Pavlodarnews.kz тілшісі." /> «Ертістің» бұрынғы ойыншысы: «Балаларым футбол ойнамаса екен деймін»
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
«Ертістің» бұрынғы ойыншысы: «Балаларым футбол ойнамаса екен деймін» 13.05.2021

«Ертістің» бұрынғы ойыншысы: «Балаларым футбол ойнамаса екен деймін»

Қазіргі таңда клубсыз қалған «Ертіс», «Екібастұз» бен Қазақстанның өзге де командаларының форварды Қуаныш Бегалин өзінің спорттық мансабы туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

begalin4.jpg

Қуаныш Бегалиннің өзі айтқандай, оны футболға ата-анасы алып келген. Бала кезінде Қуаныш бразилиялық шабуылшы Роналдоны ұнатқан екен. 

- Менде оның футболкасы да болды, командалар ішінде «Манчестер Юнайтедке» әлі күнге дейін жанкүйермін, - дейді Қуаныш Бегалин. – Футболмен бала кезімнен айналыстым және бұл маған қатты ұнады. Қолымнан біраз келгеннен соң кәсіпқой футболшы атандым.

17 жасында жас форвард туған «Екібастұзы» үшін кәсіби деңгейде доп тебе бастады. 2012 жылы Қуаныш Бегалин Бірінші лигада 22 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені атанды. Ал сол маусымда оны Бірінші лиганың үздік футболшысы деп таныды.

begalin2.jpg

Сұрмерген бірден ірі клубтар назарына ілікті. Дегенмен, бұл жерде облыстың бас командасы – павлодарлық «Ертістің» мысы басым болғаны анық. Келесі жылы Талғат Байсуфинов бастаған жаттықтырушылар жас шабуылшыны командаға шақырды.

- Шақыруды, әрине, қуанышпен қабыл алдым, өйткені Премьер-лигада өнер көрсетуге әрбір футболшының қолы жете бермейтінін түсіндім, - деп есіне алады Қуаныш. – Осылайша, 2013 жылы мен, Эльвин Аллаяров және Алтынбек Дәулетханов «Ертістің» бас командасына келдік. Жасы үлкен әріптестеріміз – Ұлықбек Бақаев, Влад Чернышов секілділер жақсы қабылдап, білгендерін айтып жатты. Командадағы атмосфера жақсы болды. Алайда жеке өзім үшін жаңа командаға бейімделу оңай болмады. Сол кезде Бірінші және Премьер-лига арасындағы айырмашылық жер мен көктей болатын. «Ертісте» физикалық жүктемелер мен ойын темпі мүлдем басқаша болды.

Физикалық ауырлықтармен қатар шабуылшы моральдік жағынан да ыңғайсыздық сезіне бастады. Үйінен алғаш рет ұзаған жас жігіт ата-анасын сағынып, еңсесі түсіп кетті. Соны білікті бапкер Талғат Байсуфинов та байқады. 

- Жаттығуларда қолымнан ештеңе келмей, күйзеліске ұшыраған кезім болды, - дейді футболшы. – Талғат Маруаұлы мені әңгімеге тартып, моральдік жағынан шаршағанымды байқап қойды. Қалай дегенмен, жас болдық үлкендер арасына, жоғары деңгейде ойнау оңай болмайды ғой. Ол мені бірнеше күнге үйге жіберіп, сәл тынығуға мүмкіндік берді.

begalin3.jpg

Жаттықтырушының бұл шешімі өзін толықтай ақтады – қысқа мерзім ішінде Қуаныш Бегалин бабына енді. Қосалқы команда үшін алғашқы матчта-ақ ол «Астанаға» гол соғып, жеңіс әперді. Одан кейін Қуанышты «Ақжайықпен» кездесу күтті.

- Бұл мен үшін Премьер-лигадағы екінші ойын болды, мен сол матчта «Ертіс» үшін алғашқы голымды соқтым, - деп есіне алады Қуаныш Бегалин. – Сол сәт әлі көз алдымда: қорғаушының қателігінен соң допқа иелік етіп, алға ұмтылып Паша Шабалинге пас бермек болдым. Бірақ пас беруге мүмкіндік болмайтынын көргеннен соң сол аяғымнан қақпаға соққы бағыттауға шешім қабылдадым – доп «тоғыздықтан» бір-ақ шықты. Қуанышыма шек болмай, көзіме жас үйірілді. Талғат Маруаұлы, әрине, қатал жаттықтырушы, бірақ ол қашанда ойыншылар жағында. Кез келген командада футболшылар ол үшін жан алысып-жан берісуге дайын, тіпті легионерлер жалақы алмай ойнауға дайын болған кездер болды.

Quwanis-Begalin.jpg

Премьер-лигадағы алғашқы маусымында жас футболшы 13 матчта бес гол соғып, екі ассист жасады. Сол арқылы ол команданың үздік сұрмергені атанды. «Ертіс» болса, үздік алтылыққа енді. 2013 жылғы «Ертісте» жергілікті футболшылар мен сапалы легионерлер арасындағы баланс орнап, жастар мен тәжірибелі ойыншылардан құралған команда дүниеге келді. Ұжым болашағынан зор үміт күттірді.

