзінің зейнетақы шотындағы артық қаражатын менің депозитіме аударып, соның есебінен пәтер алсам бола ма?

А.ШАЙДУЛЛИН:

- Әрине. Ағаңыз, ата-анаңыз, жұбайыңыз, басқа да бауырларыңыз, яғни ет-жақындарыңыз зейнетақы шотындағы қаражаты жеткілікті шектен асса, оның бір бөлігін сізге бере алады. Біржолғы зейнетақы төлемі мен екі жыл бойы жинаған қаражатыңызды қосып, бастапқы жарна ретінде төлеуге
болады.

Тілші сауалы:

- Таяуда «Отбасы банк» АҚ «Баспана маркет» деп аталатын жаңа жобаны таныстырды. Сол арқылы баспананы сатылымға қойып, хабарландыруларды
қарап, қалаған үйді алу үшін ипотеканы онлайн түрде ресімдеуге болатын көрінеді. Осы жоба туралы толығырақ айтып өтсеңіз...

А.ШАЙДУЛЛИН:

- Өткен аптада «Баспана маркеттің» ресми түрде тұсаукесері өтті. Бұл портал - үйді сатушылар мен сатып алушылардың ақпаратпен алмасатын алаңы. Аталмыш сайтқа пәтердің суретін салып, техникалық сипаттамаларын жазып, хабарландыруларды тегін орналастыруға болады. Тиімділігі сол, баспананың «Отбасы банк» талаптарына сай келер-келмесі бірден анықталады. Бұл өз кезегінде ипотекалық несие арқылы үй алуды ойластырып жүрген тұрғындарға оңтайлы болмақ. Хабарландыруды кез келген адам көргенмен, тек біздің банк салымшылары бронь жасап, қарыз ресімдеуге қатысты өтінішті онлайн түрде жібере алады. Төлем қабілеттілігіне қатысты құжаттарды да порталға жүктеуге жағдай жасалған.

Мөлдір:

- Ата-анам мен мектепте оқып жүрген кезде-ақ шот ашып, қаржы жинай бастады. Ендігі ретте олар зейнетақы шотындағы артық қаражатын менің депозитіме сала ала ма? Депозитке аударылатын сома-
ның шекті көлемі, жиілігі бар ма? Яғни, тек бір рет аударуға бола ма, әлде тоқсан, жарты жыл сайын толтыруға мүмкіндік берілген бе?

А.ШАЙДУЛЛИН:

- Жоғарыда атап өткенімдей, біржолғы зейнетақы төлемін депозитке аударудың нақты механизмі әзірше қабылданған жоқ. Бұл сұрақтардың жауабы жыл соңына дейін белгілі болуы тиіс. Қазіргі уақытта зейнетақы шотындағы қаржыны баспана жағдайын жақсарту, атап айтқанда, ипотекалық несиелерді өтеу мен алу, медициналық қызметтерді төлеу және инвестициялық компаниялардың басқаруына беру тетіктері жұмыс істейді.

Тілші сауалы:

- Бүгінде пәтер кезегін күткендер көп. Сол кезекті қысқартудың бірден-бір жолы - «Шаңырақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама Павлодар облысында қалай жүзеге асуда? Салымшыларға беретін жаңа үйлер жеткілікті ме?

А.ШАЙДУЛЛИН:

- Қазіргі таңда «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы Сарыарқа шағын ауданындағы 6 үй тиісті конкурстан өтті. Тұрғындар өтініштерін беріп, қалаған пәтерді белгілеп қойды. Ендігі ретте аталған баспаналарды пайдалануға беру актісінің дайын болуын күтіп отырмыз. Құжат қолға тиген соң салымшыларды шақырып, олардың төлем қабілеттілігін растайтын боламыз. Достық шағын ауданында 72 пәтерлі бір тұрғын үй аталмыш бағдарлама арқылы сатылымға шығарылмақ. Әзірше оның да пайдалануға беру актісі дайын емес. Одан бөлек, бұл аудандағы барлығы 747 пәтер болатын тағы 4 тұрғын үй «Шаңырақ» арқылы үлестіріледі. Сондықтан тұрғындар қазірден-ақ құжат жинаудың қамына кіріссе болады. Еске сала кетейін, бағдарламаға қатысудың басты талабы - азаматтардың жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұруы. Кезекке жазылған адамдар бастапқы жарна ретінде пәтер бағасының 10 пайызын төлеп, несиені 20 жылға дейін 5 пайыздық мөлшерлемемен ала алады.

