Павлодар облысының мемлекеттік аппаратында басшылар тым көп - Әбілқайыр Сқақов
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Павлодар облысының мемлекеттік аппаратында басшылар тым көп - Әбілқайыр Сқақов 18.09.2020

Павлодар облысының мемлекеттік аппаратында басшылар тым көп - Әбілқайыр Сқақов

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мамыр айында басталған аймақтағы барлық деңгейдегі әкімдіктердің қызметін функционалды талдаудың аралық нәтижелерімен бөлісті және облыс әкімдігінің азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау бөліміндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысы әкімдігінің жүйесінде бір басшыға 2,5-тен 5-ке дейін орындаушы келеді. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, бұл басқарушылық нормасынан айтарлықтай асып түседі. Оңтайлы көрсеткіш 1 басшыға 7-10 орындаушыдан болуы тиіс.

- Басқаша айтқанда, Павлодар облысының мемлекеттік аппаратында басшылар тым көп, - дейді Әбілқайыр Сқақов. - Менің ойымша, оңтайландыру басқарушылардың санын қысқартудан басталуы керек. Басшылар аз - жауапкершіліктері жоғары.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, облыста әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың жанында 251 комиссия жұмыс істейді. Бұл да тым көп екеніне аймақ басшысы сенімді. Оның үстіне, бұл комиссиялардың жұмысына 2000-нан астам мемлекеттік қызметші қатысады, ал комиссиялардың шешімдерінің өзі тек ұсыныс сипатында болады.

- Олар жиын өткізіп, көптеген мәселелерді талқылайды. Егер бұл функционал үшін білдей бір басқарма жауап берсе, онда ол жиындар қаншалықты тиімді? Онда несіне адам және уақыт ресурстарын ысырап етеміз. Оларды да оңтайландырып, балалардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және тағы басқалары сияқты маңыздыларын қалдыру керек, - деп Әбілқайыр Сқақов өз пікірімен бөлісті.

Функционалды талдаудың басқа негізгі нәтижелері көптеген салаларда орта мерзімді жоспарлаудың болмауы, бюджетті сапалы нәтиже үшін жұмсамау және сандық бизнес үрдістердің болмауы болып табылады.

Әбілқайыр Сқақов формализмнен аулақ болу - Павлодар облысының әкімдігі жүйесінде болып жатқан және алдағы өзгерістердің негізгі міндеттерінің бірі екенін айтты. Мәселен, облыс әкімшілігі азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәсілдерін қайта қарады. Егер бұрын бейінді бөлімнің мақсаты жауаптар уақытын бақылау болса, енді осы жауаптардың сапасын бақылауға баса назар аударылды.

- Мақсат - заңдағы белгілі бір бапқа ғана сілтеме жасайтын жауаптар тәжірибесінен аулақ болу - адам оны оқиды және ол жерде өзін көрмейді. Ең бастысы – адамдардың өтінішіне нақты көмек болатындай әрекет ету. Ал егер бұл мемлекеттік органның қолынан келмесе, онда оны түсіндіруге болады. Қазір арнайы жүйе жұмыс істейді. Ол барлық өтініштерді салалар бойынша бөледі, жауап берілген, мерзімі өткен және тағы басқа өтініштердің санын көрсетеді. Сондықтан біз сол немесе басқа салалардың қалай жұмыс істейтінін байқаймыз. Оның ішінде бұл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалауға әсер етеді, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Павлодар облысы әкімінің ақпараты бойынша, функционалдық талдау аяқталу сатысында. Оның нәтижелері бойынша ықшам және тиімді басқарылатын өңірлік мемлекеттік аппарат құруға бағытталған шешімдер қабылданатын болады. Квазимемлекеттік секторда мұндай жұмыс басталып та кетті: жергілікті ӘКК-де басшылар санын және штатты төрттен бірге қысқартты. Облыс әкімінің аппараты Әбілқайыр Сқақовтың есептеуі бойынша қазірдің өзінде 25 пайыздық қысқартуға дайын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс әкімі Pavlodarnews.kz ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Павлодар облысының барлық деңгейдегі әкімдіктерінде функционалдық талдау жүргізіліп жатқанын және қазірдің өзінде кейбір кемшіліктер бар екенін айтты.

Количество показов: 811

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Бразилияда көшкін жүріп, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
18:41 01.12.2022  

Екібастұзда жылытқыштарды қосқаннан электр сымдары балқып тұтану фактілері жиіледі
18:12 01.12.2022  9

Балалар балабақшада тоңып отыр. Ақсу білім беру бөлімі түсінік берді
17:37 01.12.2022  11

Ауғанстандық әйелдерге саябақта қыдыруға тыйым салынды
17:08 01.12.2022  16

«Жылу деңгейі төмен»: Павлодардағы жер үй тұрғындары наразылықтарын білдірді
16:33 01.12.2022  15

Павлодарда автокөлік салондарынан ұрлау фактісі көбейді
16:06 01.12.2022  27

Банкроттық рәсімдеген жеке тұлғаға қандай шектеулер қойылады
15:38 01.12.2022  30

Екібастұз қаласында ұрлық және тонау фактілері тіркелген жоқ
15:01 01.12.2022  32

Екібастұзда жарықсыз қалған үйлерге күннің соңына дейін электр қосылады
14:06 01.12.2022  35

