Павлодар облысында 20 қаңтардан бастап санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енеді
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Павлодар облысында 20 қаңтардан бастап санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы  күшіне енеді 18.01.2021

Павлодар облысында 20 қаңтардан бастап санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енеді

Бас санитарлық дәрігер карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жаңа құжат 20 қаңтардан бастап күшін енеді.

Павлодар облысы коронавирустың таралуына байланысты қайтадан қызыл аймаққа  енуіне байланысты өңірде қосымша шектеулер енгізілді.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері Павлодар облысында сауда орталықтары, базарлар, азық-түлік емес дүкендер мен бутиктер, спорт нысандары, моншалар мен сауналар жұмыс істемейді.

Қоғамдық көлік саны қарбалас уақытта артады, бірақ сенбі және жексенбі күндері автобустар мен шағын автобустар жүрмейді.

Қаулының толық мәтіні:
 
Мен, Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Алиев Батырбек Төлеубекұлы, Павлодар облысы тұрғындарының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  № 360-VI ҚРЗ Кодексінің  38-бабына, 104-бабы, 2-тармағының 3)-тармақшасына, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 67 Қаулысына, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» № 68 Қаулысына сәйкес,ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:     

1.Павлодар облысының әкімдігі, облыс қала мен аудан әкімдері, мемлекеттік орган, ұйым, кәсіпкерлік субъектілерінің, заңды тұлға басшылары:
1) ашық және жабық ғимараттарда көріністі, спорттық іс-шараларды, отбасылық,ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру)  іс-шараларын  және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге (митингілер, шерулер, көрмелер, конференциялар, жиналыстар, көрсетілімдер т.б.) өткізілуіне; сондай-ақ жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салу»;
2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кино-театрлар, батуттар мен балалар және ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындары) қызметіне тыйым салу;
3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуымен ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі;
4)  мәдениет объектілерінің (дайындық), театрлардың қызметіне тыйым салу;
5)  фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
6) спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу;
7)  кеңестерді  (отырыстарды) көзбе-көз  режимінде өткізуге тыйым салу;
8)  кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беру;
9) қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалдарын кесте бойынша шектеумен қамтамасыз ету;
10) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан :
– 300 адамға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту, балалар санын 15 адамнан асырмай;
- жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 4-ге дейінгі сыныптарда,  ата-аналарының өтініші бойынша балалар саны 15-тен аспайтын сыныптардың толық жиынтығын ескере отырып  оқыту;
- мектеп бітіруші сыныптар (11(12) сыныптар) үшін аптаның 6 күнінде аралас білім беру: 70% пәндер штаттық режимде, 30% - қашықтықта (сыныпта 15 адамнан көп емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет принципі бойынша оқыту) -  мектепте бір мезгілде жобалық қуатының 30% - дан аспайтын болуы, санитарлық-дезинфекциялық режимді, бетперде  режимін күшейту);
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша оқушыларды сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке оқыту;
11) колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін екінші семестрінен штаттық оқытуға  рұқсат беруді; 
12) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын сақтай отыра және ұжымдық іс-шаралар өткізбей, толымдылығының қуатынан 30%-дан аспауын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне жекелей рұқсат беруді; 

13) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын сақтай отыра гүлдер дүкендерінің қызметіне уақытын шектеусіз рұқсат беруді;
14) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығын                     қуатынан 20%-дан асырмай, сағат 22:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра, сауда орталықтарының (ойын-сауық орталықтарын, фудкорттарды, кинотеатрларды қоспағанда), сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беру (азық-түлік тауарларын өткізу объектілерін, дәріханаларды, сұлулық салондарын, білім беру үйірмелерін қоспағанда); 
15) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығының қуатынан 20%-дан аспауын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс тәртібін сағат 19:00-ге дейін шектеумен, азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін жабық базарлардың қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беру;

16) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығының қуатынан 20%-дан аспауын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда азық-түлік және азық-түлік емес базарларының (ғимараттан тыс) жұмыс тәртібін сағат 19:00-ға дейін шектеумен,  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беру; 

17) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығының қуатынан 20%-дан аспауын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда азық-түлік дүкендерінің қызметіне  8:00-ден 22: 00-ге дейін рұқсат беру; 
18) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығының қуатынан 20%-дан аспауын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс тәртібін сағат 20:00-ге дейін шектеумен азық-түлік емес дүкендерінің  қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беру;
19) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығының қуатынан 20%-дан аспауын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған құрылыс тауарларды сату бойынша объектілердің қызметіне рұқсат беру, жұмыс тәртібі 20:00-ге дейін шектеумен;
20) ғимарат ішіндегі жалпы 30 орыннан  асырмай, әлеуметтік арақашықтықтың, отырғызылуын, үстелдердің көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр арақашықтықта орналастырылуын және бір үстел алдында 4-6-дан аспайтын адамдардың отырғызылуын сақтап, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа жаппай өткізілетін іс-шараларды өткізусіз, сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен, ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра қоғамдық тамақтану нысандарының (мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар мен басқа нысандар) жеткізу/шығару режимінде – жұмыс режимін сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін шектей отырып, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің ас ішу залында  болуына тыйым салумен рұқсат беру;
21) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, толымдылығы 50% дейін,  30 отыратын орыннан аспаған, жеке кірер жері болған жағдайда, сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне  жұмыс уақытын сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен  рұқсат беру;
22) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, уақытын шектемей, 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр қамтамасыз етілген жағдайда, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызметтерді ұсынатын нысандардың жұмысына рұқсат беру;
23) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат беру;
24) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру ;
25) тиісті аумақтардың Бас санитарлық дәрігерлерімен келісе отыра, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда және ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан көп жинақтамай; өткізуге рұқсат беру; 

26)  ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, қуатынан 30%-дан аспайтын толымдылықты және бір келушіге кемінде 5 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, уақытын шектемей, алдын ала жазылу бойынша жеке және топтық жаттығуларға спорт кешендері мен спорт нысандары, оның ішінде фитнес-орталықтарының, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беру, объектілер қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беру;

27) ғимараттан тыс  жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай)  рұқсат беру;
28) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бір адамға су айнасының 5 шаршы метр есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметіне  рұқсат беру;

29) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бір адамға мұз айдынының  5 шаршы метр есебінен жабық мұз айдындарының жұмысына рұқсат беру, қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беру;

30) 2 метр арақашықтықты сақтай отырып, ашық мұз айдындарының жұмысына рұқсат беру;
31) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, қуатынан 30%-дан аспайтын толымдылықты және бір келушіге кемінде 4 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, уақытын сағат 8:00 ден 22:00-ге дейін шектеумен, моншалардың, сауналардың, СПА-орталықтардың қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі және  жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беру; 
32) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, медициналық орталықтардың, оптика дүкендерінің, стоматологиялардың және т.б.  аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуіне (жазылу бойынша) рұқсат беру;
33) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, дәріханалардың қызметіне рұқсат беру;
34) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жиналуы мен ұзақ тығыз байланысты тудырмайтын, халыққа байланыссыз қызмет көрсететін нысандардың қызметін (баспахана қызметтерін ұсынатын нысандар, тұрмыстық техниканы жөндеу; телешеберханалар; автосалондар; автожуу; зергерлік шеберханалар; аяқ-киім шеберханалары; тігін ательесі; аяқ-киімді, киімді жөндеу жөніндегі сервис, картридждерді толтыру және басқа нысандар) қызметіне жұмыс уақытын шектемей рұқсат беру;
35) автожанармай құю кешендері/станциялары жанындағы азық-түлік емес тауарларды сату бойынша (майлар, әйнекке арналған жуғыштар және т. б.) және азық-түлік тауарларын зауыттық орамада (алкогольсіз сусындар мен дайын 1 даналық бұйымдар) сату бойынша дүкендердің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%- дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
36) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, автомобиль тауарларын сатуға арналған объектілер (автомобиль бөлшектері, авто майлар, автоқосалқылар және т.б.) қызметіне уақытын шектемей рұқсат беру;

37) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бизнес-орталықтарының, және сол жерде орналасқан адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар,  азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сатуға арналған бутиктер (бөлімдер) және т.б.  нысандар  жұмысын жұмыс уақытын шектемей,  сол жерде орналасқан  азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сатуға арналған бутиктер (бөлімдер)  жұмысына сенбі және жексенбі  күндері тыйым сала отыра ұйымдастыру;

38) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының  және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының  бірлескен бұйрығы талаптары мен ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейлі банктер; банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шетел валютасымен қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде тек айырбастау пункттері арқылы жұмыс жасайтын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, несиелік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары; коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат беру;

39) «Азаматтарға арналған үкімет»МК» ҮЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін, сенбі  сағат 09.00 ден  14.00 дейін рұқсат беру. Сенбі, жексенбі және мереке күндері тыйым салу. Мамандандырылған ХҚО жұмыс  кестесі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін, сенбі  сағат 09.00 ден  14.00 дейін рұқсат беру.
40) жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден бастап 14:00-ге дейін, жексенбі күні – демалыс жұмыс кестесін белгілеумен, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. ХҚО жанындағы бөлімшелер жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін жұмыс істеуді қамтамасыз етсін. ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын орындай отыра, қызметтерді барынша онлайн форматта көрсетумен,  «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің жұмысын қамтамасыз етсін;
41) ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне; құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына (тұрмыстық бөлмелерде байланыс болмағанда) рұқсат беру;

42) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығын 80%-дан асырмай  туризм объектілерінің қызметіне (демалыс үйлері, демалыс аймақтары, туристік базалар  және т.б.) рұқсат беру;

43) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, 60%-дан аспайтын толымдылығын сақтаған жағдайда, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, және т. б.) қызметіне рұқсат беру;
44)ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беруді;

45) ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, топты                        15 адамнан асырмай жинақтаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат беруді;

46) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;
47) ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын орындай отыра,  мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін.  Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады;
48) ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын орындай отыра,   адам саны 15 тен аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін бетперде режимі және кемінде 2 метр арақашықтықты сақтай отыра, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларына) баруға рұқсат беру;
49) әлеуметтік арақашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, Жағалауға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға рұқсат беруді;
50) ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда,  қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат беру  (қарбалас сәтте автобустар санын ұлғайту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, толымдылығы отыратын орын саны бойынша, жолаушылардың қоғамдық көліктерге қорғаныс бетперделерінсіз кіруіне жол бермеу) қызметіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра рұқсат беру;
51) ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын орындай отыра, такси қызметтерінің қызметіне  (салонда жолаушыларды екі адамнан асырмау немесе бір отбасы мүшелерін бетперделік режимін сақтай отырып тасымалдау) рұқсат беру»;
52) ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын орындай отыра,қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді қамтамасыз етсін.
2. Жеке тұлғалар:
1) әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра, бес жасқа дейінгі балаларды және 5 адамнан аспайтын жеке, топтық жаттығулармен шұғылданатын тұлғаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халық баратын, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (соның ішінде, такси ішінде) болған кезде медициналық немесе тоқыма бетперделерді міндетті түрде киюді (әрбір 2 сағат сайын ауыстырумен);
2) объектілерге барғанда, қоғамдық көлікті пайдаланған кезде, сонымен қатар, жұмыс орындарда төмендегілерді сақтауды:
- қол алысуды болдырмау, адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қорғаныс бетперделерін дұрыс киюді қамтамасыз етуді;
- жеке гигиенаны (қолды жуғыш құралдармен жуу, санитайзерлерді (қолға арналған антисептиктер) пайдалану) сақтауды, түшкіру және жөтелу этикетін сақтауды;
3) респираторлық инфекцияның (тұмау, түшкіру, дене қызуы) алғашқы симптомдары пайда болған жағдайда 103 нөмірі арқылы жедел медициналық жәрдемді шақырту арқылы, медициналық ұйымдарға бармай, үйде медициналық көмекке шұғыл жүгінуді;
4) жерлеу іс-шараларын өткізген кезде кемінде 2 метр арақашықтықты, бетперделік режимді сақтай отыра, 10 адамнан аспайтын адамдардың жиналуына жол бермеуді.
5) отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және қатысуға, сонымен қатар, жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салуды қамтамасыз етсін.
6) 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуын шектеу ұсынылады  (қажеттілік жағдайларын қоспағанда).
3. Павлодар облысының әкімдігі, облыс қала мен аудан әкімдері, Полиция Департаменті, Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау  департаментінің аумақтық басқармалары:

1) қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік іс-шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақыласын.  Бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.
2) қызметіне шектеу қойылмаған объектілерді қоса есептегенде, объектілердің қызметін жаңартуды қамтамасыз етсін.
4. Павлодар облысының полиция Департаменті:

 1) жұмысты жалғастырсын және бетперделік режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәніне тұрғын үй секторының, парктердің, скверлердің, аулаішілік балалар ойын алаңдарының, демалыс аймақтарының, қоғамдық көліктің патрульдеуін қамтамасыз етсін, учаскелік қызмет жұмысын жасырын отбасылық, ұжымдық іс-шараларды (үйлену тойлары, ас беру, қайырымдылық пен басқа іс-шаралар) анықтауға бағыттасын;
2) COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды карантиннге жабу мен провизорлық госпитализациялау орындарының күзетін;  
3) COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген COVID-19-ға зертханалық зерттеуінің оң нәтижесі бар адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралардың қолданылуын қамтамасыз етсін.

5. Денсаулық сақтау басқармасы:
1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отыра, COVID-19-бен сырқаттанған адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарда жеке төсек-орындарды бөлуді;
2) егер серіктесте, нәтижесі шыққан күннен бастап 3 тәуліктен аспаған, ПТР әдісімен COVID-19 сынағының теріс нәтижесі бар анықтама болса серіктес босануға рұқсат беруді; 
3)барлық денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмек ерекшелігін ескере отыра, COVID-19 ды жоққа шығармайтын  клиникалық белгілері бар пациентті анықтаған жағдайда, оңашалауға арналған үй-жайларды бөлуді; 
4)COVID-19 сырқатына күдігі бар пациенттермен кездесуіне жол бермей, пациенттердің күн сайынғы ағымын бөлуді (басқа нозологиялық сырқаттар бойынша);
5)босандыру ұйымдарына босанатын әйелдер, сондай-ақ, көп бейінді стационарларға өмір көрсеткіштері бойынша  шұғыл көмек көрсетілуіне мұқтаж пациенттер келіп түскен жағдайда, медициналық көмек COVID-19-ға зертханалық зерттеу нәтижелерін күтпей-ақ, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, оңашаланған бөлмеде көрсетіледі. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда, медициналық көмек көрсетуге тартылған қызметкерлер үй карантинінде оңашалауға және COVID-19-ға зертханалық тексерілуге жатады. Нәтиже оң болған жағдайда жұмыстан шеттетіліп, емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады және 14 күн ішінде медициналық бақылауға жатады; 
6)барлық босандыру және балалық медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерді, босанатын әйелдерді, COVID-19 ға күдікті  ЖРВИ мен тұмау белгілері бар босанатын әйелдерді және балаларды, COVID-19 инфекциясы ПТР-мен расталғандарды, симптомсыз және жеңіл COVID- 19 ағыны бар, ПТР талдауының нәтижелері жоқ пациенттерді жатқызу үшін мамандандырылған бөлім ұйымдастыруды;
7)жүкті әйелдер мен балалардың босандыру және балалық медициналық ұйымдарға шұғыл түсу кезінде COVID-19 талдауы болмаса, орташа және ауыр коронавирустық инфекцияның клиникалық белгілері бойынша мамандандырылған мамандармен медициналық көмек көрсету үшін мамандандырылған бөлімге жатқызылады,  басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режимді сақталынады.
8) пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанатын әйелдерді және балаларды стационарға жоспарлы түрде госпитализациялау Госпитальдау Бюросының порталы арқылы амбулаториялық  қызмет мамандарының нұсқауы бойынша жүргізіледі, қолында тапсырған  күнінен бастап 7 күннен аспайтын COVID-19 тестілеу нәтижелері болған кезде жүзеге асырылады;
9) ҚР БМСД № 67 Қаулысының 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық зерттеуді;
10) ҚР БМСД № 67 Қаулысының 33-қосымшаға сәйкес зертханалық тексеру үшін COVID-19-ға күдігі бар науқастардан материалдың қауіпсіз алынуын ұйымдастыруды;
11)инфекциялық  және өзге медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуын;
12)қажет болған жағдайда үйде карантинде отырған адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай, еңбекке уақытша жарамсыздығының парақтарын (емдеу парағы)  ресімделуін;
