Павлодар облысында банкроттыққа өтініш берген ұйымдардың 10 млрд теңгеден астам салық қарызы бар
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Правительство для бизнеса
Павлодар облысында банкроттыққа өтініш берген ұйымдардың 10  млрд теңгеден астам салық қарызы бар  21.09.2022

Павлодар облысында банкроттыққа өтініш берген ұйымдардың 10 млрд теңгеден астам салық қарызы бар

 Павлодарда жаңа заң бойынша банкроттық қандай жағдайда жарияланатыны айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өзгерістер туралы баспасөз жиынында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Роза Сейтбатталова айтып берді. 

- Елімізде салық төлеушілердің арасында кейбір салықтарды, басқа да қарыздарын төлемей жасырып қалатын заңды тұлғалар болады. Тексеру нәтижесінде акт жасалып, шыққан сома борышкерге міндеттеледі. Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан ол қарызды күшпен өндіріп алу шарасы қолданылады. Егер ол жүзеге аспаса, банкроттық процедурасы қолданылады, - деді Роза Сейтбатталова.

Спикердің айтуынша, банкроттық – сот шешімімен борышкердің қарызды қайтаратын жағдайы жоқ деп танылуы. 

Алайда, ұйымның банкрот болмай тұрып өтуіне болатын 2 жолы бар. Ол - оңалту және қайта құру процедуралары. 

- Оңалту кезеңінде сот отырысында заңды тұлға өзінің қазір қарыздарды төлей алмайтынын және әрі қарай ісін жалғастырғысы келетінін болашақта жоспары бар екенін, келісімшарттар жасайтынын көрсетеді. Мұнда оңалту кезеңіне басқарушы тағайындалады. Оған несие берген кесте жасалып, кезек-кезекпен 5 жыл ішінде қарыздар қайтарылады, - деді Роза Сейтбатталова.

Оның айтуынша, егер 5 жылда қарызды қайтарса, қайта қалыпқа келеді. Яғни, мемлекет жұмыс істегісі келетін кәсіпорынға уақыт береді. Оңалту уақытында қарыздар бойынша ешқандай үстемақы қосылмайды. Оған қоса, сол уақытта борышкер жеке мүліктерін сата алмайды. 

- Ал, қайта құру процедурасы кезінде оңалтудағыдай басқарушы болмайды. Ол барлық несие берушілермен өзі келісімге келеді. Олар келіссе, 3 жыл ішінде қарызын қайтарады, - деді Роза Сейтбатталова.

Аталған қос кезеңге мүмкіндігі жоқ болса, банкроттық процедурасы басталады. Мұнда борышкер өзінің барлық қаржылық жағдайын қарап, төлей алмайтындай болса, сотқа банкроттыққа өтініш береді сотқа. 

- Қазір заң бойынша банкроттық 9 ай ішінде жүзеге асырылады. Бұрын 3 ай болған. Қарыздары жеке мүліктері есебінен қайтарылады. Қазір мен банкрот болсам, менің қарыздарым жойылады деген жоқ. Енді кәсіпорын банкрот болса, қарыздары лауазымды тұлғаларға көшеді. Лауазымды тұлғаларға басшылармен қатар, бухгалтер де кіреді, - деді Роза Сейтбатталова.

Басқарма басшысы сондай-ақ тұлғалардың банкроттықты әдейі жасағаны қарастырылатынын атап өтті. 3 жыл ішінде сатылған мүліктері қайтарылады. Сондықтан кәсіпорындардан мүліктерді сатып алар кезде оның таза, ұйымның банкроттық жағдайда емес екенін қарап алу керек. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар облысында банкроттық бойынша ашылған сот істері бар. Банкроттыққа өтініш бергендердің салық бойынша қарыздары 10 млрд теңгеден асады.


Фото: ӨКҚ

Количество показов: 167

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар - Семей тас жолында көлік аударылып, бір адам қаза тапты
20:34 02.10.2022  2

Павлодар облысында жануарларда құтыру жағдайлары анықталды
19:45 02.10.2022  15

Бүгін Бразилияда президент сайлауы өтеді
18:07 02.10.2022  35

Павлодар облысында көкпар өтеді
17:20 02.10.2022  34

Баланың жандүниесін түсіне білу керек: Павлодарлық ұстаз мамандығының ерекшелігі жайлы айтты
15:23 02.10.2022  100

Павлодарда көшелерден екі мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
14:10 02.10.2022  40

"Ақсудың" жеңісті сериясы үзіліп қалды
13:25 02.10.2022  45

Павлодар облысының әкімі педагогтарды Ұстаздар күнімен құттықтады
12:49 02.10.2022  53

Павлодарда сотталғандар ұстаздарға торт дайындады
12:20 02.10.2022  52

Еурокомиссия ресейліктерге виза беруді қатаңдатуға шақырды
11:09 02.10.2022  65

Павлодар облысында бір адамнан коронавирус анықталды
10:12 02.10.2022  48

Бір облысты шетелге беру туралы жалған ақпарат авторына қылмыстық іс қозғалды – Бас Прокуратура
09:21 02.10.2022  66

2 қазанда Павлодарда жауын-шашын күтілмейді
08:18 02.10.2022  76

Соңғы екі күнде Ресейден келген мигранттар саны едәуір төмендей бастады - Үкімет
21:23 01.10.2022  86

