Екібастұздық зейнеткер ақын әдемі қартаюдың құпиясымен бөлісті
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Екібастұздық зейнеткер ақын әдемі қартаюдың құпиясымен бөлісті 07.07.2022

Екібастұздық зейнеткер ақын әдемі қартаюдың құпиясымен бөлісті

Әлеуметтік желіде ширақ қимылмен түрлі жаттығулар үлгісін көрсеткен белгілі ақын, аудармашы Жұмағали Қоғабайдың суреттері көпшіліктің қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тудырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
JK220707222.jpg
Ақын, журналист, қоғам белсендісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұмағали Қоғабай бүгінде 73 жаста. Жастайынан спортпен шұғылданатын зейнеткер ақын әлі күнге салауатты өмір салтын ұстанады.
- Жуырда Мәшһүр Жүсіп кесенесінің жанындағы Мәшекеңнің ата қонысында жүрген едік. «Мәшһүр Жүсіп» қорының жұмысымен бір гектар жерді қоршап, абаттандырып жатырмыз. Абайдың ата қонысы – Жидебай сияқты қылмасақ та, ашық музей секілді рухани азық беретін орынға айналдырсақ деген ойымыз бар. Бұл – сол кезде түскен суреттер, - дейді Жұмағали Қоғабай.
Сол кезде жанында жүрген жігіттер кезінде спортшы болдыңыз ғой, бір-екі жаттығу үлгісін көрсетсеңіз, деп қолқа салған көрінеді.

Жұмағали Қоғабай әскер сапында жүргенде еркін күреспен айналысып, Мәскеудегі жарыста жеңімпаз атанған. Кейін Қарағанды универститеніне оқуға түскенде самбомен шұғылданған.
- Мен көп жарысқа қатысқан жоқпын. Өйткені спортпен өзім үшін айналыстым. Денсаулық үшін де керек. Қазір арасында спорттық клубтарға да барып, жаттығулар жасап тұрамын. Әуелі Құдай, сосын осы спорттың арқасы шығар қазіргі тың жүргеніміз, - деді зейнеткер ақын.
Жұмағали Қоғабай екі жыл бұрын 71 жасында Солнечный кентінен Екібастұз қаласына дейін 30 шақырым жүгіретін жаяу жарысқа қатысып, 2-орын иегері атанған. 2021 жылы қалалық жатып тірену жарысында 1-орын жеңіп алған.
JK2207073333.jpeg
Таңертең кемінде бір шақырым жүгіруді әдетке айналдырған зейнеткер жастарға көбірек қозғалуға кеңес береді.
- Бүгінде адам санасын ғаламтор жаулап алған кез болды ғой. Сондықтан жастар бір сәт далаға шығып, дене шынықтырып тұруы тиіс. Ұжым болып шығуға да болады. Жалпы, өзін-өзі тәрбиелеген дұрыс. Қайтпай жаттыға берген жақсы. Өзіңе пайдалы, сергек жүресің, денсаулығың жақсарады. Спорт кімге болсын керек. Спорт мінезді қалыптастырады, - деді Жұмағали Қоғабай.
JK2207074444.jpeg
Айта кетейік, еңбек жолын педагог болып бастаған Жұмағали Қоғабай құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін журналистік қызмет атқарды. Одан бөлек, 30 жыл Екібастұз қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды.

Ақын қазіргі уақытта балалар әдебиетіне ден қойған.

Осы уақытқа дейін «Екібастұздан ескен леп», «Дүмпуі көп дүние» атты өлеңдер жинағы, 2004 жылы «Жаңбырлы күн» өлеңдер мен әңгімелер жинағы, «Дала қыраны туралы хикая»,«Алақаны аялы» атты деректі повестері жарық көрген.

Количество показов: 8829

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

«Аязда жылу желісін іске қосу — ерлік»: Екібастұзға жылуды қайтару туралы сарапшылар пікірі
18:51 04.12.2022  7

Алғаш рет Павлодардың палеонтологиясы мен археологиясы ертегі түрінде жазылды
17:33 04.12.2022  26

Бүгін Екібастұзда үш шағын аудандағы үйлерге жылу берілуде
16:44 04.12.2022  29

Абай облысында ерлі-зайыптылар мен немересі үсіп өлді
15:37 04.12.2022  23

Павлодарда бокстан ерлер арасындағы ел чемпионаты өтуде
14:36 04.12.2022  38

6 желтоқсанда магистратура гранттарына қатысу үшін құжат қабылдау басталады
13:34 04.12.2022  38

Екібастұз қаласының барлық білім мекемелері жылумен қамтамасыз етілген
12:47 04.12.2022  65

Екібастұздағы бүгін таңертеңгі жағдай белгілі болды
11:18 04.12.2022  55

Павлодарда қиын жылдарын Алтай өлкесінде өткізген қазақтар туралы кітаптың тұсаукесері өтті
10:27 04.12.2022  52

Криштиану Роналду тағы да рекорд орнатты
09:16 04.12.2022  58

Жексенбіде Павлодар облысында қар жаууы мүмкін
08:02 04.12.2022  52

Екібастұзда су аққан пәтерлердегі шығын қалай өтелетіні айтылды
21:48 03.12.2022  107

Екібастұзда жылуға қосылмаған үйлердің саны қысқарды
20:50 03.12.2022  111

Павлодарда балаларды асық ойыны арқылы дамыту кабинеті ашылды
18:28 03.12.2022  110

