@Pavlodarnews.kz тілшісі алдағы мундиаль тақырыбына футболшылар, мамандар мен тәжірибелі жанкүйерлермен талқылады. " /> Катар-2022: фаворит кім? Павлодарлықтар жауабы
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Катар-2022: фаворит кім? Павлодарлықтар жауабы 19.11.2022

Катар-2022: фаворит кім? Павлодарлықтар жауабы

Төртжылдықтың бас футбол оқиғасы – Катардағы әлем чемпионатының басталуына санаулы сағаттар қалды. @Pavlodarnews.kz тілшісі алдағы мундиаль тақырыбына футболшылар, мамандар мен тәжірибелі жанкүйерлермен талқылады. 

Сарапшыларға төмендегідей бірнеше сауалдарға жауап беру ұсынылды:

  1. Қай командаға жанкүйер боласыз?
  2. Турнирдің бас фавориті қай құрама?
  3. Қай құрамадан тосын сый күтуге болады?
  4. Турнирдің үздік ойыншысы кім болуы мүмкін?
  5. Әлем чемпионатының Қатар секілді елде және осындай уақытта өткізілуіне қалай қарайсыз?

Quwanis-Begalin.jpg
Қуаныш Бегалин, «Ертіс» ФК бұрынғы ойыншысы:

  1. Португалия
  2. Бразилия, Бельгия
  3. Кез келген құрама
  4. Месси, Де Брюйне
  5. Бейтарап
- Шынымды айтсам, мұндай деңгейдегі турнирдің Катарда өтуі сұрақтар туындатады, - дейді «Ертістің» бұрынғы шабуылшысы. – Әлем чемпионатына дайындық кезінде талай адам көз жұмғаны белгілі, оның үстіне адам құқықтары тапталды. Әлем чемпионаты үшін соншама адам жанын құрбан етудің қажеті болды ма – айту қиын.
perevertov-perevyortov-beach-soccer.jpg
Дмитрий Перевертов, жағажай футболы бойынша Қазақстан құрамасының капитаны:

  1. Бразилия
  2. Бразилия, Франция, Германия
  3. Африкалық құраманың бірі
  4. Мбаппе, Бензема
  5. Қолдаймын
- Турнирдің Катарда өтуін қолдаймын, соңғы кезде бәрі тым қызықсыз, таптауырын болып кетті, - дейді Дмитрий Перевертов. – Өзгеріс жақсы ғой. Әдетте осы кезде Чемпиондар лигасын көріп, Англиядағы Boxing Day көруге дайындалатынбыз. Биыл болса, әлем чемпионатын тамашалаймыз. Футбол өмірінің түрленуі пайдалы. Әлем чемпионаты ерекше болатыны анық.
weretnow.jpg
Игорь Веретнов, облыстық футбол федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты:

  1. Нидерланд, Франция
  2. Германия, Аргентина
  3. Барлық құрама қызық тосын сый әкеледі
  4. Жаңа есімдер шыққанын күтемін
  5. Қолдаймын
- Қатысушылар ойынға қашанда дайын болуы керек, жаттықтырушылардың міндеті де сол, - дейді Игорь Веретнов. – Бұл турнирдің уақытына қатысты айтқаным. Ал турнирдің орны туралы айтсам, география кеңейген сайын футболға деген қызығушылық артады деп ойлаймын. Әлем чемпионатының басты идеясы да осы ғой.
murat-abilmajit-2022.jpg
Мұрат Әбілмәжит, спорт журналисі:

  1. Әдемі футбол үшін. Қазақстан құрамасына ғана жанкүйермін
  2. Бразилия, Испания, мүмкін Франция, Аргентина
  3. Бельгия немесе Дания
  4. Әлем чемпионы құрамындағы біреу
  5. Бейтарап
- Катар? – Әрине, бұрын күтпеген жағдай болар еді – футболшы ел қатарынан емес, - дейді белгілі спорт шолушысы. – Қараша-желтоқсанда да бұрын әлем чемпионаты өтпеген. Бірақ әлем чемпионатын өткізу әрі қарай қымбаттай берсе, турнирді Сауд Арабиясы, БАӘ елдерінен ғана күтуге болады. Оған да үйренуге мәжбүр боламыз.
sergey-tipalov.jpg
Сергей Типалов, жанкүйер:

  1. Сербия
  2. Франция, Германия
  3. Сербия
  4. Мбаппе 
  5. Теріс
- Мен мәскеу «Спартагының» күшті жанкүйерімін, сондықтан көбінесе ресейлік футболды көремін, - дейді жанкүйер. – Катардағы әлем чемпионаты – ақшаға құныққан ФИФА-ның кезекті әділетсіз шешімі. Бұл шешімді қолдаймын деп айта алмаймын. Катардағы турнир соңғы жылдар ішінде  менің қызығушылымды тудырмайтын әлем чемпионаттарының бірі. 
akmaral-saginbekova-2022.jpg
Ақмарал Сағынбекова, журналистика ардагері:

  1. Аргентина
  2. Аргентина
  3. Польша
  4. Левандовский
  5. Теріс
- Катарда әлем чемпионатын өткізу – үлкен қателік, - дейді танымал тележурналист. – Жергілікті лигалардың үзіліске кеткені кеше, ал бір аптадан кейін әлем чемпионаты басталады. Адаптация, әзірлік дегендер жайына кетті. Оған уақыт қалмады. Бұл қателік турнирдің қызықты өтуіне нұқсан келтіруі мүмкін. 
pryakhin.jpg
Виктор Пряхин, қалалық мәслихат депутаты:

  1. Испания
  2. Германия
  3. Катар
  4. Месси
  5. Қолдаймын

qundiz-qabildenova-kundyz.jpg
Құндыз Қабылденова, «Сарыарқа самалы» газеті бас редакторының орынбасары:

  1. Португалия, Испания, Германия
  2. Бразилия, Франция
  3. Дания, Бельгия, Польша
  4. Роналду, Месси
  5. Қолдаймын
- Биылғы доп додасының басты жүлдесі Португалия құрамасы, әсіресе атақты аяқ доп шебері Криштиану Роналду үшін ауадай қажет, - дейді журналист. – Оның көптеген титулының арасында «Әлем чемпионы» деген атақ қана жетпей тұр. Бұл тұрғыдан алғанда әлем футболының жарық жұлдызына айналған ойыншының және командаластарының жеңімпаз атануға мүмкіндігі көп. Испанияның құрамында бір кездері дүркіреп тұрған ойыншылар биылғы чемпионатта жасыл алаңға шықпайды. Дегенмен, Карвахаль, Торрес, Педри, Роберто сынды футболшылардың әлеуеті зор. Сондықтан бұл құрам қызықты ойын өрнегін көрсетеді деп үміттенемін. Бұған дейін соңғы чемпионаттардағы ойындардан «оңбай таяқ жеген» Германия құрамасы бұл жолы сол қателіктерден сабақ алып, мықты құрама жинағанға ұқсайды.
 1539882340_mukanov_muqanov.jpg
Саян Мұқанов, Tehnikum-Арт центр басшысының міндетін атқарушы:

  1. Аргентина
  2. Аргентина, Франция, Бразилия, Германия
  3. Сербия, Хорватия
  4. Мбаппе
  5. Қолдаймын
- Ұзақ жылдар бойы жоғарғы деңгейде ойнап жүрген Месси Әлем кубогін иеленуге әбден лайық, - дейді Саян Мұқанов. – Турнирдің өтетін уақыты орнына сай таңдалған. Катарда жазда аптап ыстықта ойнау мүмкін болмас еді. Жанкүйер ретінде бізге де жақсы болды: қыстың ұзақ түндерінде әдемі футбол көріп, содан ләззат аламыз.

Галина Шелкова, жанкүйер:

  1. Бразилия, Хорватия
  2. Франция
  3. Германия
  4. Роналду
  5. Қолдаймын
3451.jpeg
Алтынбек Рысмагамбетов, жанкүйер:

  1. Франция
  2. Франция, Германия, Бразилия, Аргентина
  3. Кез келген құрама
  4. Мбаппе
  5. Қолдаймын
- Мұндай турнирлерді Еуропа ғана қабылдай бергені дұрыс болмайды, өйткені, футбол елге, нәсілге бөлінбейді. Сондықтан оның Катарда өткені дұрыс деп есептеймін. Біреуге бұл елдің ауа-райы жақпауы мүмкін, алайда оны да командалар ойластырып қойған деп сенемін, - дейді жанкүйер.
316144809_1291177181813206_1938829303771416093_n.jpg
Әлинұр Әбилманов, Астананың №8 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ойыншысы:

  1. Бразилия
  2. Аргентина
  3. Сенегал
  4. Неймар
  5. Қолдаймын
Әлинұр әлем чемпионатының ойындарын Катарға барып көрмекші. Әкесі екеуі Бразилия құрамасына қолдау үшін сол елге аттанбақ. Сол арқылы баланың арманы орындалмақ.

