Павлодар облысында жұмыртқа тағы да қымбаттады
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Павлодар облысында жұмыртқа тағы да қымбаттады 12.10.2021

Павлодар облысында жұмыртқа тағы да қымбаттады

Кейбір сауда орындарында бір аптаның аралығында жұмыртқа ондығының бағасы бірден 40-50 теңгеге өскен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің тізіміне кіретін өнім бағасының құбылуына не себеп? Бұған қатысты өндірушілер мен жергілікті билік не дейді?

Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, облыс тұрғындары күніне 550 мың дана жұмыртқаны тұтынады. Өңірдегі екі ірі өндіруші - «Павлодар-Құс» пен «Шарбақты-Құс» фабрикалары бұл сұранысты толығымен өтеп отыр. Жергілікті кәсіпорындарда тәулігіне 600-650 мың дана жұмыртқа шығарылып, облыстағы дүкен сөрелерінен орын алады.

Қыркүйек айының соңғы күндері бірінші санатты жұмыртқаның ондығы орта есеппен 400 теңге болса, бүгінгі баға - 450 теңге. Кейбір әлеуметтік дүкендерде 445 теңгеден сатылады. «Small», «Лидер» супермаркеттері мен «Greenwich» гипермаркетінде қағаз қаптамаға салынған, бірінші санатқа жататын жұмыртқаның он данасының бағасы 485 теңгеден басталып, 530 теңгеге дейін жетеді.

Ал облыс әкімінің қаулысымен бекітілген құжатта төртінші тоқсанда, яғни қазан айынан бастап аймақтағы сауда орындарындағы жұмыртқаның бағасы 369 теңгеден аспауы тиіс еді. Тауар өндірушілер жергілікті билік белгілеген шекті баға мен дүкен сөрелеріндегі бағаның арасында айтарлықтай айырмашылықтың болуын жем-азықтың қымбаттауымен байланыстырады.

Жұмыртқаның өзіндік құнын қалыптастыруда бидай бағасы 60 пайызды құрайды. Өткен жылы оның бір тоннасы 90-100 мың теңге аралығында болса, биыл 110-115 мың теңгеге сатылуда. Яғни, бидай бағасы 20 пайызға өскендіктен, жұмыртқаның өзіндік құны да артты.

«Павлодар-Құс» ЖШС бас директоры Ербол Досыбаев «жұмыртқа бағасы қымбаттады деу - дұрыс емес» дегенді алға тартады. Кәсіпорын басшысының пайымынша, өнімнің құны былтырғы бағасына қайтып келді.
- Сатып алушылардың басым бөлігі кез келген тауар бағасының өскенін байқап, арзандағанына назар аудара қоймайды. Мәселен, жазда жұмыртқа бағасының төмендеуі - жыл сайын қайталанатын қалыпты жағдай. Себебі бұл уақытта тұрғындар тарапынан сұраныс азаяды, жеке аулалар өнімді сатылымға шығарады және Ресейдің, еліміздің өзге облыстарынан жұмыртқа жеткізіледі. Сәйкесінше, баға да түседі. Күзде керісінше сұраныс артып, өнім көлемі азаяды. Бұл жұмыртқаның маусымаралық жағдайға дейінгі бағамен қайта сатылуына әсер етеді, - дейді Ербол Досыбаев.
Бұл ретте атап өтер жайт, жергілікті билік тұтынушылар тарапынан зор сұранысқа ие бірінші санаттағы жұмыртқа бағасын ғана реттеп, бақылауға құқылы. Бүгінде 540-560 теңге тұратын, қағаз қаптамаларға салынған, іріктелген, жоғары санатты өнім әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне кірмейді. Демек, құзырлы органдар олардың бағасын белгілеу ісіне араласа алмайды.

Есесіне аймақтағы өндірушілермен, сауда орталықтарымен меморандумдар жасау арқылы бірінші санаттағы жұмыртқа бағасын реттеуге мүмкіндік бар. Мәселен, «Шарбақты Құс» кәсіпорнына мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие берілді. Өз кезегінде аталмыш фабрика әлеуметтік дүкендерге жұмыртқа ондығын 285 теңгеден жеткізуі тиіс.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, қыркүйек айында «Шарбақты Құс» 93,2 мың дана жұмыртқаны осындай бағамен босатты. Сол сияқты «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алған «iNmart» сауда желісінің дүкендері жұмыртқа бағасын өсірмеуі шарт. Қазіргі таңда бұл сауда орындарында бірінші санаттағы жұмыртқаның ондығы 355 теңгеден сатылуда.

Сонымен қатар, жергілікті билік нарықтағы жағдайды реттеу үшін қараша, желтоқсан айларында тұрақтан-дыру қорына 4 млн дана жұмыртқа сатып алуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Павлодар облысында 2021 жылдың басында да жұмыртқа бағасы қымбаттаған болатын.

