Егін жинау науқаны және су жүйесінің дайындығы: Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл және Железин аудандарына жұмыс сапарымен барып қайтты
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Егін жинау науқаны және су жүйесінің дайындығы: Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл және Железин аудандарына жұмыс сапарымен барып қайтты 30.08.2020

Егін жинау науқаны және су жүйесінің дайындығы: Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл және Железин аудандарына жұмыс сапарымен барып қайтты

Павлодар облысының әкімі екі ауданның фермерлерімен кездесті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, фермерлер егін жиыны туралы өз болжамдарымен бөлісті. Әбілқайыр Сқақов сондай-ақ ауылдарды сумен жабдықтау бойынша жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
photo5357478940618370590.jpg
Тереңкөл ауданында Әбілқайыр Сқақов бірнеше шаруа қожалықтарының – «Лысов» ШҚ, «Алекпаров» ШҚ, «Алтай» ШҚ, «Команов» ШҚ және «Вильгельм» ШҚ алқаптарында болды. Фермерлердің көпшілігі осы жазда жауын-шашынның жоқтығына қынжылып, дәл осы фактор егін көлеміне әсер еткенін атап өтті. Бүгінгі таңда жергілікті диқандар бір гектардан 10 центнерге дейін өнім жинап жатыр. Алайда, шаруалардың айтуынша, олар бидайды тартымды бағамен сату мүмкіндігіне ие. Облыс әкімі қолда бар астықты сақтап қалу қажеттігіне назар аударды.

- Жұмыстарды агротехникалық мерзімде атқарып үлгеру маңызды, - деді өңір басшысы. - Ең бастысы-егіннің сапасын қамтамасыз ету, бидайды уақытында жинап, кептіру, астықты сақтау ережелерін сақтау.
IMG_20200830_151929_303.jpg
«Алекпаров» шаруа қожалығының алқаптарында Әбілқайыр Сқақов кәсіпорынның механизаторы Александр Кучуркинмен сөйлесті. Ол аталмыш шаруа қожалығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді және «John Deere» егін жинау кешенін басқарады. Өкінішке орай, ауылда заманауи комбайндармен жұмыс істей алатын механизаторлар жетіспейді. Облыс әкімі механизаторларды даярлау және қайта даярлау облыстағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың бір бағыты болуы мүмкін екенін атап өтті.
photo5357478940618370595.jpg
Өңір басшысы Львовка ауылында жергілікті «Вильгельм» шаруа қожалығының есебінен салынған балабақшаға барды. Жобаның құны меценатқа 40 миллион теңгеге түсті. Бүгінде 30 балаға арналған бөбекжайға ауылдың 2-ден 5 жасқа дейінгі 24 баласы барады. Сондай-ақ кәсіпкер Александр Вильгельм ауылда тұрып қалған ғимаратты қайта қалпына келтіріп, қонақ үй кешенін ашты.
photo5357478940618370598.jpg
Байқоныс ауылында Әбілқайыр Сқақов мәдениет үйінде болды. Биылғы жылы мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Ауыл тұрғындары жөндеу сапасына риза екендіктерін айтты. Облыс әкімі құрылысшылар мен мемлекеттік органдардың жұмысына тұрғындар баға беруі тиіс екенін еске салды. Өңір басшысы сондай-ақ «Иларбек» шаруа қожалығының шұжық өнімдерін өндіретін жергілікті цехында болды. Мұнда 80-ге жуық өнім шығарылып, бүкіл облыс бойынша жеткізіледі.

Тереңкөл ауылында Әбілқайыр Сқақов балалар, оқушылар үйінде, музыка мектебінде және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Аудан әкімі Ернұр Айткенов аудан орталығында биыл 20 көше жөнделгенін айтты. Ауылда үш шақырымнан аспайтын ауылішілік көшелерді абаттандыру қалды. Келесі жылы оларды аудандық бюджет есебінен жөндеуге уәде берген екен.
photo5357478940618370607.jpg
Қызылтаң ауылында өңір басшысы су құбырының құрылысын тексерді. Орталық сумен жабдықтауға барлық 107 ауланың тұрғындары қосылуға дайын. Алайда, құжаттамаға сәйкес, жоба келесі жылы, су тазарту станциясы орнатылған соң ғана аяқталу керек. Әбілқайыр Сқақов ауыл үшін өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалардың мұндай жоспарлауын сынға алды.

- Орталық сумен жабдықтауға байланысты жоба бір жылдан екінші жылға ауыспауы керек, - деді әкім. - Адамдарды күткізбеу үшін бізге жедел шешімдер қажет.