Астанадағы мешітке Әбсаттар қажының есімі беріледі
17:14 03.12.2022  96

Екібастұздағы қалпына келтіру жұмыстарына 300-ге жуық маман жұмылдырылды
16:07 03.12.2022  99

Екібастұзда отызға жуық үйге жылу қосу жұмысы жалғасуда
15:18 03.12.2022  123

Павлодарлық оқушылар Мұқағали Мақатаев туралы білімдерін сынға салды
14:29 03.12.2022  98

Головкиннің келесі қарсыласымен жүргізген келіссөздері туралы белгілі болды
13:34 03.12.2022  94

Павлодарда мал ұрлаумен айналысқан Абай облысының тұрғындары ұсталды
12:41 03.12.2022  110

Елордада Манасқа ескерткіш орнатылмақ
11:25 03.12.2022  104

Екібастұзда өрт сөндіру техникасымен тұрғын үйлердің жертөлелерін жылытуда
10:10 03.12.2022  131

Футбол әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталды
09:16 03.12.2022  122

Сенбіде Павлодар облысында күн ашық болады
08:01 03.12.2022  106

Аян Бейсекин: Екібастұзда электр энергиясына жүктеме артты
21:05 02.12.2022  137

Екібастұзда қанша үйге жылу берілді
20:34 02.12.2022  154

Екібастұзда апатты жойып жатқан бригадалар – бүгінгі күннің батырлары
20:01 02.12.2022  130

Екібастұз қаласының білім бөлімінде кадрлық ауыс-түйіс орын алды
19:37 02.12.2022  145

Павлодар облысында үш адамнан коронавирус анықталды
19:08 02.12.2022  157

Екібастұзға Төтенше жағдайлар министрлігі қосымша күштері мен құралдарын жібереді
18:35 02.12.2022  159

Екібастұз тұрғындарына шипажайларда тұру ұсынылды
18:06 02.12.2022  178

Павлодарлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында заң бұзушылықтар анықталды
17:33 02.12.2022  145

Павлодар облысының қаңғыбас иттеріне кім жауапты
17:10 02.12.2022  145

Павлодар облысында үш жаңа қоқыс полигоны салынады
17:05 02.12.2022  172

Қытайдағы коронавирусқа қатысты жағдай әлемдік мұнай бағасына әсер етті
16:36 02.12.2022  152

Былқылдақ өзенін сынаптан тазарту 2023 жылдың соңына дейін аяқталады
16:02 02.12.2022  149

Александр Клебанов: Екібастұзда апат салдарынан зардап шеккен үйлерді компания қалыпқа келтіреді
15:44 02.12.2022  156

Құранды толығымен жаттаған Павлодар тұрғыны иджаза алды
15:03 02.12.2022  262

Екібастұзда жас жігіт көлігімен жылу трассасы шұңқырына түсіп кетті
14:08 02.12.2022  198

«Жасыл Қазақстан»: Павлодар облысында ірі кәсіпорын шығарындылары қысқартылады
13:41 02.12.2022  155

Павлодар облысы ластаушы заттар шығарындылары бойынша антилидер болып табылады
13:11 02.12.2022  190

Дәмді тағам, жылы төсек: Екібастұзда жылыту пункттерінде қандай жағдай жасалған
12:37 02.12.2022  192

Екібастұз ЖЭО жұмысшылары тұрғындардан жылу жүйесіндегі суды өз бетінше ағызбауды сұрады (ВИДЕО)
12:08 02.12.2022  192

Моншадағы төбелес: Павлодарда қорғану кезінде пышақпен адам өлтірген тұрғын сотталды
11:36 02.12.2022  214

Қазақстанда автокөліктердің сынақ полигоны пайда болады
11:09 02.12.2022  163

Павлодарда сот орындаушысы алиментті өндіріп, ақшасын өзіне алып отырған
10:37 02.12.2022  170

Екібастұзда пәтер ұрысы іздестірілуде
09:38 02.12.2022  185

Ақсулық полицейлер аязда тұрған ана мен балаға көмектесті
09:13 02.12.2022  171

Алматыда үш жастағы баланың асқазанынан батарея отасыз алынды
08:39 02.12.2022  163

Жұма күні⠀Павлодар облысында түнде -27 градус аяз болады
08:03 02.12.2022  183

Жалған ақпарат: Екібастұз ЖЭО-да қазандық жарылды
22:46 01.12.2022  191

Екібастұзда қосымша «сенім телефоны» іске қосылды
22:07 01.12.2022  190

Екібастұзда үйлердің кіреберістеріне жылыту құралдары қойылуда
21:37 01.12.2022  194

Павлодарда республикалық зерттеу жобалар байқауының аймақтық кезеңі аяқталды
21:16 01.12.2022  197

Екібастұздағы пәтерлердің радиаторларындағы зақымдануды жоюмен «ұшатын бригада» айналысады
20:58 01.12.2022  202

Екібастұздағы құбырлардың жарылуының алдын ала себебі айтылды
20:16 01.12.2022  252

Павлодар облысында «Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясы басталды
19:45 01.12.2022  209

Әбілқайыр Сқақов павлодарлықтарға өз алғысын айтты
19:08 01.12.2022  230

Бразилияда көшкін жүріп, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
18:41 01.12.2022  211

Екібастұзда жылытқыштарды қосқаннан электр сымдары балқып тұтану фактілері жиіледі
18:12 01.12.2022  199