Құндыз Қабылденова
Фото: Константин Шелков

Количество показов: 657

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

«Қазақфильм» «Өліара» тарихи фильмінің түсірілімін аяқтады
19:06 09.12.2021  6

Полицейлер Павлодар облысы 2500 құқықбұзушылықтың жолын кесті
18:33 09.12.2021  12

2021 жылы қазақстандықтар Google-да ең көп іздеген мәліметтер
18:13 09.12.2021  11

«Нұротандықтардың» Павлодардағы бас ХҚКО-ның жұмысына көңілі толмайды
17:42 09.12.2021  19

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
17:11 09.12.2021  20

Павлодарда жас ақындардың тәуелсіздікке арнаған жыр жолдарының жинағы жарық көрді
16:48 09.12.2021  83

Қарағандыда ірі аудандардың бірінің атауы өзгертілді
16:26 09.12.2021  23

Мереке қарсаңында Ертіс ауданының құтқарушыларына сыйлықтар тапсырылды
16:01 09.12.2021  28

Қазақстанда алғашқы 5G-қала іске қосылды
15:28 09.12.2021  35

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы: Не өзгерді?
15:08 09.12.2021  42

Қазақстан жолдары: Сала мен сапа
14:35 09.12.2021  30

Өңірімізге еңбек сіңірген бірқатар адамдарға «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағы берілді
14:06 09.12.2021  35

Шарбақты ауданы тазаланбаған жолдар үшін Павлодар компаниясымен соттасуда
13:02 09.12.2021  37

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі: Ұлттық банк жауабы
12:35 09.12.2021  34

Павлодарда «Есіңе мені алғайсың» премьерасы өтеді
12:03 09.12.2021  46

Павлодарлық дәрігерлер көлік қағып кеткен қыздың жағдайы туралы айтты
11:30 09.12.2021  49

Павлодарлық тұрғыннан психотроптық зат тәркіленді
11:08 09.12.2021  50

Екібастұзда өрт сөндіруші түтін басқан пәтерден төрт жасар баланы алып шықты
10:39 09.12.2021  22

Павлодар облысының алты ауданында бастауыш сыныптар аязға байланысты онлайн режимге ауысты
10:07 09.12.2021  49

Экономикалық көрсеткіште оң өсім көрсеткен өңірлердің бірі - Павлодар облысы
09:35 09.12.2021  47

COVID-19: Павлодар облысында тәуліктік көрсеткіш жаңартылды
09:03 09.12.2021  21

Павлодарда зейнеткер жасөспірімді қағып кетті
08:41 09.12.2021  79

9 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:04 09.12.2021  55

Биліктің мұрны «иіс сезбей» отыр. Ақылы сырғанақтың жыры. Суық пәтерде бүрсеңдеуде.
22:14 08.12.2021  53

«Омикрон»: Жаңа штамм қаншалықты қауіпті?
21:40 08.12.2021  68

Павлодарда музыка мектебінің түлектері ерекше концерт өткізді
21:06 08.12.2021  31

Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы отбасылық суреттерін жариялады
20:33 08.12.2021  85

Павлодар облысының бас дәрігері: Қонаққа баруды қою керек
20:07 08.12.2021  76

Covid-19: Павлодар облысында өкпесі толық зақымданған жаңа босанған әйел көз жұмды
19:35 08.12.2021  77

Коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс павлодарлықтар қашан толық екпе алады?
19:04 08.12.2021  86

Қазақстандық дәрігерлерге үстемеақы төленеді
18:28 08.12.2021  83

Павлодар облысына жалғыз Олимпиада жүлдесін ұтып берген спорт түрінің халі қалай?
18:12 08.12.2021  117

Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
17:43 08.12.2021  97

Павлодар облысында байқаудан соң төбелес шығарған әйел сот алдында жауап берді
17:03 08.12.2021  89

«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемін алуға байланысты мәлімдеме жасады
16:36 08.12.2021  99

Павлодарлық хирургтар күйіктен кейін бірегей ота жасайды
16:04 08.12.2021  109

Мәскеуде аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті
15:37 08.12.2021  86

Павлодарлық келіншектен 5 млн теңге жымқырған Омбы тұрғыны әуежайда қолға түсті
15:06 08.12.2021  116

Қай жастағы балалар коронавирусты жиі жұқтырады
14:24 08.12.2021  98

Павлодарда қант зауытын әзірлеуге Түркия компаниясы кірісті
13:32 08.12.2021  104

Павлодарлық ветеринар Грэпплинг Ги спортынан ел чемпионатының жүлдегері атанды
13:07 08.12.2021  103

Әлемде соңғы бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 10% өсті
12:29 08.12.2021  104

Павлодар облысында ірі қара мал сатып алған шаруалар тығырыққа тірелді
12:01 08.12.2021  122

Қазақстан халқының ішінде қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті
11:34 08.12.2021  107

Павлодарға Түркиядан келген профессор IT студенттеріне дәріс оқиды
11:02 08.12.2021  148

Қазақстандықтар ақшаларын қалай сақтайды?
10:33 08.12.2021  126

Ақсуда спорт кешенінде Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген
10:02 08.12.2021  122

COVID-19: Павлодар облысында эпидахуал тұрақты
09:33 08.12.2021  125

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды
09:01 08.12.2021  118

Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін
08:23 08.12.2021  171

8 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:01 08.12.2021  124

Усолка шағын ауданында кейбір үйлерде су болмайды
21:07 07.12.2021  146

«Жеңілдікпен массажер сатамын»: Павлодарда алаяқтар зейнеткерді алдап кеткісі келген
20:32 07.12.2021  156

Павлодар облысында бала емізетін 600-ге жуық әйел Pfizer екпесін алған
20:07 07.12.2021  157

Павлодарда алимент төлеуден жалтарған ана ұсталды
19:22 07.12.2021  171

Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары арасында байқау өтеді
19:05 07.12.2021  163

ДДСҰ безгектен өлім көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді
18:35 07.12.2021  153

Павлодар облысында мемлекеттік шекарадан ресейлік екі азамат өте алмады
18:04 07.12.2021  176

Парижде Абай бюсті ашылды
17:40 07.12.2021  178

Павлодарда металлургия бойынша диссертациялық кеңес ашылды
17:01 07.12.2021  201