Железин ауданының Башмачное ауылында да осындай жағдай орын алды. Мұнда су құбырын салу жобасы 13 айға есептелген. Мердігер нысанды биылғы жылы тапсыруға дайын, бірақ оған деген қаражат келесі жылға ғана жоспарланған. Өңір басшысы жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Жаңа су құбырынан басқа Башмачныйда жаңартылған мәдениет үйінің ашылуы күтілуде.
photo5357478940618370610.jpg
Башмачное-Озерное тас жолында Железин ауданының басшысы Қанат Қашкиров жол төсемінің жөнделуі туралы баяндады. Ауыл тұрғындары бірнеше рет шағымданған проблемалық учаске бүгінде суық ресайклинг технологиясы бойынша абаттандырылуда. Бұл жолдың беріктігі мен сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Уәлиханов ауылында Әбілқайыр Сқақовқа тағы бір жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндалды. 150-ден астам жеке аулалар мен нысандарды орталық сумен қамтамасыз ететін су құбырын іске қосу-реттеу қазан айының басына жоспарлануда. Қараша айының ортасында ауыл тұрғындары сапалы ауыз су алады деп күтілуде. Уәлиханов тұрғындары облыс әкімінен басқа мәселені шешуді сұрады - жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктте медицина қызметкері жоқ. Алдыңғы медицина қызметкері өткен жылдың соңында зейнетке шықты. Өңір басшысы бұл мәселені бір айлық мерзімде шешуді тапсырды.
photo5357478940618370617.jpg
Железин ауылында Әбілқайыр Сқақов үшінші жыл жұмыс істеп келе жатқан «Кукузов» ЖК-нің жол бойындағы кешеніне кірді және «Витковский» ЖК шұжық цехының жұмыскерлерімен сөйлесті. Сондай - ақ әкім өткен жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілген аудандық мәдениет үйінде болды. Мәжіліс залында өңір басшысы жергілікті волонтерлермен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, оларды Конституция күнімен құттықтады.

- Біз биылғы жылы еріктілердің қандай үлкен еңбек атқарғанын көріп отырмыз, - деді ол еріктілерге. - Бұл біздің зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және әлеуметтік осал топтарға көрсетілген көмек. Сіздердің қатарларыңыз тек толықтырылып, біздің облыста еріктілер қозғалысы одан әрі дами береді деп үміттенемін.

Железин ауданында Әбілқайыр Сқақов бірнеше шаруа қожалықтарының – «Agro Capital» ЖШС, «Алтын жер» ШҚ және «Пахарь» ШҚ алқаптарында болды. Жергілікті фермерлер де осы жазда жаңбырдың болмағанына назар аударды. Қазір мұнда ауыл шаруашылығы өндірушілері бір гектардан 11 центнерге дейін бидай алады. «Agro Capital» ЖШС-де дәнді дақылдардан басқа, суармалы жерлерде картоп өсіріледі. Компания қазірдің өзінде танымал бөлшек сауда желісіне шамамен 5 мың тонна картоп жеткізу келісімшартына ие. Облыс әкімі жергілікті картоп өсірушілерге маусымаралық кезеңде - қаңтардан сәуірге дейін ішкі нарық үшін қажетті сапалы өнім көлемін сақтау қажет екенін атап өтті.

Фото: Валерий Бугаев

Количество показов: 932

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса

Жаңалықтар тізбегі

Биыл Павлодар облысында бруцеллезбен ауырғандар саны артқан
21:08 17.08.2022  7

Бастапқы жарна 0%: Жеңілдетілген лизингпен алғашқы агротехника берілді
20:45 17.08.2022  10

Павлодардың солтүстік желілік ауданында жылы су қашан беріледі?
20:07 17.08.2022  18

Павлодарда екі мектеп күрделі жөндеуден өтуде
19:42 17.08.2022  21

Қазақстандықтар сапасыз жол туралы анонимді шағым түсіре алады
19:09 17.08.2022  21

Павлодарда салықшылар сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
18:33 17.08.2022  29

Қазақстанның солтүстігінде күн салқындайды
18:08 17.08.2022  25

Тамызда Павлодар облысында қоғам тарапынан жол сапасы тексеріледі
17:32 17.08.2022  33

Қазақ сарбазының сүйегі туған еліне жеткізілді
17:08 17.08.2022  33

Павлодарда жігітті пышақтап тастаған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты
16:40 17.08.2022  69

Павлодар битумының кейбір үлгілері ұзақ уақытқа төзімділік сынағынан өтпеді
16:03 17.08.2022  39

Павлодар облысының үш қаласында сенбілік жәрмеңке өтеді
15:39 17.08.2022  50

Павлодарда қоғамдық жұмыстан қашқан нашақор жігіт қамауға алынды
15:01 17.08.2022  47

Еуропаның ең арзан 10 қаласы аталды
14:27 17.08.2022  46

Елімізде ең арзан ұн Павлодарда
13:34 17.08.2022  57

Суретшілер «Ертіс орманы» резерватында орман сұлулығын ақ қағазға түсіреді
13:28 17.08.2022  66

Павлодарда көшеде әйел адамның сырғасы мен алтынын ұрлап әкетті
13:05 17.08.2022  54