Толқын ОРАЗАЛИЕВА:

- Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініштер қабылдана ма?

А.ШАЙДУЛЛИН:

- «Бақытты отбасы» да - баспаналы болуды қалайтын отбасылар үшін тиімді бағдарлама. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар, көпбалалы отбасылар немесе жалғызбасты аналар, әкелер
2 пайыздық мөлшерлемемен 20 жылға дейін несие ресімдей алады. Ол үшін бастапқы жарна ретінде 10 пайызды төлесе жеткілікті. Бұл ретте баспананың бағасы 13 млн теңгеден аспауы тиіс. Жақында ғана өтініштер қабылданып, тұрғындар төлем қабілетін растады. Келесі өтініштер легінің қай уақытта қабылданатынын дөп басып айту қиын. Банктың сайты, «Баспана маркет» порталы, @otbasybank_pavlodar парақшасы арқылы тұрғындарға тұрақты түрде ақпараттар ұсынылады. Осы аталған сайт, парақшаларда «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат жинау мерзімінің басталуы туралы хабарландыру жарияланатын болады. 

Назерке ТОҚТАРОВА, Павлодар қаласы:

- Жолдасым әскери бөлімде жұмыс істейді. Биыл «Әскери баспана» бағдарламасына қаты-суға өтініш берген едік, техни-
калық ақаудың салдарынан бұл ісіміз аяқсыз қалды. Енді қай уақытта және қалай өтініш бере аламыз?

А.ШАЙДУЛЛИН:

- Өткен тоқсанда әскери қызметшілер бағдарламаға қатысуға жаппай өтініш беріп, техникалық қиындықтар туғаны рас. Кейбір сала мамандарына «Сіздің өтінішіңіз сәтті өтті» деген сипатта хабарламалар келген көрінеді. Банк осындай қателіктің орын алғанын ескеріп, хабарлама алған әскери қызметшілердің барлығын екі лекке бөлді. Алғашқы легі осы жылдың қазан айы мен келесі жылдың ақпан айы аралығында, келесі лек 2022 жылдың ақпан-наурыз айларында төлем қабілеттілігін растау үшін банкке шақырылады. Яғни, оларға қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Ал осы жылы үлгере алмай қалғандар келер жылдың екінші тоқсанында бағын сынап көрсе болады.

Нұрсұлу ЕРҒАНАТҚЫЗЫ, Екібастұз қаласы:

- «Ұмай» ипотекасының талаптары туралы толығырақ айтып өтсеңіз...

А.ШАЙДУЛЛИН:

- «Ұмай» әйелдер ипотекасы - Азия Даму банкі мен «Отбасы банктің» бірлескен жобасы. Аты айтып тұрғандай, бұл бағдарлама қыз-келіншектердің баспаналы болуына бағытталған. Бағдарламаның басты талабы - несие алушының айлық табысы 320 мың теңгеден аспауы тиіс. Егер тұрмыстағы келіншек болса, жолдасы екеуінің еңбекақысы осы сомадан артық болмауы қажет. «Ұмайдың» ерекшелігі - тұрғын пәтер сомасының 15-20 пайызын депозитке салмай-ақ, құрылыс компаниясына немесе екінші нарықтағы пәтердің иесіне қолма-қол береді. Қалған бөлігін біздің банк арқылы несиеге ресімдейді. Оның жылдық пайыздық мөлшерлемесі 12 пайыздан 3 пайызға дейін төмендейді. Яғни, депозиттегі қаржыңыз баспана бағасының тең жартысына жеткен соң несиені
3 пайызға дейінгі мөлшерлемемен қайтарасыз. 