Сарапшылармен қатар, редакция оқырмандар пікірлерін де білуді жөн көрді. Қарапайым жанкүйерлерден мундиаль матчтарын көретін-көрмейтіні, сүйікті командалары мен тосын сый әперуге мүмкіндігі бар командалар аттары сұрастырылды.
2.jpg
Сауалнамаға барлығы 100 адам қатысты: 63 ер адам және 37 әйел. 63 адам матчтарды көретінін айтса, 12 адам нақты жауабын бермеді. 25 адам әлем чемпионатын көрмейтінін кесіп айтты.
3.jpg
Павлодарлықтардың көбі Аргентинаны жақтайтыны белгілі болды – 42,7%. Екінші орында Бразилия (33,3%) және Франция (22,7%) тұр. Фаворит ретінде жерлестеріміз бірінші орынға Бразилияны (49,3%) қойса, Аргентина екінші орында (46,7%), үшінші орында Франция 37,3%. 
4.jpg
Тосын сыйды көпшілік Нидерланд құрамасынан (16%) күтеді. Әрі қарай 10 проценттен иеленген Дания мен Бельгия келеді. Турнирдің үздік ойыншысы Лионель Месси атанады, дейді 21,3% респондент. Әрі қарай Килиан Мбаппе мен Криштиану Роналду келеді.
5.jpg
Респонденттердің көбі турнирдің Катарда өтуіне қарсы емес. Дейтұрғанмен, оны пара беріп қожайын атанған ел деп те атағандар бар. Кейбір павлодарлықтар футболдың саяси сипатқа ие болғанына күйінсе, енді біреулері футбол көру – еркектің ісі емес деп айтты. 

Әлем чемпионатының ашылу матчы ертең Астана уақытымен 22:00 сағатта басталады. Ашылу салтанаты 20:45-ке жоспарланған. Финал 18 желтоқсанда өтеді. Трансляцияларды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетеді.

Айбек Жұматов
Ольга Бугаева

Количество показов: 1136

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Павлодарда «Ертістің» тұңғыш бапкеріне ескерткіш орнатылды
18:03 07.12.2022  11

Павлодарда «Роботтық жүйелер» зертханасы ашылды
17:36 07.12.2022  20

Еңбек ері: Екібастұзда орын алған қиын кезең артта қалды
17:06 07.12.2022  22

Екібастұзда «Асаруме» қоры бүлінген 50 пәтерді жөндемек
16:34 07.12.2022  23

Асайын Байханов: Халықпен әрқашан тұрақты байланыста боламын
16:24 07.12.2022  47

Қарағандылық ерікті: Әйелім туған күніне сый ретінде Екібастұз тұрғындарына көмектесуді өтінді
15:56 07.12.2022  35

Екібастұзда үйлердің жылу желілері қатып қалмас үшін жер үсті құбырлары салынуда
15:06 07.12.2022  32

Екібастұзда көмек сұраған өтініштер саны азаюда
14:52 07.12.2022  38

Павлодарлық оқушылар «Ұлт ұстазы — Ахмет» қойылымын сахналады
14:06 07.12.2022  80

Премьер-Министр Павлодар облысы әкімдігі басшылығына қойылған басым міндеттерді атады
13:36 07.12.2022  52

Павлодарлық үш оқушыға Қазақстан-Британ және Павлодар университеттеріне гранттар берілді
13:02 07.12.2022  47

Белгілі павлодарлық музыкант тарихи фильм көруді ұсынды
12:33 07.12.2022  35

Павлодарда екінші ауысым оқушылары онлайн форматта оқиды
12:09 07.12.2022  35

Павлодар облысының әкімі тағайындалды
11:56 07.12.2022  77

Екібастұзда жер үсті құбырларын орнатуға байланысты кей үйде жылу болмайды
11:22 07.12.2022  44

«Жыл таңдауы – 2022»: Аққулы ауданының кітапханашысы республикалық байқауда үздік деп танылды
11:01 07.12.2022  53

Жапония Фукусима АЭС-да жиналған суды мұхитқа құймақ
10:36 07.12.2022  42

Президент Екібастұзды қысқы маусымға дайындаудағы қателіктерге талдау жасауды тапсырды
10:06 07.12.2022  50

Екібастұзда әкімдікте жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
09:38 07.12.2022  47