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін
13:33 01.12.2022  42

Павлодар облысына Ресейден салық аз төлеу үшін «арзан бағадағы» астық жиі кіреді
12:42 01.12.2022  54

Екібастұзда тұрғындардың өздігінен әрекет етуі станцияға үлкен шығын келтіруде
12:02 01.12.2022  79

Павлодар облысында Абай Құнанбайұлының алғаш жарық көрген кітабы табылды
11:37 01.12.2022  51

Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды
11:08 01.12.2022  80

Павлодарлық студент әлем чемпионы атанды
11:03 01.12.2022  48

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылды
10:54 01.12.2022  79

+3°С. Павлодар облысында желтоқсан айында ауа райы жылы болады
10:34 01.12.2022  73

Павлодар облысында мас жүргізушілердің саны азаймай тұр
10:08 01.12.2022  47

Салтанат Байқошқарова: «Диззи» ішкен келіннен дені сау бала туа ма?
09:41 01.12.2022  59

Екібастұзда сегіз көп қабатты үйдің тұрғындары жылыту пунктіне көшірілді
09:08 01.12.2022  77

Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды
08:35 01.12.2022  51

1 желтоқсанда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
08:06 01.12.2022  51

Кінәлі адамдар жауапқа тартылады – Әлихан Смайылов Екібастұздағы ТЖ туралы
23:33 30.11.2022  111

Павлодарда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралады
23:07 30.11.2022  82

Екібастұздықтарға ТЖ кезіндегі нысындардың жұмысы туралы айтылды
22:09 30.11.2022  69

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұзға келді
21:30 30.11.2022  85

«Секундына жиырма қоңырау». «Жастар рухы» екібастұздықтарға көмектесуде
21:06 30.11.2022  90

Екібастұзда негізгі ақау шыққан құбырларға су толтырылуда
20:39 30.11.2022  103

Ақсу қаласында заңсыз кәсіппен айналысып жүрген шетелдік ұсталды
19:41 30.11.2022  87

Екібастұздағы апатты жою жұмысына 250-ден астам маман жұмылдырылды
19:17 30.11.2022  87

Павлодарда № 41 қосымша автобус енгізілді
18:36 30.11.2022  97

Екібастұзда тұрғындардың үйлеріне дейін жылытқыштар жеткізілуде
18:13 30.11.2022  97

Екібастұзда электр энергиясын заңсыз сату фактісі анықталды
17:21 30.11.2022  128

Екібастұздағы апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бірнеше департамент жүргізеді
17:09 30.11.2022  130

Екібастұзда өткен түнде қанша үйге жылу берілді
15:36 30.11.2022  93

Екібастұзда электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеу механизмі қарастырылады
15:12 30.11.2022  97

Төтенше жағдайдан зардап шеккен екібастұздықтардың шығындары өтелетін болады
14:32 30.11.2022  103

Екібастұзда кешке дейін 17 көпқабатты тұрғын үйге жылу беріледі
13:26 30.11.2022  121

Депутат магистраль желілерін жаңғыртуға бөлінген қаражатты тексеруді сұрады
13:08 30.11.2022  126

Екібастұздағы жылыту орындары бір уақытта төрт мың адам қабылдай алады
12:10 30.11.2022  115

Павлодар колониясының қызметкері сыбайлас жемқорлық үшін бас бостандығынан айырылды
11:40 30.11.2022  122

Павлодарда құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жертөлесінде қоқыс өртенді
11:09 30.11.2022  144

Екібастұзда үй өртенді (ВИДЕО)
10:41 30.11.2022  146

Екібастұзда негізгі магистраль қалпына келтірілуде
10:18 30.11.2022  133

Усолкадағы экосаябақта жыл бойы істейтін ана мен бала бөлмесі және әжетхана болады
09:42 30.11.2022  147

Қатар-2022: Иранды жеңген АҚШ плей-офқа жолдама алды
09:11 30.11.2022  130

Аяз: Павлодарда оқушылар онлайн форматта оқиды
08:25 30.11.2022  136

Сәрсенбі күні Павлодар облысында -25 градус аяз болады
08:02 30.11.2022  136

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары: «Кінәлілер қатаң жазаланады»
02:04 30.11.2022  150

Жұманғарин Екібастұз тұрғындарына: Барлық шығын өтеледі
01:47 30.11.2022  171

Екібастұздағы апатпен күресіп жүрген бригадалар санын арттыру керек
01:21 30.11.2022  181

Екібастұзға Премьер-Министрдің орынбасары мен төтенше жағдайлар министрі келді
23:55 29.11.2022  184

Екібастұзда тікелей эфир кезінде түкірген мәжілісмен айыппұл арқалады
21:39 29.11.2022  180

Екібастұзда жылусыз қалған үйлердің саны артты
21:02 29.11.2022  164

Екібастұздағы жағдай реттелгенге дейін оқушылар мен студенттер онлайн оқиды
20:45 29.11.2022  189

Павлодарда «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» білім грантына байқау жарияланды
20:14 29.11.2022  168

Павлодар - Абай облыстарына қатынайтын автожол жабық
19:46 29.11.2022  168

Павлодарда гаражда тұрған BMW өртенді
19:03 29.11.2022  163

Антимонополистер: Тарифті көтеру Екібастұзды жылумен қамту мәселесін шешпейді
18:41 29.11.2022  157

Екібастұзда жұмысшыларға арналған шағын қонақ үй ашылды
18:03 29.11.2022  175