Мол өнім түседі
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Мол өнім түседі 18.10.2021

Мол өнім түседі

Биыл павлодарлық диқандар рекордтарға өзгеріс енгізбекші. Аймағымызда соңғы 30 жылда алғаш рет 1 миллион тоннадан астам дәнді дақылдар қамбаға түседі деп күтілуде. Биыл 600 мың тонна картоп жиналып, тағы бір рекорд орнатылғанын ескерсек, өңірдің егін шаруашылығы саласының дамуын оң бағалауға негіз бар.

Ғылымсыз қиын

Әрине, еңбек – шаруаныкі. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін пайдалана білген шаруалар кәсібін дөңгелетіп, сәйкесінше өңір экономикасының алға жылжуына зор үлес қосуда. Алдыгүні облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Ертіс және Тереңкөл аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жұмысымен танысып, оң нәтижелер үшін алғысын білдірді.

Ертіс ауданындағы үздік шаруа-шылықтардың бірі – «Три К». Шаруа қожалық басшысы Оразалы Атимов суармалы алқаптың көлемі 631,4 гектарға жеткенін айтады. Биыл алқаптың 250,4 гектарына жүгері, 381 гектарына күнбағыс отырғызылыпты. Жақын күндері майлы дақылдарды жинауға кіріспек. Қазірдің өзінде жай алқаппен салыстырғанда 4 есе артық өнім алуға болатынын болжап отыр.

- Жай алқапта өскен жүгерінің 1 гектарынан 153 мың теңге пайда табуға болса, суармалы алқапта 470 мың теңге табыс түседі. Айырмашылық жер мен көктей. Биыл 400 гектарға зығыр ектік. Әр гектардан шамамен 1 тонна өнім жиналады. Нарықтағы бағасы – 320-340 мың теңге (1 тоннасы). Майлы дақылдарды өсірудің машақаты көп болғанымен, бағасы қымбат. Табыс табудың бірден-бір жолы – осы. Соңғы 5 жылда техника паркін толығымен жаңарттым. Майлы дақылдар дұрыс кептірілуі керек. Бұл ретте, 2 кептіргіш қондырғысын іске қостым. Бүгінде сыйымдылығы 1 мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 2 мың гектар суармалы алқапты іске қосуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жалпы, баптап күте білсең, әр жердің берекесі бар. Мәселен, биыл маусым айында тұрғындарға да, төрт түлікке де пайдасы жоқ деген азғантай ғана жайылым жерден 350 миллион теңгенің өнімін алдық. Ертіс өзені дәл жанымызда ағып тұр. Оны тиімді пайдаланып, суармалы алқапты дамыту жоспарда бар, - дейді О.Атимов.

Суармалы алқапты іске қосуға «Оразбаев» шаруашылығы да ниетті. Бүгінде мұнда 280 гектар жерді суландыру үшін 3,2 км су құбыры төселіп, 5,2 шақырым электр желілері тартылған. Жыл соңына дейін сорғы станциясы пайда болып, келесі жылдың көктемінде жоба сәтті жүзеге асады деп күтілуде. Сөйтіп, мал азығы сапасын жақсартып, 620 басқа арналған тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарда бар.

Бұдан кейін аймақ басшысы жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері басшыларымен кездесті. Диқандар суармалы алқапты дамытуға қолдау көрсетуді сұрады. Әбілқайыр Сқақов әр ауданда суармалы алқапты қосудың картасы әзірленіп, бұл іске ғылыми тұрғыдан қарау керектігін айтты.

- Аймағымызда Ертіс өзенінің суын 9 аудан кәдеге жарата алады. Яғни, суармалы алқапты дамытуға мүмкіндік мол. Өзеннен шалғай орналасқан шаруашылықтарға жасанды су арнасын іске қосқан тиімді шығар. Сол себепті, әр жобаны жіті зерттеп, ғылыми негіздерге сүйенген абзал. Суармалы алқапты дамыту бір бөлек, бізде қайта өңдеу саласы ақсап тұрғаны жасырын емес. Қазір әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ауыл шаруашылығы саласының дамуы қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарымен өлшенеді. Шаруаларды қолдау жалғаса береді. Десе де, алдағы уақытта қайта өңдеу бағытында еңбектеніп жүргендерге басымдық берілетінін естен шығармаған жөн, - деді облыс әкімі.