Тілші сауалы:

- Жасыратыны жоқ, павло-дарлық жастардың дені мего-полистегі қатарластарына қызыға да, қызғана да қарайды. Себебі Нұр-Сұлтанда «Елорда жастары», Алматыда «Алматы жастары» бағдарламалары жеңілдетілген ипотекалық несие алуға мүмкіндік береді. Павлодар облысында осы іспетті жобаны қолға алу ойда бар ма?

А.ШАЙДУЛЛИН:

- Иә, жергілікті билікке басқа қалалардағы бағдарламалардың барысын, талаптарын көрсетіп, ұсыныс жасадық. Павлодар облысының жас отбасылары үшін мұндай бағдарлама керек. Тек бұл ретте банк шешімді біржақты қабылдай алмайды. Егер «Отбасы банк» көтерген бастама әкімдік тарапынан қолдау тауып, бюджеттен тиісті қаражат қарастырылса, Павлодарда да жастарға арналған бағдарламаның бастау алуы әбден мүмкін.

«Онлайн желіге» келіп түскен сауалдардан жұртшылықты біржолғы зейнетақы төлемін депозитке аудару мәселесі қызықтыратыны анық аңғарылды. «Қаржыны қалай және қашан аударуға болады?» дегенге саятын сұрақтар жиі қойылды. Құзырлы министрлік нақты ережелерді белгілемеген соң әзірше бұл сауалдарға жауап беру қиын. Бірақ талаптар белгілі болған тұста облыстық «Saryarqa samaly» газеті тағы да «Онлайн желі» ұйымдастырып, көпшіліктің көкейіндегі мәселелерге тұшымды жауап алатын болады. Сондықтан, @saryarqa_samaly парақшасында өтетін тікелей эфирлерді қалт жіберіп алмаңыздар!

«Онлайн желіні» жүргізген - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 18

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Полицейлер Павлодар облысы 2500 құқықбұзушылықтың жолын кесті
18:33 09.12.2021  7

2021 жылы қазақстандықтар Google-да ең көп іздеген мәліметтер
18:13 09.12.2021  9

«Нұротандықтардың» Павлодардағы бас ХҚКО-ның жұмысына көңілі толмайды
17:42 09.12.2021  15

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
17:11 09.12.2021  18

Павлодарда жас ақындардың тәуелсіздікке арнаған жыр жолдарының жинағы жарық көрді
16:48 09.12.2021  72

Қарағандыда ірі аудандардың бірінің атауы өзгертілді
16:26 09.12.2021  21

Мереке қарсаңында Ертіс ауданының құтқарушыларына сыйлықтар тапсырылды
16:01 09.12.2021  26

Қазақстанда алғашқы 5G-қала іске қосылды
15:28 09.12.2021  31

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы: Не өзгерді?
15:08 09.12.2021  40

Қазақстан жолдары: Сала мен сапа
14:35 09.12.2021  29

Өңірімізге еңбек сіңірген бірқатар адамдарға «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағы берілді
14:06 09.12.2021  34

Шарбақты ауданы тазаланбаған жолдар үшін Павлодар компаниясымен соттасуда
13:02 09.12.2021  36

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі: Ұлттық банк жауабы
12:35 09.12.2021  32

Павлодарда «Есіңе мені алғайсың» премьерасы өтеді
12:03 09.12.2021  41

Павлодарлық дәрігерлер көлік қағып кеткен қыздың жағдайы туралы айтты
11:30 09.12.2021  47

Павлодарлық тұрғыннан психотроптық зат тәркіленді
11:08 09.12.2021  49

Екібастұзда өрт сөндіруші түтін басқан пәтерден төрт жасар баланы алып шықты
10:39 09.12.2021  22

Павлодар облысының алты ауданында бастауыш сыныптар аязға байланысты онлайн режимге ауысты
10:07 09.12.2021  48

Экономикалық көрсеткіште оң өсім көрсеткен өңірлердің бірі - Павлодар облысы
09:35 09.12.2021  46