Ekibas-Begalin.jpg

Алайда келесі жылы клуб ауыр кезеңге қадам басты. Командада 2020 жылы «Ертістің» чемпионаттан шеттетілуімен аяқталған бапкерлік ауыс-түйіс кезеңі басталды.

2014 жылы команданы кезек-кезегімен үш бірдей жаттықтырушы баптағанын ойға түсірсе, командадағы жұмыс қандай деңгейде болғанын түсінуге болады. Бұл ұжымдағы көңіл-күйге, әсіресе, жастарға аса қатты соққы болды.

- Басқа жаттықтырушылар келді, олардың жастарға, жергілікті футболшыларға көзқарасы жақсы болды дей алмаспын, - дейді өкінішпен Қуаныш Бегалин. – Өз-өзімізді толықтай көрсетуге басшылық пен жаттықтырушылар тарапынан сенім болмағаны өз кесірін тигізді. Олардың пікірінше, сырттан келген ойыншы жергілікті футболшыдан қашанда басым болады.

2014 жылғы маусымда команданың үздік сұрмергені қосалқы құрамнан бір-ақ шықты. Бұл нонсенс. Жергілікті футболшыларға деген қырын көзқарас жергілікті жас футболшылардың болашағына нұқсан келтірді.

begalin6.1.jpg

2016 жылы ойыншыны оралдық «Ақжайыққа» жалға береді. Сол жерде де ол «Тараз» қақпасына супергол соғып, жанкүйерлердің таңдайын қақтырды. Одан кейін Қуаныш «Мақтаарал» мен «Каспийде» доп тепті, алайда ол командаларда да ол орнын таба алмады.

- «Каспиймен» түсініксіз жағдай болды: келісім-шартым аяқталды да, мені келесі оқу-жаттығу жиынына шақырған жоқ, - дейді Қуаныш Бегалин. – Әрине, өзімді көрсете алмаған шығармын. Бірақ менің соққан голдарым командаға жеңіс әкеліп жүрді. Соны ескергенде тым болмағанда жиынға шақыруларына болар еді ғой. Не істейсің енді, өмір онымен тоқтап қалмайды...
 
begalin2020.jpg

Қуаныштың әзірше соңғы командасы қатарында туған «Екібастұзы» саналады. Былтырғы коронавирус пандемиясы салдарынан қысқартылған маусымда кеншілер сапында 12 матч ойнап, үш гол соққан Бегалин Бірінші лиганың ең әдемі гол авторларының бірі атанды. Дегенмен, маусым қорытындылары бойынша клуб онымен келісім-шартты ұзартпады.

- Қазір Нұр-Сұлтанда жұмыс істеп, әуесқой командада ойнап жүрмін, - дейді форвард. – Үйленгенмін, екі балам бар. Үлкені менің ешқайда ұзап кетпейтініме қуанышты. Оған футбол ұнайды, бірақ өскенде футболшы болмайды деп тілеймін. Өйткені, футбол Қазақстанда өте баяу дамып келеді, инфрақұрылым мен жалпы футбол шаруашылығы әлі төмен деңгейде. Алайда, балам футболшы болам десе, мен еш кедергі жасамаймын.

Кәсіпқой футболдағы мансабыңызды жалғастырасыз ба деген сұраққа 28 жасар Қуаныш Бегалин: «Әрине, футболмен мұндай жаста қоштасу тым ерте. Бірақ ешбір клубтан мардымды ұсыныс түспесе не істейсің...», - деп күрсінді.

Айбек Жұматов
Фото: ашық дереккөздерден

Количество показов: 31115

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса

Жаңалықтар тізбегі

Павлодарда Елорда күнін атап өтті
23:13 06.07.2022  31

Қызылордада көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды
21:45 06.07.2022  27

8 маусым күні Екінші Павлодарда су болмайды
19:51 06.07.2022  69

Билл Гейтс Римде 6 жұлдызды қонақүй ашады
18:34 06.07.2022  70

Ақтоғайдағы ауылдың тұрғындары елорда күніне орай жаңа кәсіптерін ашты
17:37 06.07.2022  57

Астана: Қызықты 10 дерек
16:49 06.07.2022  77

Павлодарда Астана күніне орай барлық жастағы адамдарға арналған концерт өтті (ФОТО)
15:55 06.07.2022  80

Теңіз кен орнында жарылыс болды
14:53 06.07.2022  80

Павлодар облысында тағы да коронавирус жұқтырғандар анықталды
13:39 06.07.2022  89

Мұғалімдер жұмысқа жаңа тәртіппен қабылданады
12:50 06.07.2022  106

Павлодарда зиялы қауым өкілдері Елорданы көшіру кезіндегі естеліктерімен бөлісті
11:48 06.07.2022  115

Қазақстаннан 304 мың долларды заңсыз әкетпек болған шетелдік ұсталды
10:41 06.07.2022  97

Әбілқайыр Сқақов павлодарлықтарды елорда күнімен құттықтады
09:35 06.07.2022  111