13)денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-ға шалдыққан пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігін;
14)ҚР БМСД № 67 Қаулысының № 4-қосымшаға сәйкес таза және лас аймақтарға бөлумен, барлық медициналық ұйымдардың инфекциялық стационар қағидаты бойынша қызмет етуін;
15)стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантинді сақтауды;
16)ҚР БМСД № 67 Қаулысының  №34-қосымшаға сәйкес COVID 19 шараларын өткізуге қатысушы  медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі алгоритмін орындауды; 
17)өліктерді сою кезінде (аутопсия) патологанатомиялық, сот-медициналық сараптама қызметі саласындағы жұмысты жүзеге асырып отырған ұйымдарда жұмыстан шығар жерде дене қызуын өлшеуді қоса есептегенде, өзін оңашалаусыз, ҚР БМСД № 67 Қаулысының №32-қосымшаға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды – жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, 
18)пациенттердің бүкіл ағынының дене қызуын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отыра, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында шлюздерді ұйымдастыруды;
19)көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімшесінде пациенттердің күн сайынғы ағынын жоспарлық және шұғыл госпитальдау бойынша жекелей бөлуді;
20)ҚР БМСД № 67 Қаулысының  №3-қосымшаға сәйкес әрекеттері COVID-19-ға күдігі бар науқастарды тасымалдаумен, ошақта жұмыс жасаумен, емдеу және қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың тиісті қорғаныс деңгейі бар ЖҚҚ пайдалануын бақылауды;
21)COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік, стандартталған операциялық шараларды (СОШ) орындау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына арнап семинарларды ұйымдастыруды және өткізуді; 
22)COVID-19 кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөнінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдегі медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлерін толықтай қамтумен, нұсқаулық жүргізуді;
23)ҚР БМСД № 67 Қаулысының № 35-қосымшаға сәйкес  COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупіне ие адамдарды  оқшалауды;
24)ҚР БМСД № 67 Қаулысының № 36-қосымшасына және клиникалық протоколға сәйкес  COVID-19 симптомы жоқ вирус тасымалдаушыларды оқшаулау шарттары болған жағдайда үйдегі карантин мен медициналық бақылауын;   
25)тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыруға арналған талаптарына сәйкестігін бағалауды;
26)үйдегі медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантинінің талаптарын сақтауға бақылауды;
27)шетелден келген,  дене қызуы жоғары адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін, инфекциялық стационарға жатқызуды; 
28)ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өтуі туралы анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларда орналастыруды;
29)үйде оңашалау шарттарымен (үй карантині), COVID-19 науқаспен байланысқа түскен (жақын байланыс) адамдардың зертханалық тексеруі мен медициналық бақылауын;
30)ҚР БМСД № 67 Қаулысының № 37-қосымшаға сәйкес халыққа профилактикалық екпе жүргізуді;
31) ҚР БМСД № 67 Қаулысының № 33, 35, 36-қосымшаларға сәйкес байланысқа түскен адамдар мен симптомы жоқ вирус тасымалдаушылардың медициналық бақылауы мен зертханалық тексеруін;
32)диагнозды анықтаған соң, 6 сағат ішінде CОVID-19-пен сырқаттанудың әр жағдайына, соның ішінде, «CОVID-19 Коронавирустық инфекциясы (Вирус теңдестірілмеген)» U07.2 коды бойынша санитарлық – эпидемиологиялық бақылау  департаментінің  аумақтық бөлімшелеріне  шұғыл хабарламаның берілуін;
33) COVID-19 симптомсыз түрлеріне шалдыққан пациенттерді қоса есептегенде, үй карантинінде қашықтықтан бақылауға арналған ұялы қосымшаның енгізілуін қамтамасыз етсін;
34) эпидемиологиялық қадағалау мақсатында, Павлодар облысы бойынша сот сараптамасы қызметі қызметкерлерінің  COVID-19 ға зертханалық тексерістен  өтуін қамтамасыз етсін;
35) сот сараптамасы барысында алынған мүрде материалын ПТР әдісі арқылы COVID-19 ға зертханалық тексеруді қамтамасыз етсін.