Жем-шөпке субсидия бар

Тереңкөлдік шаруалар да жиын-терім жұмыстарын ойдағыдай аяқтауға жақын. Майлы дақылдарды жинау кезек күтіп тұр. Айтпақшы, еліміздегі қарақұмық алқабының 54 проценті Павлодар облысына тиесілі. Биыл павлодарлықтар орташа есеппен гектарынан 8,1 цент-
нер өнім жинағанның өзінде 43 мың тонна қарақұмыққа қарық болады деп күтілуде. Оны өсірумен «Құндыз» шаруа қожалығының басшысы Игорь Щербак мықтап айналысуда.

- Қарақұмықтың «Девятка» сортын егеміз. Қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер қуана-қуана талап алады. Биыл аталған дақыл 1,2 мың гектарға тамыр тартты. Шауып та үлгердік. Кепкенше егіс алқабында жатады. Әр гектарынан 8-10 центнер өнім береді деп болжап отырмыз, - дейді И.Щербак.

Аталған шаруашылықтың картоп сақтау қоймасында болған Әбілқайыр Сқақов «екінші нанның» сапалы екеніне көз жеткізді. Мұнда әрқайсысының сыйымдылығы 2 мың тонналық заманауи қондырғылармен жабдықталған 4 қойма бар екен.

Тереңкөлдік шаруашылықтармен кездескен аймақ басшысы өсімдік шаруашылығымен қатар, мал шаруа-шылығын дамытуды мықтап қолға алу керектігін айтты. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық қолдау қарастырылған.

- Биыл шағын фермерліктер мен шаруа қожалықтары алғаш рет мал азығына субсидия алады. Жалпы сомасы 500 млн теңгенің субсидиясына мыңға жуық шаруашылық ие болады. Оларға ірі қара малдың бір басы үшін 10 мың теңге, бір қой үшін 3 мың теңге беріледі. Шаруалардың азыққа жұмсайтын шығындары орташа есеппен 30 процентке төмендейді. Осылайша, АӨК есебінен өңірлік экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларымыз жүйелі іске асуда. Екі жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі жалпы өнім көлемі 255 млрд теңгеден 350 млрд теңгеге дейін артты. Өсім барлық бағыттар бойынша байқалады, - деді Ә.Сқақов.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов суармалы алқапты дамыту жұмыстары жалғасын табатынына сендірді. Бүгінде өңірде оның көлемі 132 мың гектарды құраса, алдағы 5 жылда 225 мың гектарға жетеді деп күтілуде.

 

                                                                                                                                                                                                         Оралхан ҚОЖАНОВ

Ертіс және Тереңкөл
аудандары.

 


Количество показов: 15

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодарлық спортшы Азия мен Океания чемпионы атанды
19:35 09.12.2021  4

«Қазақфильм» «Өліара» тарихи фильмінің түсірілімін аяқтады
19:06 09.12.2021  7

Полицейлер Павлодар облысында 2500 құқықбұзушылықтың жолын кесті
18:33 09.12.2021  18

2021 жылы қазақстандықтар Google-да ең көп іздеген мәліметтер
18:13 09.12.2021  14

«Нұротандықтардың» Павлодардағы бас ХҚКО-ның жұмысына көңілі толмайды
17:42 09.12.2021  26

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
17:11 09.12.2021  23

Павлодарда жас ақындардың тәуелсіздікке арнаған жыр жолдарының жинағы жарық көрді
16:48 09.12.2021  88

Қарағандыда ірі аудандардың бірінің атауы өзгертілді
16:26 09.12.2021  26

Мереке қарсаңында Ертіс ауданының құтқарушыларына сыйлықтар тапсырылды
16:01 09.12.2021  30

Қазақстанда алғашқы 5G-қала іске қосылды
15:28 09.12.2021  37

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы: Не өзгерді?
15:08 09.12.2021  44

Қазақстан жолдары: Сала мен сапа
14:35 09.12.2021  32

Өңірімізге еңбек сіңірген бірқатар адамдарға «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағы берілді
14:06 09.12.2021  37

Шарбақты ауданы тазаланбаған жолдар үшін Павлодар компаниясымен соттасуда
13:02 09.12.2021  40

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі: Ұлттық банк жауабы
12:35 09.12.2021  35

Павлодарда «Есіңе мені алғайсың» премьерасы өтеді
12:03 09.12.2021  47

Павлодарлық дәрігерлер көлік қағып кеткен қыздың жағдайы туралы айтты
11:30 09.12.2021  50

