Павлодар облысында бұрын оқылмаған арабжазулы құлпытастар зерттелді
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Правительство для бизнеса
Павлодар облысында бұрын оқылмаған арабжазулы құлпытастар зерттелді 13.08.2020

Павлодар облысында бұрын оқылмаған арабжазулы құлпытастар зерттелді

Зерттеу барысында жаңа тарихи деректер шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобасы бойынша 2020 жылдың 28 шілдесі мен 7 тамызы аралығында Павлодар облысының арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштерін зерттеу мақсатында т.ғ.к. Дина Медерова, Бағдат Дүйсенов, Құралай Құрманбаева Ертіс-Баян өңірінде ғылыми экспедицияда болды.
117039070_1463029007222695_5402473657632296865_o.jpg

Арабжазулы эпитафияларды оқыған институттың аға ғылыми қызметкері, арабтанушы - Бағдат Дүйсенов.

- Экспедиция барысында 50-ге жуық құлпытас зерттелді. Құлпытастардың көбі - Баянауыл ауданында. Облыстағы құлпытастар туралы ПМПУ жанындағы Margulan Centre орталығының мамандарымен алдын ала хабарластық. Сондай-ақ ел арасындағы өлкетанушылар жол бастады, - деді Бағдат Дүйсенов.
117375074_1463041787221417_1359716529832179249_o.jpg
Бағдат Дүйсенов Ақкөл-Жайылмадағы Қожалар қорымында болғандарын және Исабек ишанның басына қойылған құлпытаста жаңа дерек анықталғанын атап өтті.

- Бұл жерде бұрын оқылмаған арабжазулы ескерткіштер оқылды, аударылды. Исабек ишанның дүниеден өткен күні әртүрлі айтылатын. Нақты бір дерек болған жоқ. Осы экспедицияда ишанның басына қойылған құлыптаста қайтыс болған жылын оқыдық. Құлпытаста араб тілімен ишанның Хижра күнтізбесі бойынша 1300 жылы 9 рамазанда, дүйсенбі күні көз жұмғаны жазылған. Бұл 1883 жылдың 30 шілдесіне сай келеді. Жалпы Исабек ишанның құлпытасы – ерекше. Бұндай құлпытасты бұрын кездестірмегенбіз, - деді Бағдат Дүйсенов.
117342270_1463036877221908_6158350404038308936_o.jpg
Институттың аға ғылыми қызметкері құлпытастарға күтім керек екенін және әлі зерттелетін дүниелер көп екенін айтты.

- Құлпытастардың бәрі - тарихи анық айғақтар. Әлі зерттеуді қажет етеді. Халық ұмытып қалған. Баянауылда қай құлпытас кімдікі екенін шатастырып жүрген жағдай да анықталды. Қай жерде қандай құлпытас бар екені туралы енді хабар кеп жатыр. Сондай-ақ далада, жаңбырдың астында құлпытастар қирап, күннен-күнге шөгіп жатыр. Кейбіріне бетон құйып бекіткен кезде жазулар астында қалып қойған. Қорымдарда үлкен тұлғалар жатыр. Мұның бәрі - біздің мәдениетіміз. Қоршауға алу керек. Мамандармен түзету қажет. Біз институт жобасымен зерттеп, өзімізге белгілеп алдық. Өңір басшылығы жоба ретінде тапсырыс беріп, қолдау танытса, біз қолға алуға дайынбыз, - дейді Бағдат Дүйсенов.
117124796_1463035957222000_3845030277419605593_o.jpg
Айта кетейік, Ертіс-Баян өңіріндегі экспедиция барысында оқылған құлпытастарда Құран аяттары, Шығыстың танымал ақындарының өлең жолдары, мадақ жырлар кездеседі. Мадақ жырларда тұлғаның шыққан тегі, ұстанған жолы, атқарған еңбегі туралы мәлімет алуға болады.

Оразбек Саяхат
Фото: Бағдат Дүйсеновтың facebook парақшасынан

Количество показов: 1197

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар облысының әкімі педагогтарды Ұстаздар күнімен құттықтады
12:49 02.10.2022  14

Павлодарда сотталғандар ұстаздарға торт дайындады
12:20 02.10.2022  20

Еурокомиссия ресейліктерге виза беруді қатаңдатуға шақырды
11:09 02.10.2022  33

Павлодар облысында бір адамнан коронавирус анықталды
10:12 02.10.2022  32

Бір облысты шетелге беру туралы жалған ақпарат авторына қылмыстық іс қозғалды – Бас Прокуратура
09:21 02.10.2022  36

2 қазанда Павлодарда жауын-шашын күтілмейді
08:18 02.10.2022  47

Соңғы екі күнде Ресейден келген мигранттар саны едәуір төмендей бастады - Үкімет
21:23 01.10.2022  65

Павлодарда көпқабатты үйде жаңа лифт орнатылды
20:26 01.10.2022  75

Павлодарда білім саласының үздік басшылары Түркия мен Бурабайға жолдама алды
19:13 01.10.2022  85

Павлодарда мемлекеттік қызметшілер арасында желаяқтар анықталды
18:14 01.10.2022  80

Павлодарда тыл еңбеккері 110 жасқа толды
17:41 01.10.2022  90

Павлодарда сотталғандар зейнеткерлерге үш жүз бөлке нан пісірді
17:08 01.10.2022  94

Оппозиция кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
16:17 01.10.2022  81