Екібастұзда зардап шеккен үйлерге жылу берілді
09:11 07.12.2022  66

Павлодарда бірінші ауысым үшін сабақтар қашықтықтан өтеді
08:27 07.12.2022  48

Сәрсенбі күні Павлодар облысында түнде -30 градус аяз болады
08:02 07.12.2022  42

Павлодарлық «Vita» еріктілер жасағы Астанадан жүлдемен оралды
22:38 06.12.2022  65

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйге жаңа лифт орнатылды
22:03 06.12.2022  64

Бағдат Орал: Екібастұзда жылусыз қалған көпқабатты үйлердің тұрғындары жылу энергиясы үшін ақы төлемейді
21:37 06.12.2022  69

Екібастұзда жылу берілмеген бір үй қалды
21:03 06.12.2022  82

Екібастұзда 5А шағын ауданында сыртқы жылу желісі салынады
20:35 06.12.2022  67

Екібастұздағы үйлерде қандай жұмыстар атқарылуда
20:04 06.12.2022  62

Екібастұздағы ХҚО келушілер үшін дастархан жайды
19:37 06.12.2022  71

Қостанай облысынан Екібастұзға гуманитарлық көмек жеткізілді (ВИДЕО)
19:02 06.12.2022  70

Екібастұздағы «Savoy» мейрамханасы мыңнан астам адамды тамақтандырған
18:40 06.12.2022  74

Павлодар облысында кішкентай шыршаны кескен адамның өзі заң бойынша жауап беретіні ескертілді
18:05 06.12.2022  84

Ресейдің 74 өңірінен шошқа тұмауы анықталды
17:38 06.12.2022  67

Павлодарлық оқушы өңірдегі музей жәдігерін TikTok арқылы таныстырды
17:04 06.12.2022  129

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды
16:40 06.12.2022  72

Екібастұзда апатты жағдайдан мүлкі бүлінген кәсіпкерлер қалай әрекет етеді
16:04 06.12.2022  105

2023 жылдан бастап ветеринарлардың жалақысы кезең-кезеңімен өседі
15:35 06.12.2022  74

Павлодарлық боксшылар бүгін ел чемпионатының медальдарын сарапқа салады
15:09 06.12.2022  82

Ақсулық таксист жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
14:36 06.12.2022  83

Екібастұз тұрғындары үйлерін жылытуға көмектескен мамандарға алғыс айтуда
13:21 06.12.2022  90

Екібастұзда № 6 шағын аудандағы жылу тасымалдағыш қалпына келтірілді
13:06 06.12.2022  112

Екібастұзда тұрғын үйлерге су тасу ұйымдастырылуда (кесте)
12:37 06.12.2022  94

Елімізде күріш тапшылығы бар ма - министр жауабы
12:09 06.12.2022  79

Ақсуда ер адам екі бөтелке виски ұрлап ұсталды
11:36 06.12.2022  92

Павлодар облысында екі адамда COVID-19 анықталды
11:05 06.12.2022  87

Екібастұзда құбыр жарылып, бірнеше үй ыстық сусыз қалды
10:35 06.12.2022  121

Павлодарлық өнерпаздар Ресейден 20-дан астам жүлде алды
10:05 06.12.2022  91

Ақсуда бірнеше үйде су болмайды
09:31 06.12.2022  95

Моңғолияда халық жаппай шеруге шықты
09:07 06.12.2022  100

Павлодарда бірінші ауысымдағы оқушылар аязға байланысты онлайн оқиды
08:36 06.12.2022  99

6 желтоқсанда Павлодар облысында аяз болады
08:02 06.12.2022  86

«Екібастұзжылуэнерго» ЖЭО қызметкерінің қайтыс болғанын растады
00:04 06.12.2022  162

Павлодарда «Академик Әбікен Бектұров» атындағы аудитория ашылды
23:16 05.12.2022  107

Павлодар педагогикалық университетіне Әлкей Марғұланның мүсіні орнатылды
22:43 05.12.2022  123

«Жаңа ғасыр театры» Павлодарда
22:06 05.12.2022  118

Павлодарда «Малайсары батыр – қазақ даласының ұлы батыры» апталығы басталды
21:26 05.12.2022  118

Шығынды өтеу: Екібастұздықтардан екі мыңнан астам өтініш келіп түсті
20:47 05.12.2022  119

Екібастұзда он екі үйде батарейлер ауыстырылуда
20:06 05.12.2022  124

Павлодарда тоңазыту және желдету жабдығын шығаратын ғимараттан өрт шықты
19:26 05.12.2022  127

Павлодар облысында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы басталды
19:08 05.12.2022  158