Сәрсенбіде Павлодар облысында найзағай мен жел күтіледі
08:02 06.07.2022  122

Бүгін түнде Павлодарда бірқатар шағын аудандарда ыстық су болмайды
21:33 05.07.2022  135

Павлодар облысында Астана күнін қалай мерекелейді?
21:10 05.07.2022  133

Павлодарда шаһар басшысы шағым көп түсетін аулаларды аралады
20:32 05.07.2022  144

Павлодар облысында көбінесе қандай жастағы жұмысшылар зардап шегеді?
20:07 05.07.2022  130

ҚТЖ жұмысшыларының жалақысы 41 пайызға өсті
19:39 05.07.2022  169

Павлодарда қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші жазаланды
19:06 05.07.2022  153

Маска тағу тағы міндеттеле ме?
18:41 05.07.2022  162

Павлодарда 9 шілдеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
18:06 05.07.2022  144

McDonald's Қазақстанда уақытша жұмысын тоқтатты
17:46 05.07.2022  164

Ақсуда алкогольді заңсыз сатуды қоймаған дүкен иесі жазаланды
17:06 05.07.2022  153

Австралияның Сидней қаласында жүздеген үй су астында қалды
16:34 05.07.2022  160

Павлодарда 12 жасар жеткіншекті көлік қағып кетті
16:14 05.07.2022  193

Ертіс ауданында шағын футбол алаңдары ашылды
15:35 05.07.2022  173

Елімізде коронавирус жұқтырғандар санының артуына не себеп – министр жауап берді
15:06 05.07.2022  161

Иманбектің трегі Spotify апта сайынғы чарттың үздік 100-іне кірді
14:36 05.07.2022  174

Қазақстандықтар ұзақ өмір сүреді - Денсаулық сақтау министрлігі
13:44 05.07.2022  161

Павлодарда заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан азаматтары ұсталды
13:03 05.07.2022  184

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ
12:39 05.07.2022  165

Павлодарда қандай түнгі клубтарда жиі тәртіп бұзады?
12:06 05.07.2022  166

Қай аймақтар тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынын баяулатып алды
11:37 05.07.2022  176

Павлодарда үйіне бара жатқан әйелді ит қауып алды
11:04 05.07.2022  187

Павлодарда сауда үйінде өртті сөндірмек болған ер адам жарақат алды (ВИДЕО)
10:24 05.07.2022  214

Павлодар облысында шілде айында +38 градусқа дейін ыстық болады
10:02 05.07.2022  206

Скандинавия елдерінде әрбір екінші рейс тоқтатылды
09:42 05.07.2022  193

Зейнеткерлерді қолдау, балалардың қимыл белсенділігін арттыру: Павлодарда қоғамдастық өкілдері қандай мәселелерді талқылады?
09:19 05.07.2022  189

Мексикада саргасс балдыры қаптап кетті
08:41 05.07.2022  215

5 шілдеде Павлодарда жаңбыр мен бұршақ жауады
08:04 05.07.2022  191

"Saryarqa samaly" газетінің жаңа санында: Скринингтен кімдер және қашан өтеді? Идеясы барларға – игілік!
22:15 04.07.2022  201

Павлодарда рульде телефонмен сөйлескен жүргізуші айыппұл арқалады
21:41 04.07.2022  232

Криштиану Роналду командасыз қалуы мүмкін
21:08 04.07.2022  231

Екібастұзда түнде көршілерінің есігін қаққан тұрғын айықтырғышқа жеткізілді
20:37 04.07.2022  177

Еуропада COVID-19 індеті етек жайып барады
20:11 04.07.2022  210

Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
19:54 04.07.2022  258

Павлодарда Мәжіліс депутаттары шағын мектеп құрылысы мен спорт клубының жұмысына оң баға берді
19:32 04.07.2022  238

Қырғызстанда COVID-19 ауруына шалдыққандар саны өсіп келеді
19:08 04.07.2022  221

Павлодарда «Батпырауықтар шеруі» өтті
18:46 04.07.2022  230

Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы жасалады
18:13 04.07.2022  223

Павлодарлық спортшы халықаралық бокс турнирінде алтын жеңіп алды
17:37 04.07.2022  223

Пәкістанда құрбандыққа шалынатын мал бағасы қымбаттап кетті
17:13 04.07.2022  226

Павлодар облысында айуандықпен қаза тапқан екі адамның өліміне қатысты тың дерек анықталды
16:43 04.07.2022  293

Бала тығылып қалған: Павлодар облысында ер мен әйелді өлтірген күдікті ұсталды
16:15 04.07.2022  264

Павлодарда «Шаңырақ» орталығы қаланы аралап, концерт қойды
15:45 04.07.2022  259

Екібастұзда түнгі клубта адам пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты
15:04 04.07.2022  238

Мәдениет министрлігі Елбасы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды
14:22 04.07.2022  247

Балалар жылы: Павлодарлық екі тұрғын 800 шақырымды жүріп өтеді
13:45 04.07.2022  239

Шарбақты ауданында орманшылыққа найзағай түсіп, өрт шықты
13:15 04.07.2022  254