Павлодарда көпқабатты үйде жаңа лифт орнатылды
20:26 01.10.2022  100

Павлодарда білім саласының үздік басшылары Түркия мен Бурабайға жолдама алды
19:13 01.10.2022  108

Павлодарда мемлекеттік қызметшілер арасында желаяқтар анықталды
18:14 01.10.2022  105

Павлодарда тыл еңбеккері 110 жасқа толды
17:41 01.10.2022  112

Павлодарда сотталғандар зейнеткерлерге үш жүз бөлке нан пісірді
17:08 01.10.2022  126

Оппозиция кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
16:17 01.10.2022  98

Павлодар қаласының әкімі жарты ғасыр толған үйдің тұрғындарын мерейтоймен құттықтады
15:16 01.10.2022  106

Түнде үйлеріне қалай жетеді? Павлодарлық ата-ана университеттің жұмыс кестесіне шағымданды
14:10 01.10.2022  144

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі
13:17 01.10.2022  126

Успен ауданында полицейлер Ресейде тұратын ерлі-зайыптыға қызына келуге көмектесті
12:03 01.10.2022  135

Президентке қастандық жасамақ болған адвокат 17 жылға сотталды
11:13 01.10.2022  134

Павлодарда ширек ғасырға жуық еңбек еткен ұстаздарға сый-сияпаттар табыс етілді
10:15 01.10.2022  131

Әбілқайыр Сқақов: Аға буын ардагерлер - рухани күш-жігер мен қайсар мінездің үлгісі
09:45 01.10.2022  165

Қазақстанда желтоқсан айындағы демалыс күндердің саны азайды
08:43 01.10.2022  134

1 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады
08:04 01.10.2022  121

Ертең Павлодарда кімдер трамваймен тегін жүреді? (ВИДЕО)
22:24 30.09.2022  183

Павлодар облысының үздік 13 педагогы үш миллион теңгеге ие болды
21:41 30.09.2022  166

Павлодарлық жемқорлыққа қарсы күресшілер тәуекел картасын әзірледі
21:06 30.09.2022  154

Әбілқайыр Сқақов: 8-сыныпта достарыммен бірге сабақтан қашамыз деп жазаланғанбыз (ВИДЕО)
20:39 30.09.2022  209

Әбілқайыр Сқақов «Лондон-2012» Олимпиадасының медаліне ие болған павлодарлық палуанды құттықтады
20:04 30.09.2022  176

Павлодар облысының жас партиялықтары жаңа Тұғырнама жобасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады
19:46 30.09.2022  172

Жидебайда өткен республикалық жыр мүшәйрасында павлодарлық ақын жүлделі болды
19:08 30.09.2022  172

Төреғали Төрәлі тергеу изоляторына қамалды
18:35 30.09.2022  184

Екібастұзда «КамАЗ» бен автокөлік соқтығысып, алты жасар қыз зардап шекті
18:03 30.09.2022  178

Павлодарда көпқабатты үйлерге неліктен жылу жетпей қалды?
17:36 30.09.2022  203

Павлодарда жанып жатқан үйден әйелді алып шыққан Иса есімді жігіт іздестірілуде
17:05 30.09.2022  216

Екібастұзда ішіп алып, баласына жала жапқан әйелге айыппұл салынды (ВИДЕО)
16:39 30.09.2022  175

Калифорния мектебінде атыс болып, алты адам жарақаттанды
16:06 30.09.2022  224

Павлодар облысында елу шақты ұстаз марапатталды
15:32 30.09.2022  204

Павлодарда үш көлік соқтығысты (ВИДЕО)
15:08 30.09.2022  104

Мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз – Президент
14:27 30.09.2022  186

«Астана-Павлодар» бағытындағы электр пойызы алты бас жылқыны қағып кетті
13:20 30.09.2022  210

Павлодар облыстық ауруханасында жаңа технологиялар енгізілуде
13:06 30.09.2022  186

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
12:32 30.09.2022  204

Павлодар облысында 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы жаппай вакцина салу басталады
12:05 30.09.2022  192

АҚШ-та синтетикалық ескірткіден көз жұмғандар саны өскен
11:41 30.09.2022  220

Павлодарлық тұрғын жалған дипломмен мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасқан
11:07 30.09.2022  211

Павлодарда аялдаманың бірінде тарихи тұлғалардың суреттерін шатастырып алған
10:45 30.09.2022  204

Павлодарда жасалған жаңа грейфтік кранға Ресей тау-кен өндіруші компаниясы тапсырыс берді
10:09 30.09.2022  226

Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшысына көші-қонға қатысты бақылауды күшейтуді тапсырды
09:40 30.09.2022  230

Павлодарда «КамАЗ» мас жаяу жүргіншіні қағып кетті
09:15 30.09.2022  203

Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды
08:45 30.09.2022  194

Жұма күні Павлодар облысында тұман күтіледі
08:02 30.09.2022  200

Әбілқайыр Сқақов: Жастар ауылдан кетпеуі үшін жағдай жасау қажет
23:36 29.09.2022  223

Павлодарда "Асфальтобетон-ПВ" ЖШС-де өрт шықты
23:15 29.09.2022  212

Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде алты ауданның өнімі ұсынылады
22:19 29.09.2022  230