«Қызым қорқып қалды»: Павлодарлық тұрғын көмек сұрады
12:29 17.08.2022  72

Ислам ойындары: Павлодарлық спортшы жүзуден тағы қос медаль еншіледі
12:05 17.08.2022  62

Ішкі істер министрлігіне қарасты екі ЖОО басшысы жауапқа тартылды
11:35 17.08.2022  66

Tartyl Fest: Павлодарда қайда және қашан өтетіні белгілі болды
11:03 17.08.2022  68

Успен ауданында әкесінің қызметтік көлігін мініп кеткен мас жігіт ұсталды (ВИДЕО)
10:28 17.08.2022  73

Павлодар облысында COVID-19 жұқтырғандар саны тағы да артты
10:05 17.08.2022  78

Павлодар облысында «Volkswagen Golf» аударылып қалды
09:38 17.08.2022  76

Ломов - Ворушин көшелерінің қиылысы ашылды
09:12 17.08.2022  66

Мал дәрігерлерінің жалақысына 2023 жылдан бастап үстемақы қосылады
08:39 17.08.2022  75

17 тамызда Павлодарда жауын-шашын күтіледі
08:01 17.08.2022  66

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне ер адам дәрет сындырған
23:39 16.08.2022  103

Қытайда 2 миллионға жуық адам құрғақшылықтан зардап шегуде
23:06 16.08.2022  96

Әбілқайыр Сқақов Екібастұз сапары туралы жазды
22:48 16.08.2022  100

Май ауданында жылжымалы мектеп жәрмеңкесі өтуде
22:01 16.08.2022  98

Павлодарда «Summer k-pop star - 2022» байқауы өтеді
21:33 16.08.2022  122

Павлодарлық жастарға Президент жастар кадр резервінің жобасының артықшылығымен бөлісті (ВИДЕО)
21:13 16.08.2022  106

Павлодар облысында медиация келісімімен екі азаматтық іс тоқтады
20:39 16.08.2022  118

Қазақстандықтар қаржы жинақтарын қалай сақтағаны дұрыс – маман кеңесі
20:06 16.08.2022  108

Екібастұзда жылу беру маусымына дайындық және ЖЭО жағдайы талқыланды
19:36 16.08.2022  135

Ақсуда балаға қысым көрсету ісі бойынша тергеу басталды
19:14 16.08.2022  110

Павлодар облысында балаларға міндетті экскурсия енгізу ұсынылды
18:52 16.08.2022  136

Мәдениет министріне Мәшһүр Жүсіп тұрған үйдің маңында ашық музей жасау ұсынылды
18:04 16.08.2022  147

Министр Павлодар облысында. Жас авторлар жоғары марапатқа ие болады
17:36 16.08.2022  149

Қазақстанда электр энергия тапшылығы болуы мүмкін
17:08 16.08.2022  136

Павлодарда онкологияға шалдыққандар біржолғы әлеуметтік көмек ала алады
16:37 16.08.2022  126

Екібастұзда жаңа әкім тағайындалды
16:02 16.08.2022  144

Зорлық ісі: Павлодарлық дәрігерлер жасөспірім қыздың жағдайы туралы айтты
15:31 16.08.2022  147

Павлодарлықтар сауда орталығында меморган өкілдеріне сұрақ қоя алады
15:07 16.08.2022  129

Қазақстанда дизель өндірісі азайды
14:27 16.08.2022  134

Павлодарда ішімдікке сылқия тойған бикешке жарты млн теңгедей айыппұл салынды (ВИДЕО)
14:04 16.08.2022  143

Асхат Аймағамбетов ұлына мектеп формасын қанша теңгеге алды
13:45 16.08.2022  135

Павлодарда 2000-ға жуық тұрғын телескоп арқылы Сатурн мен Юпитерді тамашалады
13:05 16.08.2022  169

Испанияда орман өрті күллі Еуропаны шарпыды
12:42 16.08.2022  155

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша күдіктілер қамауға алынды
12:02 16.08.2022  165

Исламиадада суға жүзуден 2 қазақстандық жүлде алды
11:40 16.08.2022  146

Энергетика министрлігінің арнайы комиссиясы Екібастұздағы ЖЭО-ны тексерді
11:15 16.08.2022  143

Павлодар облысында заңсыз еңбек еткен Өзбекстан азаматтары анықталды
10:35 16.08.2022  155

Түркияда толассыз жауыннан үйлер бүлінді
10:13 16.08.2022  142

Екібастұзда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы ауысты
09:37 16.08.2022  174

Ертіс ауданында ауыл тұрғыны заңсыз алкоголь сатқан
09:06 16.08.2022  164

Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
08:42 16.08.2022  163

16 тамызда Павлодарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
08:03 16.08.2022  172

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Қала жолдары қарқынды жөнделуде. Ақ желенділер тапшы
23:22 15.08.2022  196