Павлодар қаласының әкімі жарты ғасыр толған үйдің тұрғындарын мерейтоймен құттықтады
15:16 01.10.2022  83

Түнде үйлеріне қалай жетеді? Павлодарлық ата-ана университеттің жұмыс кестесіне шағымданды
14:10 01.10.2022  111

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі
13:17 01.10.2022  100

Успен ауданында полицейлер Ресейде тұратын ерлі-зайыптыға қызына келуге көмектесті
12:03 01.10.2022  108

Президентке қастандық жасамақ болған адвокат 17 жылға сотталды
11:13 01.10.2022  109

Павлодарда ширек ғасырға жуық еңбек еткен ұстаздарға сый-сияпаттар табыс етілді
10:15 01.10.2022  111

Әбілқайыр Сқақов: Аға буын ардагерлер - рухани күш-жігер мен қайсар мінездің үлгісі
09:45 01.10.2022  137

Қазақстанда желтоқсан айындағы демалыс күндердің саны азайды
08:43 01.10.2022  110

1 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады
08:04 01.10.2022  102

Ертең Павлодарда кімдер трамваймен тегін жүреді? (ВИДЕО)
22:24 30.09.2022  152

Павлодар облысының үздік 13 педагогы үш миллион теңгеге ие болды
21:41 30.09.2022  144

Павлодарлық жемқорлыққа қарсы күресшілер тәуекел картасын әзірледі
21:06 30.09.2022  126

Әбілқайыр Сқақов: 8-сыныпта достарыммен бірге сабақтан қашамыз деп жазаланғанбыз (ВИДЕО)
20:39 30.09.2022  181

Әбілқайыр Сқақов «Лондон-2012» Олимпиадасының медаліне ие болған павлодарлық палуанды құттықтады
20:04 30.09.2022  147

Павлодар облысының жас партиялықтары жаңа Тұғырнама жобасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады
19:46 30.09.2022  149

Жидебайда өткен республикалық жыр мүшәйрасында павлодарлық ақын жүлделі болды
19:08 30.09.2022  147

Төреғали Төрәлі тергеу изоляторына қамалды
18:35 30.09.2022  151

Екібастұзда «КамАЗ» бен автокөлік соқтығысып, алты жасар қыз зардап шекті
18:03 30.09.2022  157

Павлодарда көпқабатты үйлерге неліктен жылу жетпей қалды?
17:36 30.09.2022  184

Павлодарда жанып жатқан үйден әйелді алып шыққан Иса есімді жігіт іздестірілуде
17:05 30.09.2022  184

Екібастұзда ішіп алып, баласына жала жапқан әйелге айыппұл салынды (ВИДЕО)
16:39 30.09.2022  152

Калифорния мектебінде атыс болып, алты адам жарақаттанды
16:06 30.09.2022  201

Павлодар облысында елу шақты ұстаз марапатталды
15:32 30.09.2022  185

Павлодарда үш көлік соқтығысты (ВИДЕО)
15:08 30.09.2022  91

Мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз – Президент
14:27 30.09.2022  168

«Астана-Павлодар» бағытындағы электр пойызы алты бас жылқыны қағып кетті
13:20 30.09.2022  190

Павлодар облыстық ауруханасында жаңа технологиялар енгізілуде
13:06 30.09.2022  167

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
12:32 30.09.2022  183

Павлодар облысында 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы жаппай вакцина салу басталады
12:05 30.09.2022  170

АҚШ-та синтетикалық ескірткіден көз жұмғандар саны өскен
11:41 30.09.2022  183

Павлодарлық тұрғын жалған дипломмен мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасқан
11:07 30.09.2022  192

Павлодарда аялдаманың бірінде тарихи тұлғалардың суреттерін шатастырып алған
10:45 30.09.2022  179

Павлодарда жасалған жаңа грейфтік кранға Ресей тау-кен өндіруші компаниясы тапсырыс берді
10:09 30.09.2022  211

Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшысына көші-қонға қатысты бақылауды күшейтуді тапсырды
09:40 30.09.2022  203

Павлодарда «КамАЗ» мас жаяу жүргіншіні қағып кетті
09:15 30.09.2022  187

Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды
08:45 30.09.2022  177

Жұма күні Павлодар облысында тұман күтіледі
08:02 30.09.2022  185

Әбілқайыр Сқақов: Жастар ауылдан кетпеуі үшін жағдай жасау қажет
23:36 29.09.2022  198

Павлодарда "Асфальтобетон-ПВ" ЖШС-де өрт шықты
23:15 29.09.2022  190

Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде алты ауданның өнімі ұсынылады
22:19 29.09.2022  214

Міндеттерін мінсіз атқарған екібастұздық полицейлер алғыс арқалады
21:49 29.09.2022  203

Павлодар облысының әкіміне ақсулықтардан 150-ден астам сұрақ келіп түсті (ВИДЕО)
21:27 29.09.2022  218

Павлодарда қонақ үй иелеріне шетел азаматтарын қабылдау ережелері түсіндірілді
20:43 29.09.2022  223

Павлодарлық акробаттар Азия чемпионатында жүлделі болды
20:14 29.09.2022  222

Павлодарда «AMANAT» партиясының қалалық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті
19:37 29.09.2022  251

Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылына кірме жол жөнделе ме?
19:05 29.09.2022  215

Ақсулықтар сегізінші шағын ауданға қазақ мектебін салуды өтінді
18:21 29.09.2022  202