Павлодар облысы Экологиялық кеңесінің құрамына тек бес шенеунік кірді
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Правительство для бизнеса
 Павлодар облысы Экологиялық кеңесінің құрамына тек бес шенеунік кірді 23.11.2020

Павлодар облысы Экологиялық кеңесінің құрамына тек бес шенеунік кірді


Консультативтік-кеңесші органдағы орындардың 80%-ын экологиялық белсенділер, ғалымдар мен қоғам белсенділері иеленді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
 
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Экокеңестің жаңа форматы мен жұмыс жоспары 20 қарашада Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен онлайн-отырыста талқыланды.

1ec41fe5-e6f8-4163-8c88-c78faa179e89.jpg
 
Өңір басшысының пікірінше, өзгерістер қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдердің сапасы мен уақтылығына оң әсер етуі тиіс.
 
- Негізгі стратегиялық бағыттар анықталды. Бұл атмосфералық ауа сапасын жақсарту, зиянды қалдықтарды азайту, көгалдандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды игеру және облыс тұрғындарының экологиялық мәдениеті деңгейін арттыру. Бұл жерде, басқа салалардағыдай, сіздердің қолдауларыңыз маңызды, біздің экологиялық белсенділермен, сарапшылармен және ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет. Бүгін біз Экологиялық кеңес жұмысының жаңа форматын және алдағы кезеңге арналған жоспарларымызды талқылаймыз,-деді Әбілқайыр Сқақов отырысқа қатысушыларға сөзін арнап.
 
Бұған дейін өңірлік Экокеңеске 17 адам кірсе, енді оның құрамында 25 адам болады. Мұнда экологиялық үкіметтік емес ұйымдардан 10 өкіл, ғылымдар мен сарапшылар саны 7, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестен 3 адам, экологияға қатысы бар мемлекеттік органдардан 5 маман кірді.
 
Экокеңесте қазір төрт негізгі бағытта жұмыс істейтін төрт жұмыс тобы бар:
 
- атмосфералық ауаны қорғау, жасыл технологияларды енгізу, ең озық қолжетімді технологиялар;
- өндіріс және тұтыну қалдықтарын игеру, тарихи ластану жағдайлары;
- су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану;
- жасыл аймақтарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, биоалуантүрлілікті дамыту.
 
- Соңғы екі жылдағы жұмыс тәжірибесі артық бюрократиялық процедурасыз, жұмыстың барынша мобильді және жанды форматы қажет екенін көрсетті. Жұмыс топтарын бөліп, олардың белгілі бір бағытта жұмыс істегені тиімді әрі нәтижелі болады. Ал, отырыстарға онда көтерілетін мәселеге қарамастан, Экокеңестің барлық қатысушылары шақырылатын болады,-деп хабарлады жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев.
«ЭКОМ» ҚБ басшысы Светлана Могилюк жоспарланған жобалар бойынша ашық қоғамдық тыңдаулар өткізу үрдісі сақталатынына үміт білдірді. Оның пікірінше, Экокеңестің қызметі де көпшілікке жария болуы керек. Светлана Могилюк өңір тұрғындарын көгалдандыру шаралары және қоршаған ортаны жақсартудың басқа жоспарлары туралы көбірек ақпараттандыруға шақырды.
 
- Билік тарапынан да, тұрғындар тарапынан да шешуді талап ететін мәселелердің тағы бір түйіні - жайлы орта қалыптастыру. Тұрғын үй аулаларындағы ауаны ластайтын өнеркәсіп емес, көліктер. Автомобильдер балалар алаңдары мен көгалдарға заңсыз қойылады. Біз ауа, көгал, сонымен қатар аулаларды абаттандыру сапасына назар аударуымыз керек,-деді қоғам белсендісі.
 
Павлодар География үйінің басшысы Александр Вервекин экспедициялар мен жаяу жорықтар кезінде қоғамдық бірлестік мүшелері Ертістің жағалауы мен орман аумақтарын қоқыстан бірнеше рет тазартқанын айтты. Қоғам белсендісі кәсіпкерлер мен тұрғындарды пластик өнімдерін пайдалануды азайтуға шақыруды ұсынды.
 