6. Денсаулық сақтау басқармасына, санитарлық – эпидемиологиялық бақылау  департаментінің  аумақтық басқармаларына, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, меншік формасына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан зертханалар:
1) осы Қаулының 33-қосымшасына сәйкес COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және №67 Қаулының 41-қосымшасына сәйкес зертханалық ПТР зерттеуінің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы  хабарлауды қамтамасыз етсін.
7. Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Шектеулі карантиндік шаралар туралы» №15  Қаулысы күшін жойды деп танылсын.
8. Облыстың қалалары мен аудандарының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға орай карантиндік шараларды қатаңдату бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
9.  Осы қаулының меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін орындауы міндетті болып табылады. Заң бұзушылықтар анықталса, құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде жедел шаралар қабылдансын.
   10. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
        11. Осы Қаулы 2021 жылғы 20 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Павлодар облысының
Бас мемлекеттік
  санитарлық дәрігері                                                      Б. Алиев



Фото: Ольга Бугаева


Количество показов: 638

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодарлық этномәдени бірлестік өкілдері: Референдумда 30 жыл жұмыс істемей келген заңдарға өзгеріс енеді
18:07 24.05.2022  13

Павлодарда патриоттық әндер байқау-фестивалі өтті
17:39 24.05.2022  23

Банк операторларына клиенттердің деректер базасы жабылады
17:09 24.05.2022  25

Баянауыл тұрғыны алты минутта жеткен өрт сөндірушілерге алғыс айтты (ВИДЕО)
16:23 24.05.2022  30

Павлодарда күйеуінен кек алмақ болған әйел көлікті есептен шығарған (ВИДЕО)
16:06 24.05.2022  37

Павлодарда күзге дейін қандай сауда орындары абаттандырылады?
15:36 24.05.2022  34

Павлодарда жол қозғалысы ережелерін үздік білетін оқушылар анықталуда
15:02 24.05.2022  59

«Ақсу» ФК қысқа мерзімді демалысқа шықты
14:20 24.05.2022  47

Қазақстанда егіс суының тарифі қайта қаралуы мүмкін
13:40 24.05.2022  50

Үйге баруға қорқамын: Екібастұзда көршісінен қорлық көрген әйел көмек сұрауда
13:02 24.05.2022  66

Павлодарда облыстық көкпар ойындары өтеді
12:20 24.05.2022  60

Павлодарлық полицейлер Өзбекстан фермеріне көмектесті
12:05 24.05.2022  56

Арасында қыздар бар: Павлодарда жаппай төбелес (ВИДЕО)
11:26 24.05.2022  63

Павлодарда кәсіпкерлер мен салық органдары тіл табыса алмай отыр
11:04 24.05.2022  66

26 мамыр күні Павлодарда бірқатар дүкендер мен дәмханаларда су болмайды
10:21 24.05.2022  74

Железин ауданында мүгедектердің құқықтары бұзылған
10:02 24.05.2022  64

Министр мектеп асханаларының жұмысындағы проблемаларға тоқталды
09:35 24.05.2022  62

Павлодарда барлық жеке меншік қосалқы электр станцияларын ауыстыру жоспарлануда (ВИДЕО)
09:10 24.05.2022  67

«7-20-25» және «Нұрлы жерді» жаңа бағдарлама алмастырады
08:33 24.05.2022  95

24 мамырда Павлодарда күн райы құбылмалы болады
08:02 24.05.2022  76

Успен тұрғындарына ел Конституциясына енгізілген түзетулер туралы айтылды
22:05 23.05.2022  98

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: 30 жыл жөнделмеген желі жаңаруда. Жазғы мектеп: сабаққа бару міндет пе?
21:36 23.05.2022  119

Студенттерден кадрлық резерв қалыптастыру үшін Student’s Book құралы жасалды
21:09 23.05.2022  112

Павлодар облысында жалған құжатты пайдаланған азамат жазаланды
20:37 23.05.2022  143