COVID-19: Павлодар облысында тәуліктік көрсеткіш жаңартылды
09:03 09.12.2021  21

Павлодарда зейнеткер жасөспірімді қағып кетті
08:41 09.12.2021  78

9 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:04 09.12.2021  52

Биліктің мұрны «иіс сезбей» отыр. Ақылы сырғанақтың жыры. Суық пәтерде бүрсеңдеуде.
22:14 08.12.2021  52

«Омикрон»: Жаңа штамм қаншалықты қауіпті?
21:40 08.12.2021  66

Павлодарда музыка мектебінің түлектері ерекше концерт өткізді
21:06 08.12.2021  31

Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы отбасылық суреттерін жариялады
20:33 08.12.2021  82

Павлодар облысының бас дәрігері: Қонаққа баруды қою керек
20:07 08.12.2021  74

Covid-19: Павлодар облысында өкпесі толық зақымданған жаңа босанған әйел көз жұмды
19:35 08.12.2021  75

Коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс павлодарлықтар қашан толық екпе алады?
19:04 08.12.2021  82

Қазақстандық дәрігерлерге үстемеақы төленеді
18:28 08.12.2021  81

Павлодар облысына жалғыз Олимпиада жүлдесін ұтып берген спорт түрінің халі қалай?
18:12 08.12.2021  115

Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
17:43 08.12.2021  95

Павлодар облысында байқаудан соң төбелес шығарған әйел сот алдында жауап берді
17:03 08.12.2021  87

«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемін алуға байланысты мәлімдеме жасады
16:36 08.12.2021  97

Павлодарлық хирургтар күйіктен кейін бірегей ота жасайды
16:04 08.12.2021  107

Мәскеуде аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті
15:37 08.12.2021  84

Павлодарлық келіншектен 5 млн теңге жымқырған Омбы тұрғыны әуежайда қолға түсті
15:06 08.12.2021  113

Қай жастағы балалар коронавирусты жиі жұқтырады
14:24 08.12.2021  95

Павлодарда қант зауытын әзірлеуге Түркия компаниясы кірісті
13:32 08.12.2021  102

Павлодарлық ветеринар Грэпплинг Ги спортынан ел чемпионатының жүлдегері атанды
13:07 08.12.2021  100

Әлемде соңғы бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 10% өсті
12:29 08.12.2021  101

Павлодар облысында ірі қара мал сатып алған шаруалар тығырыққа тірелді
12:01 08.12.2021  120

Қазақстан халқының ішінде қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті
11:34 08.12.2021  105

Павлодарға Түркиядан келген профессор IT студенттеріне дәріс оқиды
11:02 08.12.2021  143

Қазақстандықтар ақшаларын қалай сақтайды?
10:33 08.12.2021  124

Ақсуда спорт кешенінде Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген
10:02 08.12.2021  121

COVID-19: Павлодар облысында эпидахуал тұрақты
09:33 08.12.2021  121

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды
09:01 08.12.2021  116

Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін
08:23 08.12.2021  170

8 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:01 08.12.2021  122

Усолка шағын ауданында кейбір үйлерде су болмайды
21:07 07.12.2021  144

«Жеңілдікпен массажер сатамын»: Павлодарда алаяқтар зейнеткерді алдап кеткісі келген
20:32 07.12.2021  153

Павлодар облысында бала емізетін 600-ге жуық әйел Pfizer екпесін алған
20:07 07.12.2021  155

Павлодарда алимент төлеуден жалтарған ана ұсталды
19:22 07.12.2021  168

Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары арасында байқау өтеді
19:05 07.12.2021  160

ДДСҰ безгектен өлім көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді
18:35 07.12.2021  150

Павлодар облысында мемлекеттік шекарадан ресейлік екі азамат өте алмады
18:04 07.12.2021  173

Парижде Абай бюсті ашылды
17:40 07.12.2021  175

Павлодарда металлургия бойынша диссертациялық кеңес ашылды
17:01 07.12.2021  198

Цукерберг WhatsApp-қа қосылған жаңа функцияны таныстырды
16:34 07.12.2021  196