- Мектептерде экологиялық білім беру сабақтарын енгізу мәселесі қаралса, жақсы болар еді. Біз балаларға тілдерді, физика және химия пәндерін үйретеміз, ал экологиялық мәдениетке үйретіп жатқан жоқпыз. Мәселен, балалар Баянауылдағы қарағайға шүберек байласа, тілек орындалатынына шын сенеді. Ал, қорықшылары ұлттық саябақтың аумағында шүберектердің кесірінен қурап қалған екі ағашты мұндай әрекеттердің неге алып келетінін көрсету үшін әдейі қалдырып отыр. Адам бала кезінен экологияда не жақсы, не жаман екенін білуі тиіс,- деп қосты Александр Вервекин.
 
«Берегиня – Био» қорының басшысы Татьяна Пономарева кеңес мүшелеріне ағаштарды күту мәселесі туралы еске салды. Ол соңғы уақытта қала аумағындағы жасыл желектерді суару жиілігі мен сапасы бойынша көптеген шағымдар жиналып қалғанын атап өтті. Қоғам белсендісі жасыл аумақты  үш жылдық күтім жасау әдісіне қайта көшуді ұсынды.
 
 – Қазір былай болып жатыр: қаржыландыру көлемі жасыл аумақтардың санына бөлінеді де, көшеттерді суару саны шығарылады. Бір мәселе - бұл суару жеткіліксіз, екінші мәселе - суару өте кеш басталады. Сондықтан ағаштарға үш жылдық күтім жасау жүйесіне мүмкіндігінше ертерек көшу керек,-деді биолог.
Өңір басшысы келесі жылы облыстың елді мекендерін жаппай көгалдандыру жоспарланғанын атап өтті. Павлодардың өзінде ғана көшелер мен жалпы пайдалану орындарында 20 мың ағаш отырғызылмақ. Әбілқайыр Сқақов өз қарамағындағыларға бұл жұмысты экологиялық белсенділермен және сарапшылармен бірлесіп жүргізуді тапсырды. Әкім Экокеңес мүшелерімен ынтымақтастыққа үстірт қарауды доғаруды талап етті. Өңір басшысының айтуынша, олардың барлық ұсынысы қоршаған ортаны қорғау саласында шешім қабылдаған кезде маңызды рөл атқаруы керек. Экокеңестің кезекті отырысы келесі айға жоспарланды.  

Фото: Валерий Бугаев


Количество показов: 541

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Павлодарда гризайль техникасындағы алғашқы көрме ашылды
22:15 06.10.2022  10

Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
21:44 06.10.2022  14

Екі павлодарлық триатлоннан TEMIRADAM кубогын сынға салуда жеңімпаз атанды
21:14 06.10.2022  16

Павлодарлықтарды «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына қатысуға шақырады
20:42 06.10.2022  23

Павлодарда рұқсат етілмеген жер жұмысын жүргізгендер жазаланды (ВИДЕО)
20:11 06.10.2022  25

Леонид Баталов: Өмір бойы "Ертіс – Қарағанды"каналындамын
19:47 06.10.2022  33

Айман Оспанова: Өмірге сәби алып келу оңай емес
19:08 06.10.2022  34

Павлодарда компьютер ойындарының саундтректерінен құрылған концерт өтеді
18:32 06.10.2022  49

Пәтерін тарақандар басқан: Павлодарда мүшкіл халдегі зейнеткер хосписке жатқызылады
18:03 06.10.2022  58

Ақсуда шөпті дұрыс сақтамау салдарынан қора жанып кетті
17:32 06.10.2022  67

«ASTAUfest 2022»: Павлодарлық студенттер гастрономиялық фестивальде үздік атанды
17:05 06.10.2022  37

Павлодарда көлік қағып кеткен әйел жансақтау бөліміне түсті
16:56 06.10.2022  39

Екібастұзда монша мен қойма жанды (ВИДЕО)
16:06 06.10.2022  35

Павлодар облысында 20 жылдан кейін иесіз қалған үйлерге қатысты мәселе шешілді
15:34 06.10.2022  43

Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды
15:08 06.10.2022  69

Павлодар облысында орман шаруашылықтары 700 мың қарағай көшетін отырғызады
14:26 06.10.2022  51

Павлодардағы Абай атындағы гимназия несімен әйгілі?
14:03 06.10.2022  101

AMANAT партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке ұсыну шешімін қабылдады
13:05 06.10.2022  53

Павлодарда жүргізушіден синтетикалық есірткі табылды
12:36 06.10.2022  51

Павлодарда жас жігіт өз жолағымен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті
12:04 06.10.2022  59

Дәрігерлер Павлодарда көлік қаққан тоғыз жасар қыздың денсаулығы туралы айтты
11:35 06.10.2022  57