Павлодарлық тұрғыннан психотроптық зат тәркіленді
11:08 09.12.2021  51

Екібастұзда өрт сөндіруші түтін басқан пәтерден төрт жасар баланы алып шықты
10:39 09.12.2021  23

Павлодар облысының алты ауданында бастауыш сыныптар аязға байланысты онлайн режимге ауысты
10:07 09.12.2021  51

Экономикалық көрсеткіште оң өсім көрсеткен өңірлердің бірі - Павлодар облысы
09:35 09.12.2021  48

COVID-19: Павлодар облысында тәуліктік көрсеткіш жаңартылды
09:03 09.12.2021  22

Павлодарда зейнеткер жасөспірімді қағып кетті
08:41 09.12.2021  80

9 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:04 09.12.2021  56

Биліктің мұрны «иіс сезбей» отыр. Ақылы сырғанақтың жыры. Суық пәтерде бүрсеңдеуде.
22:14 08.12.2021  55

«Омикрон»: Жаңа штамм қаншалықты қауіпті?
21:40 08.12.2021  69

Павлодарда музыка мектебінің түлектері ерекше концерт өткізді
21:06 08.12.2021  33

Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы отбасылық суреттерін жариялады
20:33 08.12.2021  87

Павлодар облысының бас дәрігері: Қонаққа баруды қою керек
20:07 08.12.2021  79

Covid-19: Павлодар облысында өкпесі толық зақымданған жаңа босанған әйел көз жұмды
19:35 08.12.2021  78

Коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс павлодарлықтар қашан толық екпе алады?
19:04 08.12.2021  88

Қазақстандық дәрігерлерге үстемеақы төленеді
18:28 08.12.2021  85

Павлодар облысына жалғыз Олимпиада жүлдесін ұтып берген спорт түрінің халі қалай?
18:12 08.12.2021  118

Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
17:43 08.12.2021  98

Павлодар облысында байқаудан соң төбелес шығарған әйел сот алдында жауап берді
17:03 08.12.2021  90

«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемін алуға байланысты мәлімдеме жасады
16:36 08.12.2021  100

Павлодарлық хирургтар күйіктен кейін бірегей ота жасайды
16:04 08.12.2021  112

Мәскеуде аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті
15:37 08.12.2021  88

Павлодарлық келіншектен 5 млн теңге жымқырған Омбы тұрғыны әуежайда қолға түсті
15:06 08.12.2021  117

Қай жастағы балалар коронавирусты жиі жұқтырады
14:24 08.12.2021  100

Павлодарда қант зауытын әзірлеуге Түркия компаниясы кірісті
13:32 08.12.2021  105

Павлодарлық ветеринар Грэпплинг Ги спортынан ел чемпионатының жүлдегері атанды
13:07 08.12.2021  104

Әлемде соңғы бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 10% өсті
12:29 08.12.2021  105

Павлодар облысында ірі қара мал сатып алған шаруалар тығырыққа тірелді
12:01 08.12.2021  123

Қазақстан халқының ішінде қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті
11:34 08.12.2021  110

Павлодарға Түркиядан келген профессор IT студенттеріне дәріс оқиды
11:02 08.12.2021  150

Қазақстандықтар ақшаларын қалай сақтайды?
10:33 08.12.2021  127

Ақсуда спорт кешенінде Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген
10:02 08.12.2021  123

COVID-19: Павлодар облысында эпидахуал тұрақты
09:33 08.12.2021  126

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды
09:01 08.12.2021  119

Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін
08:23 08.12.2021  173

8 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:01 08.12.2021  125

Усолка шағын ауданында кейбір үйлерде су болмайды
21:07 07.12.2021  147

«Жеңілдікпен массажер сатамын»: Павлодарда алаяқтар зейнеткерді алдап кеткісі келген
20:32 07.12.2021  158

Павлодар облысында бала емізетін 600-ге жуық әйел Pfizer екпесін алған
20:07 07.12.2021  159

Павлодарда алимент төлеуден жалтарған ана ұсталды
19:22 07.12.2021  172

Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары арасында байқау өтеді
19:05 07.12.2021  164

ДДСҰ безгектен өлім көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді
18:35 07.12.2021  154

Павлодар облысында мемлекеттік шекарадан ресейлік екі азамат өте алмады
18:04 07.12.2021  178

Парижде Абай бюсті ашылды
17:40 07.12.2021  179