"Жауапкершілікті өз мойнына ала білу керек": павлодарлық психолог қала тұрғындарын референдумға дауыс беруге шақырады
20:06 23.05.2022  140

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ – министрлік
19:39 23.05.2022  120

Павлодар облысында сүт-тауарлы фермалардың санын арттыру жоспарлануда
19:08 23.05.2022  144

Павлодарда бұзылуы тиіс үй жанды (ВИДЕО)
18:25 23.05.2022  133

Қайдасың, София? Павлодарлықтар із-түзсіз жоғалған әйелді іздестіруде
18:02 23.05.2022  137

Әлеуметтік сауалнама: қазақстандықтардың 72%-дан астамы референдум өткізу идеясын қолдайды
17:28 23.05.2022  120

Павлодар соты оқушының құқығын қорғады
17:03 23.05.2022  163

Павлодар облысында ҰБТ тапсыру басталды
16:32 23.05.2022  135

Отандық киножобаларды қаржыландыруға 4,4 млрд теңге бөлінді
16:04 23.05.2022  139

Павлодардағы әскери бөлімде әдеби күн өтті
15:32 23.05.2022  191

Жеңілдетілген автонесие резервінде 8 мың көлік бар
15:08 23.05.2022  157

Павлодарлық оқушылар үшін оқу-дала жиынында алғаш рет мамандандырылған қызметтермен кездесу өткізілді
14:19 23.05.2022  161

Алдағы үш күнде ауа райы суытып, 2 градусқа дейін үсік болады
13:29 23.05.2022  166

Павлодарлық ата-аналарды аутистік спектрдің бұзылу белгілерін анықтауды үйретті
13:03 23.05.2022  178

Бақылау чипі бар төлқұжат - ІІМ әлеуметтік желідегі видеоға түсінік берді
12:43 23.05.2022  153

Павлодарда ардагерлер спорттың төрт түрінен сынға түсуде
12:12 23.05.2022  186

Павлодарлық «Майдан жолы» жасағы Беларусь елінде қазақстандық жауынгерлерге гранит ескерткіш орнатпақ
11:43 23.05.2022  168

Ұлыбританияда ірі қараның мойнына GPS-бау тағылды
11:04 23.05.2022  157

Әбілқайыр Сқақов Екібастұз тұрғындарынан Direct-те сұрақтар күтеді
10:40 23.05.2022  167

Павлодарлықтар басқарма басшыларына сұрақ қоя алады
10:02 23.05.2022  205

Павлодарда суға түсу маусымын 10 маусымда ашу жоспарланып отыр
09:26 23.05.2022  176

Pavlodarnews.kz тілшісі страйкбол турнирінде жүлдеге ие болды
09:03 23.05.2022  194

Бейжің тұрғындары ковид қонақ үйлеріне орналастырыла бастады
08:31 23.05.2022  175

Дүйсенбі Павлодар облысында қатты жел мен үсік күтіледі
08:02 23.05.2022  195

Головкинмен жекпе-жек бола ма? Әлімханұлы мәлімдеме жасады
20:31 22.05.2022  243

Павлодарда отбасыларға үш тілді үйрететін курс басталды
19:37 22.05.2022  221

АШМ жайылым жерлерін әділ бөлудің жаңа тетігін әзірлеп жатыр
18:41 22.05.2022  226

Павлодарда 9-сынып оқушыларына қандай мамандық таңдауға болатыны айтылды
17:50 22.05.2022  230

Ертеңнен бастап Ленин кентінде су беру шектеледі
16:46 22.05.2022  238

Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот жасады
15:51 22.05.2022  229

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атанды
14:29 22.05.2022  262

Павлодар қалалық кітапханасында Мұхтар Шахановтың мерейтойына арналған поэзиялық кеш өтті
13:33 22.05.2022  289

Халықаралық олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға ақшалай сыйақы беріледі - БҒМ
12:35 22.05.2022  240

Павлодарлық палуан қазақ күресінен ҚР Кубогының жүлдегері атанды
11:31 22.05.2022  269

«Ордабасы» мен «Ақсу» матчы кейін ойнатылады
10:40 22.05.2022  254

«Халық әртісі» атағы қайтарылады. Өнер адамдары сүйінші сұрасып жатыр
09:17 22.05.2022  295