Павлодарда ер адам дүкеннен Kinder шоколадтарын ұрлады
11:11 06.10.2022  62

Павлодарда бірқатар кітапханалар бір күн жұмыс істемейді
10:40 06.10.2022  64

Павлодарда сотталушы пробация қызметкерінің картасына «ерекше қарауы үшін» ақша жіберген
10:06 06.10.2022  59

Қазақстанда жер игерудің жаңа түрі пайда болуы мүмкін
09:40 06.10.2022  66

Павлодарлық оқушы 19-ғасырдағы отбасы мүшелері туралы деректерді жинады
09:07 06.10.2022  71

"Әбден қажып, әлі құрыған". Жамбыл облысында жоғалған әйел табылды
08:39 06.10.2022  71

6 қазанда Павлодарда жауын-шашын күтілмейді
08:03 06.10.2022  56

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Ел болашағы – ғылым мен білімде. Сайлаудың негізі – заң
23:43 05.10.2022  61

Павлодарда трамвай жолаушылары ерекше көрмеге билет ұтып алды
23:13 05.10.2022  79

"AMANAT"партиясының кезектен тыс XXIV съезіне қатысу үшін павлодарлық делегаттар жолға шықты
22:42 05.10.2022  91

Павлодар облысындағы екі колонияда кадрлық ауыс-түйіс орын алды
22:03 05.10.2022  81

Павлодарда «Ертіске тамған сөз нұры» атты әдебиетшілер форумы өтті
21:43 05.10.2022  96

Павлодарлық қорғаныс. Қазақстан әлем чемпионатына шығуға жақын болған оқиғадан естелік
21:04 05.10.2022  91

Мемлекет басшысы Павлодар алюминий зауытына барды
20:32 05.10.2022  90

Президент Павлодардағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияға барды (ВИДЕО)
20:01 05.10.2022  100

Павлодарда кішкентай баланы көлік қағып кетті
19:33 05.10.2022  100

Әнші Төреғали Төрәлі қабағын жарған жігітпен татуласты
19:05 05.10.2022  93

Мемлекет басшысы: Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет
18:31 05.10.2022  94

Президент Павлодар облысында қай салаларды дамытуда басымдық беру керектігін айқындады
18:18 05.10.2022  112

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады
18:00 05.10.2022  101

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады
17:34 05.10.2022  107

Жыл соңына дейін Павлодар-Астана әуе қатынасын қалпына келтіреді
17:07 05.10.2022  96

Президент келесі жылы Павлодарда Ертіс өзеніне жаңа көпір салуды бастауды тапсырды
16:49 05.10.2022  107

Қасым-Жомарт Тоқаев Ертістің суын тиімді пайдалануға кеңес берді
16:40 05.10.2022  114

Мемлекет басшысы: Павлодар облысы - еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі
16:20 05.10.2022  100

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді
15:55 05.10.2022  124

Педагогтерді қолдауға қатысты барлық жұмыс жалғасады - министр
15:39 05.10.2022  102

Успен ауданында жөнделген көшелерде веложарыс ұйымдастырылды
15:06 05.10.2022  110

Балалар жылына орай мемлекеттік сыйлық тағайындалды
14:38 05.10.2022  87

«Ақсу» командасының футболшысы қыркүйек айының еліміздегі үздік ойыншысы атанды
14:10 05.10.2022  100

Павлодарда таксиге отырып кеткен жігіт табылмай жатыр
13:26 05.10.2022  145

2023 жылы Ораза 23 наурызда басталады
13:06 05.10.2022  108

Павлодарда «Усолка» экосаябағындағы ландшафт өзгертілмейді
12:28 05.10.2022  104

Май ауданында арматура ұрлағандардың ісі сотта медиация тәртібімен шешілді
12:05 05.10.2022  107

Павлодарда көп қабатты үйде лифтінің жанында түкірінген адам жауапқа тартылды (ВИДЕО)
11:32 05.10.2022  115

«Мектепке жол»: Павлодарда биыл қанша балаға көмек көрсетілді?
11:06 05.10.2022  123

Павлодарда жалғызбасты қария адам шошырлық жағдайда өмір сүруде
10:44 05.10.2022  125

Павлодар облысында екі адамнан коронавирус анықталды
10:02 05.10.2022  100

Илон Маск Twitter-ді қайта сатып алуды ұсынды
09:41 05.10.2022  100